2019 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Бас прокуратураның Ішкі аудит департаменті облыстардың 3 прокуратурасында, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің 5 аумақтық департаменттерінде сәйкестік аудитін өткізді.
Қабылданған шаралар барысында аудиторлық ұйымдарға практикалық көмек көрсетілді, бюджет қаражатын тиімді пайдалану, бюджеттік заңнама мен осы саладағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің сақталуы туралы ұсыныстар берілді.
Тексеру нәтижелері бойынша Бас Прокурор «Аудиторлық қызмет барысында анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау туралы» шешім қабылдады.
Тексеру нәтижелері прокуратураның аумақтық органдарының аппараттық мәжілісінде қаралды, бұзушылықтарды жою және болашақта олардың алдын-алу бойынша шаралар қабылданды.
Бас прокуратураның ішкі аудит бөлімі