«Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №150 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

2021 жылғы 6 қаңтарда НҚА ашық деректер интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=3611064) Қазақстан Республикасы Президентінің  «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы  29 желтоқсандағы №150 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы  Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлық жобасы (бұдан әрі ­– Жарлық жобасы) орналастырылды.

Жарлық жобасы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарды санат топтары бойынша бөлу кезінде бірыңғай тәсілдерді қамтамасыз етеді және Бас прокуратураның орталық аппаратының 27 мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдарын  «С» санатынан «В» санатына ауыстыруды көздейді.    

Бүгінгі таңда Саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдар тізбесіне сәйкес (29.12.2015ж. №150 Жарлық) Бас прокуратураның мемлекеттік әкімшілік қызметшілері «С» санатының тобына жатқызылған, ал Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері «В» санаттарының тобында.

Жарлық жобасын жария талқылау 10 жұмыс күн ішінде жүргізіледі.

«Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №150 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Дата публикации
14 января 2021