Премьер-Министрдің 10.08.2026 жылғы № 133-ө «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызметшілердің құқықтық жағдайын жетілдіру, қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы»
өкімін іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Бас прокуратураға 2 құқықтық акті бекітілген, оның ішінде:
- «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен келісуде;
- «Әскери прокуратура органдары әскери қызметшісінің кәсіби құзыретін, негізгі көрсеткіштерін айқындаудың және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингті) есептеп шығарудың тәртібі мен әдістерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының бұйрығы 2026 жылғы 4 қыркүйекте бекітілді.
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы