

1. Қылмыстық жазаларды орындау және мемлекеттік мәжбүрлеудің өзге де шараларын қолдану кезінде адамның әділ сот талқылауына, ізгілікті қарауға және қадір-қасиетін құрметтеуге құқықтарын қорғау;
2. Сотталғандарды түзеу және қайта әлеуметтендіру басымдығымен бірыңғай сот практикасын және сараланған қылмыстық саясатты қалыптастыруға жәрдемдесу;
3. Заңдылықтың бұзылуын, оған ықпал ететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ олардың салдарларын анықтау және жою;
4. Қылмыстық істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерінің заңдылығын қадағалау;
5. Қылмыстық жазаларды орындаудың және тергеу изоляторлары мен гауптвахталарда адамдарды күзетпен ұстаудың заңдылығын қадағалау;
6. Қылмыстық істер бойынша сот практикасын талдау және қылмыстық жазаларды орындау саласындағы заңдылықтың жай-күйі;
7. Төмен тұрған прокуратуралардың мемлекеттік айыптауды қолдау және қылмыстық істер бойынша апелляциялық сатыдағы соттарға қатысу жөніндегі жұмысын талдау және үйлестіру;
8. Қылмыстық саясат, қылмыстық сот ісін жүргізу және қылмыстық жазаларды орындау саласындағы заңдар мен басқа да құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;
9. Төмен тұрған прокуратураларға әдістемелік және практикалық көмек көрсету, әдістемелік ұсынымдар әзірлеу және жергілікті жерлерге Жолдау, ғылыми және білім беру қызметіне қатысу.