
Жамбыл облысының прокуратурасымен жер қатынастары саласындағы заңдылықтың жай-күйіне ерекше назар аударылады.
Облыстың жергілікті атқарушы органдарының қызметін талдау нәтижелері жерді ұтымды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органдар жұмысының жеткіліксіз тиімділігін көрсетті.
Сонымен, прокуратура органдары ауданы 304 мың га астам 1,6 мыңнан астам пайдаланылмайтын жер учаскелерін (оның ішінде коммерциялық мақсатта шамамен 125 га болатын 179 жер учаскесі) анықтады, олардың кадастрлық құны 3,4 млрд.теңгені құрады.
Оның ішінде, прокуратура органдарының араласуынан кейін мемлекеттік жер қорына 34,8 га астам ауданы 414 жер телімі қайтарылды, жалпы ауданы 205 мың га астам 872 жер учаскесі игерілді.
Барлығы 32 заң бұзушылық анықталды, 24 ұсыныс енгізілді, 24 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 34 әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің бұрынғы басшысы 4 жылға 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.