Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы 2009 жылғы 16 наурыздағы қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісім (2012 жылғы 22 қыркүйекте күшіне енді).
Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы ұстап беру туралы 2003 жылғы 13 қарашадағы шарт (2012 жылғы 10 қыркүйекте күшіне енді).
Қазақстан Республикасы мен Монғолия арасындағы қылмыс жасаған адамдарды оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту немесе үкімді орындау үшін 1993 жылғы 22 қазанда беру туралы келісім (1994 жылғы 21 желтоқсанда күшіне енді).
Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және адамдарды беру туралы 1995 жылғы 15 тамыздағы келісім (2000 жылғы 12 шілдеде күшіне енді).
Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасындағы азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы 1994 жылғы 9 тамыздағы келісім (1999 жылғы 8 сәуірде күшіне енді).