

Ермеков Жұмабай Амантайұлы, 1980 жылғы, білімі жоғары, Орталық Азия университетін аяқтаған.
Еңбек жолын 2002 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша ЦПСиИ бас маманы болып бастады.
2002-2005 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚСжАЕБ әртүрлі қызметтерді атқарған.
2005-2008 жылдары Орал қалалық прокуратурасы бөлімінің көмекшісі, аға көмекшісі, аға прокуроры, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы прокуратурасы басқармасының аға прокуроры қызметтерін атқарды.
2008-2010 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы прокурорының аға көмекшісі, Батыс Қазақстан облысы прокуратурасы басқармасының прокуроры және аға прокуроры қызметтерін атқарған.
2010-2012 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы прокурорының орынбасары қызметін атқарған.
2013-2014 жылдар аралығында Қызылорда және Маңғыстау облыстары прокуратураларында түрлі қызметтер атқарған.
2016-2018 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде еңбек етті.
2018-2024 жылдар аралығында Орал көлік прокуратурасының прокуроры, Жаңақала ауданы прокуратурасының аға прокуроры, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы прокурорының орынбасары қызметтерін атқарған.
Үйленген, үш баласы бар.