GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

БП
Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Прокуратура туралы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
16 октября 2026
Сумен қамту жүйесі мемлекет меншігіне қайтарылды

БҚО Теректі ауданы прокуратурасының тексеру нәтижелері бойынша жалпы құны 4,3 млрд теңгені құрайтын сумен жабдықтау жүйесінің 6 нысаны мемлекет меншігіне қайтарылды.

Қабылданған шаралар ауданның 4 елді-мекеніндегі 283 абонент үшін ауызсу тарифін 4,5 есеге төмендетуге мүмкіндік береді.

Тексеру барысында 2015–2025 жылдар аралығында ауданның 25 елді- мекенінде салынған су мұнаралары мен сумен жабдықтау желілері уақтылы ресімделмегені және коммуналдық меншікке алынбағаны анықталды.

Осының салдарынан мемлекеттік субсидиялар бөлінбей, 886 абонент үшін ауызсу тарифі 666,7 теңгеден 150,8 теңгеге дейін төмендету мүмкіндігі болмады.

Қалыптасқан жағдай мемлекеттік мүлікті тиісінше есепке алмау тәуекелдерін туындатып, нысандарды одан әрі пайдалану және халықты ауызсумен қамтамасыз ету мәселелеріне кері әсер етуі мүмкін еді.

Қазіргі уақытта сумен жабдықтау жүйесінің қалған 19 нысаны мемлекеттік тіркеуден өткізу сатысында.

13 октября 2026
Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы 4 720 жұмыскердің конституциялық құқықтарын қорғады

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасымен еңбек заңнамасының сақталуына талдау жүргізілді.

Талдау нәтижесінде 51 ұйымда қызметкерлерді еңбек міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың болмау фактілері анықталды.

Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде 4 720 қызметкердің конституциялық құқықтары қалпына келтіріліп, олар еңбек міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырумен қамтылды.

Қабылданған шаралар өндірістік жарақат алу, еңбекке қабілеттілігінен айырылу немесе қызметкердің қайтыс болуы жағдайында олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыс жалғасуда.

10 октября 2026
Әкімшілік жауаптылыққа басқарма басшысы тартылды

Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданының прокуратурасымен Кәсіпкерлік кодексінің талаптарының сақталуына мониторинг жүргізу барысында Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының басшысы «Ел-Даулет» асханасын тексеру нәтижесімен асхананы тоқтату туралы ұйғарым шығару барысында аудандық прокуратураны ескертпеген. Осылайша Кәсіпкерлік кодексінің 153-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасының талаптары бұзылған.

Аталған заң бұзушылық бойынша аудандық прокуратурамен Бөкей ордасы ауданының санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының басшысы ӘҚБтК-тің 666-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оған 432 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Бүгінгі таңда айыппұл толықтай өндірілді.

Прокуратура бұндай заң бұзушылықтарға жол берілген жағдайда әкімшілік жауаптылықтың көзделгені туралы ескертеді.

09 октября 2026
Пайдаланылмаған жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды

Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау барысында жер пайдаланушылардың ұзақ уақыт бойы жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбағанын анықтады.

Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде жалпы алаңы 6 200 гектардан астам, кадастрлық құны 75 млн теңгеден асатын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Қазіргі уақытта аталған жер учаскелері заңды экономикалық айналымға енгізілуде.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдарға Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес қайтарылған жер учаскелерін ауылдық жерде тұратын адал ниетті субъектілерге беру жөнінде тиісті бағдар берілді.

08 октября 2026
600-ден астам баланың пайдасына 250 млн теңгеден астам алимент өндірілді

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы Әділет департаментімен және Өңірлік жеке сот орындаушылары палатасымен бірлесіп алимент өндіру бағытындағы жұмысты жалғастыруда.

2026 жылдың өткен кезеңінде алимент төлеуден жалтарған 13 борышкер қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

Мәселен, «А» азаматы 2024 жылдан бері баласын асырауға алимент төлемеген. Алайда осы уақыт аралығында ол бәс тігуге шамамен 4 млн теңге жұмсаған.

Осыған байланысты борышкерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы (алимент төлеу жөніндегі міндеттерді орындаудан жалтару) бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Қылмыстық іс тергеу барысында борышкер 2,6 млн теңге көлеміндегі алимент берешегін толық өтеді.

Жалпы, биыл прокурорлардың қабылдаған шараларының нәтижесінде 600-ден астам баланың мүддесіне 250 млн теңгеден астам алимент өндірілді.

Сонымен қатар, сот орындаушылары тарапынан жіберілетін заң бұзушылықтарға жедел ден қою мақсатында биылғы тамыз айынан бастап облыста Call-орталық жұмыс жасайды.

Телефоны: 8 708 024 89 30.

Облыс прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп алименттерін уақтылы төленуін қамтамасыз ету, борышкерлердің жауаптылығының бұлтартпастығын қамтамасыз ету және әрбір баланың заңды құқықтарын қалпына келтіру жұмысын жалғастырады.

Аталған жұмыс «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасының қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылуда.

 

07 октября 2026
Шекара мәселесі басты назарда

Батыс Қазақстан облысында облыс прокуроры Нұрбек Ұласбекұлының төрағалығымен «Шаған» өткізу пунктінде мемлекеттік шекарадағы заңдылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің проблемаларына арналған Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Кеңеске облыс әкімі Нариман Төреғалиев, Шекара қызметінің, ұлттық қауіпсіздік оргадарының, полиция департаментінің және өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Қатысушылар өткізу пунктінің қызметімен, инфрақұрылымының жай-күйімен және техникалық жарақтандыруымен танысты, сондай-ақ өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылады.

Соңғы 5 жылда мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өтуге байланысты 143 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді.

Сонымен қатар, заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға байланысты 35 қылмыстық құқық бұзушылық орын алған болса, 2 жылда шекара және көші-қон режимін бұзуға байланысты 2 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген.

Осы жылдың өзінде заңсыз тауар өткізуге байланысты 500-ге жуық әрекетіне тосқауыл қойылды.

Шекарамен байланысты барлық проблемаларды өзара бірігіп шешудің 3 жылға арналған тұжырымдамасы жасақталды.

Құжат шекара қызметінің инженерлік инфрақұрылымын жаңарту, қызметті цифрландыру, өткізу пункттерін дамыту және техникалық жарақтандыру, көші-қон бақылауын жетілдіру бойынша нақты шараларды көздейді.

 

05 октября 2026
Педагогтердің кәсіби мерекесіне орай прокуратура олардың қоғам дамуына қосқан үлесін атап өтті және құқықтарын қорғады

Батыс Қазақстан облысының прокуратура органдарымен білім беру саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету және педагогтердің құқықтарын қорғау бағытында тұрақты негізде жұмыстар жүргізілуде.

Педагогтердің қызметі білім беру үдерісінде ғана емес, сондай-ақ өскелең ұрпақтың құқықтық санасын, жауапты мінез-құлқын және заңға деген құрметін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Ұстаздар күнін мерекелеу аясында облыс прокурорының атынан балалардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейтуге елеулі үлес қосқан педагогтерге алғыс хаттар табысталды.

Бұдан бөлек, білім беру саласы қызметкерлерінің бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылданды.

Атап айтқанда, жүргізілген талдаулардың нәтижелері бойынша білім беру ұйымдарының 1 143 қызметкерінің іссапар шығындарын алу, еңбек шарттарын заңнама талаптарына сәйкестендіру, сондай-ақ оқу жүктемесін бөлу кезінде тең қолжетімділікті қамтамасыз ету бағытында құқықтары қорғалды.

Сондай-ақ, зейнеткерлік жасқа толған 64 педагогтің құқықтары қалпына келтіріліп, оларға жалпы сомасы 11 млн теңгеден астам тиесілі өтемақы төленді.

Заңдылықты қамтамасыз ету, педагогтердің құқықтарын қорғау және білім беру саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.

03 октября 2026
1 мыңнан астам балаға жеңілдікпен жол жүру құқығы берілді

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының прокуратурасы аудандық мәслихаттың «Бөрлі ауданы жолаушыларының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» шешіміне жүргізілген талдау барысында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қозғайтын бұзушылықтарды анықтады.

Атап айтқанда, қолданыстағы мәслихат шешімінде 16–17 жас аралығындағы кәмелетке толмағандарға жол жүру ақысына 50% жеңілдік қарастырылмағаны анықталды.

Осының салдарынан аталған жас санатындағы оқушылар қоғамдық көлікте жол жүру ақысын толық тариф бойынша төлеп келген.

Прокуратураның қадағалау актісі негізінде мәслихат шешіміне тиісті өзгерістер енгізіліп, қазіргі уақытта Ақсай қаласында кәмелетке толмаған жолаушы үшін жол жүру ақысы 50 теңгені құрайды.

Осыған ұқсас жеңілдік тарифі ауданның өзге де маршруттарында белгіленді: кәмелетке толмағандар үшін жол жүру құны 50 пайызға төмендетілді.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 1 155 кәмелетке толмағанның құқықтары қалпына келтірілді.

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ заңнама талаптарының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жалғастыруда.

28 сентября 2026
Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы 15 мыңнан астам баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етті

«Заң мен тәртіп» идеологемасын және «Қауіпсіз өңір» жобасын іске асыру аясында Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы жалпы білім беретін ұйымдарға іргелес аумақтардың жарықтандырылу жағдайына мониторинг жүргізді.

Аталған жұмысты жүргізуге, оның ішінде, мектептер маңындағы жекелеген учаскелерді қосымша жарықтандыру қажеттілігі туралы тұрғындардың өтініштері негіз болды.

Мониторинг нәтижесінде жарықтандырылмаған немесе жарықтандыру деңгейі жеткіліксіз учаскелер анықталды. Бұл жағдай қараңғы уақытта балалардың қауіпсіздігіне қосымша қауіп төндірген.

Қаладағы әлеуметтік жауапкершілігі жоғары кәсіпкерлердің қолдауымен 17 мектептің маңындағы жарықтандырылмаған учаскелер толықтай жарықтандырылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде оқушылардың білім беру ұйымдарына бару және үйлеріне қайту кезінде қауіпсіз жүріп-тұру жағдайлары жақсарды. Осылайша, 15 мыңнан астам кәмелетке толмаған баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қамтамасыз етілді.

Балалар үшін қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету бағытындағы прокуратура жұмысы жалғасуда және тұрақты бақылауда.

 

16 сентября 2026
Медициналық сақтандыру жарналарын уақтылы аудармау фактілері анықталды

БҚО Қаратөбе ауданының прокуратурасы медициналық сақтандыру туралы заңнаманың сақталуын талдау барысында жұмыс берушілердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға 2 млн теңгеден астам аударымды уақтылы төлемегенін анықтады. Бұл 123 жұмыскердің кепілдендірілген медициналық көмек алумен байланысты конституциялық құқықтарын іске асыруын шектеген.

Аталған бұзушылықтар «Қаратөбе» спорт клубы» МКҚК және «Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Қаратөбе аудандық демалыс орталығы» МКҚК-ның 2024–2026 жылдардағы қызметінде анықталды.

Прокуратураның ұсынуы бойынша берешек толық өтеліп, аталған кәсіпорындардың директорлары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 92-1-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Прокуратура жарналар мен аударымдарды уақтылы төлеу азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі екенін еске салады.

Социальные сети
telegram
youtube
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы