
Жамбыл аудандық прокуратурасымен жергілікті атқарушы органның экологиялық заңнаманы қолдану саласындағы қызметіне талдау жасалды.
Нәтижесінде қатты-тұрмыстық қалдықтар шығарындыларына тарифтерді 38% - ға көтеру фактісі анықталды, бұл 10,5 мыңнан астам тұтынушылардың құқықтары бұзылды.
"Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы"Энергетика министрінің 01.09.2016 жылғы бұйрығына сәйкес ҚТҚ бойынша тарифтерді бекіту туралы аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 18 тамыздағы шешімі бұзушылықтарға жол берілмеуіне себеп болды.
Қазіргі уақытта, ден қою актісінің негізінде мәслихаттың заңсыз шешімінің күші жойылып, тариф сомасы 150 теңгеден 93,91 теңгеге дейін төмендетіліп, кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.