
Шу аудандық прокуратурасымен туберкулезбен ауыратын адамдардың құқықтарын қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органның қызметіне тексеру жүргізілді.
Аудан әкімдігі бір жылдан астам уақыт емделіп жатқан науқастарға заңнамамен қарастырылған ақшалай, әлеуметтік көмек толық көлемде төлемеген.
Бұған аудандық мәслихаттың 21.12.2017 жылғы "Туберкулез" диагнозымен ауыратын науқастарға 1 санат бойынша 6-8 ай және 2 санат бойынша 8-10 ай аралығында 10 мың теңге көлемінде ақшалай көмек көрсету туралы заңсыз шешімі себеп болды.
Прокуратураның ұсынысы бойынша мәслихаттың шешімі өзгертілді, әлеуметтік төлем сомасы 2 есеге, 10 мың теңгеден 21,8 мың теңгеге дейін ұлғайтылды, сондай-ақ әлеуметтік көмек алу мерзімі 12 айға дейін ұзартылды.
Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.