
Бүгін, Жамбыл облысы прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау қызметі орталығының алаңында прокуратура, әкімдік, көші-қон, білім беру бөлімі, жұмыспен қамту, пробация орталығы және басқа да уәкілетті органдардың басшылары әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мәселесі бойынша бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаларға сотталған адамдарды қабылдады.
Үлкен қашықтықта тұратын тұлғалар бейнеконференцбайланыс арқылы қабылданып, заңнама талаптарын сапалы түсіндірді.
Барлығы отыздан астам азамат жүгінді. Олардың көпшілігінде құжаттандыру, зейнетақы тағайындау және жұмысқа орналастыру мәселелері туындады.
Олардың сұрақтарына қанағаттанған азаматтар жедел түрде алғыстарын білдірді.