
Ағымдағы жылдың 26 қазанында, Жамбыл облысының прокуратурасы Тараз қаласында орналасқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы саябақта Жамбыл облысының прокуратура органдарының құрылуына 80 жыл толуына арналған аллея ашылды.
Іс-шараға прокуратура органдарының басшылығы, жедел қызметкерлері, сондай-ақ ардагерлері қатысты.
Облыс прокуроры Ж. Құсайынов әріптестерін құттықтай отырып, тәлімгерлік пен сабақтастық мектебінің дәстүрлерін дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Осының арқасында заң үстемдігін, қоғам мен мемлекеттің конституциялық құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін жоғары білікті прокурорлардың лайықты жас ұрпағы өсіп келеді.
Сондай-ақ, іс-шара барысында прокурорлар саябақта өз қолымен 16 ағаш отырғызды.