

1.Әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси салаларда, атқарушылық іс жүргізуде, азаматтық және әкімшілік істер бойынша адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттік заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру;
2.Заңдылықты бұзушылықтарды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ олардың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси салалардағы, атқарушылық іс жүргізудегі, азаматтық және әкімшілік істер бойынша салдарларын анықтау және жою;
3.Құзыретті мемлекеттік органдардың әлеуметтік-экономикалық қоғамдық-саяси салалардағы, атқарушылық іс жүргізудегі, азаматтық және әкімшілік істер бойынша заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу қызметін үйлестіру;
4.Мемлекеттік органдардың норма шығармашылық қызметіне қатысу.