Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы ___ желтоқсандағы заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы
- Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы __ желтоқсандағы заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
- Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тізбеге сәйкес құқықтық актілер әзірленіп қабылдансын.
- Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы келесі тоқсандағы айдың 20-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
Премьер-Министр А. Мамин