
Жетісу облысының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің үйлестіруімен инвестордың құқығын қорғап, кәсіпорынға артық төленген қосылған құн салығының (ҚҚС) 14,6 млн теңгеден астам сомасын қайтаруға көмектесті.
Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті жүзеге асырып жатқан Invest Caravan жобасы аясында инвесторға қолдау көрсетілді. Текелі қаласында «Steelers» ЖШС құны 8 млрд теңгеден асатын арматура өндіретін металлургиялық зауыттың құрылысын іске асырып жатыр. Жоба іске асырылғаннан кейін 160 жұмыс орны ашылады.
Жобаны сүйемелдеу барысында прокуратура инвестордың технологиялық жабдықтарды импорттау кезінде қосылған құн салығын артық төлегенін анықтады. Заңнамада көзделген есепке жатқызу тетігінің болуына қарамастан, кәсіпорын бюджетке 14,6 млн теңгеден астам қаржы аударған.
Инвестордың құқығын қорғау мақсатында прокуратура бұл мәселені Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қарауына енгізді. Тексеру нәтижесінде инвестордың уәждері расталып, артық төленген сома кәсіпорынға толық көлемде қайтарылды.
Стратегиялық маңызы бар өнеркәсіптік жобаны іске асыру қосымша әкімшілік кедергілерсіз жалғасып жатыр.
Прокуратура органдары инвестициялық жобаларды іске асырудың барлық кезеңінде инвесторларды сүйемелдеу, әкімшілік кедергілерді жедел жою және бизнестің құқығын қорғау бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастырады.
Жетісу облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге тап болған инвесторларды +7 (771) 131-04-44 телефоны немесе 115 Call-орталығы арқылы хабарласуға шақырады.
Қаратал ауданының прокуратурасы «Айқын нәтиже» жобасы шеңберінде полиция және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейтті.
Аудандық полиция бөлімінің ғимаратында арнайы профилактикалық кабинет ашылып, онда құқық бұзушылық жасаған 33 адаммен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, «Жанұя» отбасын қолдау орталығымен бірлесіп, зардап шеккен 16 тұлғаға, оның ішінде 11 әйел мен 5 кәмелетке толмағанға құқықтық және психологиялық көмек көрсетілуде.
Прокуратура қылмыстық істерді сотқа жедел жолдау тәжірибесін енгізді. Жыл басынан бері Қаратал ауданында 17 адамға қатысты сот үкімдері бір тәулік ішінде шығарылды. Сонымен қатар, ҚР ҚК-нің 98-3-бабына (Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу) сәйкес 11 сотталғанға алкогольдік ішімдіктерді, есірткі құралдары мен психотроптық заттарды тұтынуға толық немесе ішінара тыйым салуды көздейтін ерекше талаптар белгіленді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде Қаратал ауданында отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстар саны 5,6%-ға, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар саны 7,7%-ға, ал алкогольдік масаң күйде жасалған қылмыстар саны 5%-ға төмендеді. Отбасылық-тұрмыстық салада қайталама қылмыстар тіркелген жоқ.
Жетісуоблысыныңпрокуратурасытұрмыстықзорлықзомбылықтыңалдыналуазаматтардыңқұқықтарынқорғаужәнеқұқықбұзушылықтардыңқайталануынажолбермеубағытындағыжұмыстыбарлықаудандардажүйелітүрдежалғастыруда
Жетісу облысының прокуратурасы «Заң мен тәртіп» идеологемасын іске асыру үшін пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды қайта әлеуметтендіру жұмыстарын жалғастыруда. Өңірде 2025 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Пробация үйі» әлеуметтік-профилактикалық жобасы қайталама қылмыстардың алдын алуда және өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға қолдау көрсетуде өзінің тиімділігін дәлелдеді.
Облыс прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп, өңірдің барлық аудандарында құқықтық, медициналық және әлеуметтік қолдау көрсетуді, жұмысқа орналасуға және қоғамға бейімделуге жәрдемдесуді қамтамасыз етуде.
Прокуратура органдарының жұмысы нәтижесінде облыстағы есепте тұрған адамдардың 90%-ы әлеуметтік, құқықтық және материалдық қолдаумен қамтылды.
Ведомствоаралық өзара іс-қимыл арқылы 36 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, 397 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. 197 азаматқа медициналық көмек көрсетіліп, 543 адам білікті психологиялық қолдауға ие болды. Сонымен қатар, 166 адамға заң көмегі көрсетіліп, 35 азамат азық-түлік себеттерімен қамтамасыз етілді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 30 спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Жүргізілген жұмыстың маңызды нәтижелерінің бірі – тұрғын үй мәселесін шешуге көрсетілген көмек. Атап айтқанда, есепте тұрған азаматтардың бірінің отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
Есепте тұрған адамдардың отбасыларындағы жасөспірімдердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға да ерекше көңіл бөлінеді. Жаңа оқу жылының қарсаңында 28 жасөспірім мектеп құралдарымен қамтамасыз етілді.
Жұмыспен қамту, денсаулық сақтау және құқық қорғау мәселелері бойынша кешенді қолдау көрсету құқық бұзушылықтардың алдын алудың және өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды негізі болып табылады.
Жетісу облысының прокуратурасы заңдылықтың сақталуына қадағалауды және азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ете отырып, «Пробация үйі» жобасын іске асыруды жалғастырады.
Жетісу облысында алкогольдік ішімдіктерді тұтынуға байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті нығайту бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
«Заң мен тәртіп» қағидатын басшылыққа ала отырып, Панфилов ауданында «Алкогольсіз ауыл — қауіпсіз қоғам» ұранымен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Негізгі мақсат — алкогольдік масаң күйде жасалатын қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың деңгейін төмендету, салауатты өмір салтын қалыптастыру және тұрғындар мен кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру.
Бұл жұмыстың өзектілігі аталған санаттағы құқық бұзушылықтар деңгейінің сақталуымен байланысты. 2026 жылдың 8 айында ауданда алкогольдік ішімдіктерді тұтынуға байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтар саны 1,7%-ға (417-ден 424-ке дейін), ал қылмыстық құқық бұзушылықтар 4,2%-ға (95-тен 99-ға дейін) өскен.
Жүргізіліп жатқан жұмыстарды ауданның алты ауылдық округінің кәсіпкерлері қолдап, алкоголь өнімдерін сатудан ерікті түрде бас тартты.
2026 жылғы 3 қыркүйекте Панфилов ауданы прокуратурасының бастамасымен заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыру саласындағы өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойылды.
Жүргізіліп жатқан жұмыстар алкогольдік масаң күйде жасалатын тұрмыстық қылмыстар мен өзге де құқық бұзушылықтардың деңгейін төмендетуге, қоғамдық тәртіпті нығайтуға және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді деп күтілуде.
Жалпы, облыс бойынша бүгінгі күнге 25 ауылдық округтің кәсіпкерлері алкоголь өнімін сатудан бас тартты.
Жетісу облысының прокуратурасы құқық бұзушылықтардың алдын алу және «Заң мен тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.
Жетісу облысында сот жалпы құны шамамен 50 млн теңгені құрайтын, шетелдік қатысуы бар жеке компанияның заңсыз иелігінде болған 2,3 мың гектар ауыл шаруашылығы жерін мемлекетке қайтару туралы шешім қабылдады.
Жер заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау барысында аталған жер учаскелері иелігінде болған заңды тұлғаның құрылтайшылары Иранның үш азаматы екені анықталды. Жер учаскелері Ескелді ауданында орналасқан және Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарын бұза отырып берілген.
Мемлекет мүддесін қорғау мақсатында Ескелді ауданының прокуратурасы жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару туралы талап арызбен сотқа жүгінді. Сот талап арызды қанағаттандырып, 2,3 мың гектар ауыл шаруашылығы жерін мемлекетке қайтару туралы шешім қабылдады.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Жалпы, прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде облыста мемлекетке жалпы құны 1,7млрд теңгеден астам болатын 41,1 мың гектардан астам жер қайтарылды.
Жетісу облысының прокуратурасы жер қатынастары саласында заңдылықты қамтамасыз ету және мемлекет мүддесін қорғау жөніндегі жұмысты жалғастыруда.
Жетісу облысының прокуратурасы мен «Әділет» партиясының Жетісу облысы бойынша филиалы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Құжат «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және тұрғындардың құқықтарын қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Токаевтың тапсырмасы негізінде әзірленді.
Кездесу барысында еліміздің конституциялық дамуының жаңа кезеңін айқындаған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының ережелеріне ерекше назар аударылды. Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңның үстемдігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мемлекеттік институттар қызметінің негізгі бағдарлары болып табылады.
Облыс прокуроры Бауыржан Жұмақанов прокуратура органдары бұзылған құқықтарды қорғау және қалпына келтірумен қатар, құқық бұзушылықтардың алдын алу, мемлекеттің мүддесіне жауапкершілікпен қарау, азаматтарымыздың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамда заңға құрмет қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.
«Әділет» партиясы филиалының басшысы Амангелді Есбай қажетті пікірлермен бөлісіп, сапалы қабылдағаны үшін прокуратура ұжымына алғысын білдірді.
Қол қойылған Меморандум құқықтық ағарту, құқық бұзушылықтардың алдын алу, халықтың құқықтық мәдениетін арттыру және азаматтардың құқықтарын қорғау бағыттарындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға негіз болады.
Жетісу облысының прокуратурасы заңдылықты нығайту және қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыру бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастырады.
«Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету туралы Президентіміз Қасым-Жомарт Токаевтың тапсырмасы негізіндегі Бас Прокурор Берік Асыловтың нұсқауын орындау мақсатында Жетісу облысының прокуратурасы облыс әкімдігімен бірлесіп «Еңбекпен – тәртіпке, тәртіппен – табысқа» атты облыстық бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді. Нәтижесінде 300 азамат тұрақты жұмысқа орналасты.
Шараға Жетісу облысының прокуроры Бауыржан Жұмақанов, облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев, мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері қатысты.
100-ден астам жұмыс беруші 700-ден астам бос жұмыс орнын ұсынды. Жәрмеңкеге 789 жұмыссыз азамат, оның 300-ден астамы жастарОдан бөлек түзу жолға түсіп Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп, адал еңбек етем деген жұмыссыз жүрген пробация қызметінің есебінде тұрған 66 адам үміттеніп келіп қатысты.
Бұл шараның негізінде әр еңбектенуге ниеттенген азаматтарымызбен қатар пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтардыда жұмыспен қамтуға ерекше назар аударылды. Оларды жұмысқа орналастыру және әлеуметтік бейімдеу – құқық бұзушылықтардың алдын алудың маңызды тетіктерінің бірі.
Жәрмеңке қорытындысы бойынша 400-ге жуық азамат жұмыспен қамту шараларына жолданды, оның ішінде 300-і тұрақты жұмысқа орналасты. Тағы 200-ге жуық азаматты субсидияланатын жұмыс орындарына жолдау көзделді.
Азаматтарды жұмыспен қамтуға қосқан үлесі үшін 5 жұмыс беруші Жетісу облысы прокурорының, тағы 5 жұмыс беруші облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Облыс прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп, азаматтарды жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімдеу, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту бағытындағы жұмысты жалғастырады.
Қаратал ауданының прокуратурасымен табиғи монополия субъектілерімен қызметтерін көрсету кезінде азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарының сақталуына қатысты бірқатар заңбұзушылықтар анықталды.
Талдау барысында табиғи монополия субъектісі болып табылатын «Қаратал Таза Су» МКК мен тұтынушылар арасында жасалған шарттардың қолданыстағы заңнама талаптарына толық сәйкес келмейтіні анықталды.
Атап айтқанда, шарттарда күші жойылған нормативтік құқықтық актілерге сілтемелердің қолданылғаны, сондай-ақ сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерін көрсетуге арналған үлгілік шарттың талаптары толық сақталмағаны анықталды.
Сонымен қатар, табиғи монополиялар саласындағы заңнама талаптарының сақталуына жүргізілген талдау барысында «Қаратал таза су» МКК, «Жылыту орталығы» ЖШС және «Талдықорған акционерлік электржүйелерінің тасымалдау компаниясы» АҚ тарапынан да заң бұзушылықтар анықталды (ТАЭТК)
Атап айтқанда, «Қаратал таза су» МКК мен «Жылыту орталығы» ЖШС тарапынан заңда көзделген ақпаратты интернет-ресурстарда орналастыру жөніндегі міндеттер тиісінше орындалмаған, ал «ТАЭТК» АҚ тарапынан тұтынушыға электр желілеріне қосылуға арналған техникалық шарт беру кезінде заңнамада көзделмеген қосымша талаптар қойылған.
Анықталған заң бұзушылықтар бойынша жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылып, табиғи монополия субъектілеріне қатысты жалпы 4 671 000 теңге әкімшілік айыппұл салынды.
Прокуратураның қадағалау актісімен 273 кәсіпкердің, оның ішінде 1 инвестордың, сондай-ақ 6 046 тұтынушының құқықтары қорғалып, шарттар сәйкестендірілді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес табиғи монополия субъектілері тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге, заңда белгіленген талаптарды сақтауға және өз қызметі туралы міндетті ақпаратты ашық орналастыруға тиіс.
Осыған байланысты аудан прокуратурасы заң бұзушылықтарды жою, қолданыстағы шарттарды заңнама талаптарына сәйкестендіру, тұтынушылардың құқықтарын қамтамасыз ету және алдағы уақытта осындай фактілерге жол бермеу жөнінде тиісті шаралар қабылдады.
Прокуратура азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау, сондай-ақ табиғи монополия субъектілерінің қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.
Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен заңсыз табыс табу мақсатында құмар ойындарын ұйымдастырған төрт адамның заңсыз қызметі тоқтатылды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында облыстың төрт тұрғынының, олардың біреуі қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде кәмелетке толмаған болған, «TikTok» әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирлерде заңсыз карта ойындарын ұйымдастырғаны анықталды.
Құқыққа қайшы әрекеттерінің нәтижесінде олар 95 млн теңге мөлшерінде заңсыз табыс алған.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді (заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру). Сот үкімімен аталған адамдар кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілей отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды (үкім заңды күшіне енген жоқ)
Жетісу облысының прокуратурасы құмар ойындарды ұйымдастыруға байланысты заңсыз қызметті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен әлеуметтік желілердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып жасалатын құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу бойынша жұмысты жалғастыруда.
Текелі қаласының прокуратурасы білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуына талдау жүргізді. Нәтижесінде 798 қызметкердің еңбек құқықтарына қатысты заң бұзушылықтар анықталды.
Атап айтқанда, қаланың 8 мектебінің ұжымдық шарттары Еңбек кодексінің талаптарына толық сәйкес келмеген. Оларда қызметкерді жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері шақырып алған жағдайда, пайдаланылмаған демалыс бөлігінің өтемақысын төлеу туралы ережелер көзделмеген.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша заң бұзушылықтар жойылды. Ұжымдық шарттар заңнама талаптарына сәйкестендіріліп, тиісті кепілдіктер енгізілді. Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жетісу облысының прокуратурасы білім беру саласы қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қорғау бойынша жұмысты жалғастырады