
Шу аудандық прокуратурасымен ойын бизнесін заңсыз ұйымдастырудың жолын кесу бойынша, ойын тәуелділігі байқалған азаматтардың ауыр қылмыс жасау фактілерін анықтауға байланысты шаралар қабылданды.
Мәселен, ауданда қойма меңгерушісі 8 млн.теңгеге ұрлық жасап, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сол сияқты, мал шаруашылығы қызметкері букмекерлік кеңседе 5 млн. теңгеге мүлікті ысырап етті.
Сондықтан, прокурор алдын ала Мемлекеттік кірістер басқармасында ауданда бір ғана тіркелген букмекер кеңсесінің болуын анықтап, уәкілетті органдармен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуді ұйымдастырды.
Нәтижесінде дүкен мен қонақ үйде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырудың екі фактісі анықталды, онда 15 компьютер мен 13 процессор тәркіленді. Кінәлі тұлғалар ҚК-нің 307-бабының 1-бөлігі (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) бойынша сотқа берілді.
Айта кету керек, жыл басынан бері облыс бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырудың 11 фактісі тіркелген, оның ішінде 10 іс сотқа берілді, қазіргі уақытта 2 азамат түрлі жазаға тартылды.