19.06.2014 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Тәртіптік кеңесі прокурорлық қадағалау актілері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін мемлекеттік органдардың 13 лауазымды тұлғасын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдады.
Жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінің 7 басшысына, оның ішінде 2 облыстық деңгейдегі басшыларға қатысты прокурорлық ықпал ету актілері жіберілді.
Мәселен, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармаларының басшыларын жазалау, сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының халқын жұмыспен қамту және үйлестіру мәселесі басшылық лауазымдарға заңсыз тағайындалғаны үшін қозғалды. Тәртіптік кеңес оларды жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдады.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасарларын, Зайсан ауданының сәулет және қала құрылысы, Семей қаласының тұрғын үй және қоғамдық көлік және жолаушылар автомобиль жолдары мен автомобиль жолдары, Шемонаиха ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшыларын ұстауға шешім қабылданды.