Бас прокуратура сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жүйелі шараларды жүргізуде.
Сонымен, қазан айында Бас прокуратураның ішкі тергеу басқармасы Алматы облысы Қарасай ауданының прокуроры Д. Аязбаевтың аумағы 6 га болатын 102 жер учаскесін заңсыз қайта тіркеуге және нысаналы мақсатын өзгертуге заңсыз араласқанын анықтады.
Өз билігін асыра пайдаланғаны үшін Аязбаев сотқа жіберіліп, теріс себептермен арнайы атақтан айырылып, прокуратурадан шығарылды.
Заңсыз ресімделген учаскелер мемлекеттік жер қорына қайтарылды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 19 қазанында ішкі тергеу бөлімінің қызметкерлері кәсіпкерді жалпы қорғау үшін 750 мың теңге көлемінде пара алған кезде, Қостанай облысы Таранов ауданының прокуроры М. Жалабаевты ұстады.
Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, Шалабаев уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Баспасөз қызметі
Бас прокуратура