GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

БП
Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Прокуратура туралы
Қызметі
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Бизнесті қорғау
Все материалы
19 октября 2026
Құқық бұзушылықтың орнына спорт: Шығыс Қазақстанда жасөспірімдер оң бағыттағы қызметке тартылуда

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы облыс прокурорының бастамасымен облыс әкімі бекіткен Жастар саясаты стратегиясы шеңберінде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға және олардың мазмұнды бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар кешенін іске асыруда.

Осындай бағыттардың бірі Ауладағы спорт клубтары лигасын дамыту, сондай-ақ жасөспірімдерді оң бағыттағы қызметке тартуды және оларда жауапты мінез-құлық пен өмірлік бағдарларды қалыптастыруға ықпал ететін орта құруды көздейтін «Күш бірлікте» жобасын іске асыру болды.

Жыл бойы облыстың қалалары мен аудандарында шағын футбол және үстел теннисі бойынша спорттық іс-шаралар мен жарыстар өткізілді. Жасөспірімдердің бос уақытының көлемі артатын каникул кезеңіне ерекше назар аударылды. Жыл басынан бері спорттық іс-шаралармен барлығы 4,5 мыңнан астам бала қамтылды.

Қыркүйекте  ауладағы спорт клубтары лигасының облыстық финалы өтті. Жарысқа облыстың барлық қалалары мен аудандарынан 500-ден астам жасөспірім қатысты, оның ішінде 390-ы шағын футбол турниріне және 117-сі үстел теннисі бойынша турнирге қатысты.

Финалдық ойындар барысында қатысушылар мен көрермендерге құқықтық мәдениет, заңды сақтау, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және «Таза Қазақстан» идеологиясы туралы профилактикалық роликтер көрсетілді. Сондай-ақ «Тазабек» және «Тәртіпбек» маскоттары балаларға профилактикалық жадынамалар таратты. Жарыстарды 1,5 мыңнан астам жасөспірім тамашалады.

Жарыстарды өткізу спорт, тәлімгерлік және ұйымдастырылған бос уақыт құқық бұзушылықтардың алдын алу және жасөспірімдерді оң бағыттағы қызметке тарту құралдары ретінде пайдаланылатын бірыңғай профилактикалық жұмыстың бір бөлігі болып табылады.

Жалпы, профилактикалық шаралар кешенін іске асыру жыл басынан бері облыстағы жасөспірімдер қылмыстылығының деңгейін 37%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.

Облыс прокуратурасы Ауладағы спорт клубтарыл және «Бірлікте күш» жобасын дамыту бойынша жұмысты жалғастырып, мазмұнды бос уақыт өткізу, тәлімгерлермен қарым-қатынас жасау және жасөспірімдерді қоғамдық пайдалы қызметке тарту мүмкіндіктерін кеңейтетін болады.

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

14 октября 2026
ШҚО Риддер қаласы прокуратурасының үйлестіруімен алимент бойынша 15 млн теңгеден астам берешек өндірілді

Риддер қаласының прокуратурасы алименттік міндеттемелердің орындалуына жүргізілген талдау барысында кәмелетке толмаған балаларын асырауға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерін ұзақ уақыт бойы орындамаған 19 борышкерді анықтады.

Берешектің болуына қарамастан, жеке сот орындаушысы оны өндіру бойынша тиісті шараларды қабылдамаған.

Прокурорлық қадағалау актісі енгізілгеннен кейін борышкерлермен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, алимент бойынша берешек жалпы сомасы 15,6 млн теңгеге ішінара өтелді.

Сонымен қатар, жыл басынан бері прокурорлық қадағалау нәтижелері бойынша балаларды асырауға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабымен 20 қылмыстық іс сотқа жолданды.

Оның ішінде 15 қылмыстық іс бойынша соттар айыптау үкімдерін шығарды.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және алименттік міндеттемелердің уақтылы орындалуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыс жалғасуда.

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

12 октября 2026
ШҚО Глубокое ауданының прокуратурасы табиғатты қорғау заңнамасы саласында жүйелі жұмыс жүргізуде

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын іске асыру шеңберінде Глубокое ауданының прокуратурасы спутниктік суреттерді талдау және аудан аумағын көзбен шолып тексеру нәтижесінде 15 рұқсат етілмеген қоқыс орнын анықтады.

Аббаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін полиция қызметкерлерімен 177 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Сонымен қатар, прокурорлық қадағалау шаралары бойынша бақылауды тиісінше жүзеге асырмағаны үшін 12 ауылдық округ әкімі әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Салынған әкімшілік айыппұлдар толық көлемде төленді.

Тұрғындарды тазалық пен тәртіпті сақтауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және рұқсат етілмеген қоқыс орындарының пайда болуына жол бермеуге шақырамыз.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және прокуратура органдарының бақылауында.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

05 октября 2026
ШҚО-да ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың құқықтары қалпына келтірілді

ШҚО Үлкен Нарын ауданының прокуратурасы жүргізген тексеру барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды үйде оқытуды ұйымдастыруда заңбұзушылықтар анықталды.

Балалардың көзделген 19 сағаттың орнына аптасына 8 сағат қана оқытылғаны белгілі болды. Жеке оқу жоспарларында міндетті пәндер болмаған, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымдары сақталмаған, сабақ жүргізуге тиісті арнайы дайындығы жоқ педагогтер тартылған.

Бұдан бөлек, педагогтерге іс жүзінде өткізілмеген сабақтар үшін еңбекақы заңсыз есептелгені анықталды.

Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде 4 баланың сапалы білім алуға құқықтары қалпына келтірілді. 4 мектеп директоры тәртіптік жауаптылыққа тартылды, 8 педагог бюджетке негізсіз алған қаражатты қайтарды.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және қолжетімді әрі сапалы біліммен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

02 октября 2026
ШҚО-да кәсіпорынға экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін 100 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы қоршаған ортаны қорғау саласында заңдылықты қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде.

Талдау барысында Глубокое ауданындағы «Юбилейно-Снегирихинское» кен орнында жер қойнауын пайдалану салдарларын жою бойынша «Шығыстүстімет» ЖШС-нің ұзақ уақыт бойы әрекетсіздігі анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша ШҚО бойынша Экология департаменті кәсіпорынға жоспардан тыс тексеру жүргізді. Нәтижесінде ЖШС ҚР ӘҚБтК-нің 328-бабының 1-бөлігі бойынша (Қоршаған ортаға шығарындылардың технологиялық нормативтерін асыру) әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 100 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Сондай-ақ кәсіпорынға жер қойнауын пайдалану салдарларын жою және табиғат қорғау шараларының орындалуын жүйелі бақылауды қамтамасыз ету туралы ұйғарым берілді.

Экологиялық заңнаманың сақталуы прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

01 октября 2026
Шығыс Қазақстан облысында интернет-алаяқтыққа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шықты

Шығыс Қазақстан облысында интернет-алаяқтыққа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шықты
Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотымен ақпаратқа заңсыз қол жеткізу және бірнеше интернет-алаяқтық жасады деп айыпталған Ақтөбе облысының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.
Тергеумен анықталғаны, сотталушы «TikTok» әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирлерді қарап отырып, онлайн ойындар ойнаған, сондай-ақ «Instagram» әлеуметтік желісінде аккаунттарды бағалаумен айналысқан тұлғалардың абоненттік нөмірлерін көріп, анықтаған.
Одан кейін аталған нөмірлерді «WhatsApp» мессенджерінде тіркеген. Бұл ретте аккаунтқа кіру үшін қажетті код нөмір иесінің телефонына келген, ал сотталушы оны тікелей эфирлер арқылы көріп, өз телефонына енгізген. Осылайша, ол бөгде тұлғалардың аккаунттарына заңсыз қол жеткізген.
Бұдан кейін аккаунт иесінің атынан оның таныстарына ақша қарызға беру туралы өтініш жасап, оларды алдау арқылы өз шоттарына ақша аудартқан.
Осылайша, сотталушы бөгде тұлғалардың аккаунттарына заңсыз қол жеткізу және алдау жолымен бірнеше рет бөтеннің ақшалай қаражатын иемденген.
Нәтижесінде Қазақстан Республикасының түрлі өңірлерінің тұрғындары зардап шекті.
Сотталушы ұрланған қаражатты жеке басының қажеттіліктеріне, соның ішінде бәс тігуге және құмар ойындарға қатысуға жұмсаған.
Мемлекеттік айыптаушы сотқа 19 азаматтың жеке аккаунттарына заңсыз қол жеткізу арқылы жасалған алаяқтықтың 37 эпизоды бойынша нақты және негізді дәлелдер ұсынды.
Сотпен сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 187-бабы 2-бөлігі, 190-бабы 3-бөлігі 3,4-тармақтары, 205-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы кесілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

30 сентября 2026
ШҚО Күршім ауданында балалардың алимент алу құқықтары қалпына келтірілді

Күршім ауданының прокуратурасы алименттік міндеттемелердің орындалуына жүргізілген талдау барысында кәмелетке толмаған балаларды асырау жөніндегі міндеттерін ұзақ уақыт бойы орындаудан жалтарған 12 борышкерді анықтады.

Берешектің болуына қарамастан, жеке сот орындаушысы оны өтеу бойынша тиісті шаралар қабылдамаған.

Прокурорлық қадағалау актісі енгізілгеннен кейін борышкерлермен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде алимент бойынша берешек жалпы сомасы 950 мың теңгеге ішінара өтелді, 2 тұлға ресми түрде жұмысқа орналастырылды, бұл алимент төлемдерін тұрақты ұстап қалуға және аударуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ 1 борышкер алимент төлеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

  Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және алименттік міндеттемелердің уақтылы орындалуын қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.

 

 Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

28 сентября 2026
ШҚО-да жыл басынан бері 590 есірткі жарнамасы жойылды

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы жұртшылықты есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы күреске тартуға бағытталған «STOP  есірткі!» жобасын іске асыруды жалғастыруда.

Жоба аясында азаматтармен жедел өзара іс-қимыл жасау үшін «Clean Streets» мобильді қосымшасы жұмыс істейді. Оның көмегімен облыс тұрғындары тыйым салынған заттардың жарнамасын орналастыру фактілері туралы, оның ішінде жасырын түрде хабарлап, расталған ақпарат үшін ақшалай сыйақы ала алады.

Жыл басынан бері өңірде бейжай қарамайтын азаматтардың көмегімен 590 есірткі жарнамасы мен QR-код анықталып, жойылды, ал анықталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-1-бабы бойынша 5 қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар, прокуратура органдары Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, студенттер мен волонтерлердің қатысуымен тұрақты негізде профилактикалық рейдтер өткізуде. Рейдтер барысында бірлескен күш-жігермен есірткі жарнамасы бар ондаған қауіпті жазбалар боялып, жойылды.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы азаматтарды анықталған кез келген есірткі жарнамасы туралы ақпаратты «Clean Streets» мобильді қосымшасы арқылы жедел жолдауға немесе құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

26 сентября 2026
ШҚО-да 2,3 мыңнан астам пациент тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді

Риддер қаласы прокуратурасының денсаулық сақтау саласында жүргізген талдауы барысында азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқықтарының бұзылғаны анықталды.

Атап айтқанда, Риддер қалалық ауруханасының 2 326 пациенті қажетті тегін дәрілік препараттармен уақтылы қамтамасыз етілмеген.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтар толық жойылып, барлық азаматтар қажетті дәрі-дәрмекпен толық көлемде қамтамасыз етілді.

Мұндай фактілердің алдағы уақытта қайталануына жол бермеу мақсатында аурухана басшылығы дәрілік заттарды тиісінше жоспарлау және уақтылы сатып алу бойынша жүйелі шаралар кешенін қабылдады.

Азаматтардың тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілу құқықтарын қорғау мәселелері прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

24 сентября 2026
Прокуратурада ашық есік күні өтті

Прокуратурада ашық есік күні өтті

Ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасында С.Аманжолова атындағы Шығыс Қазақстан университетінің және Қазақстан-Американдық еркін университетінің заңгер-студенттері үшін«Ашық есік күні» өтті.
Іс-шара Мемлекет басшысы жариялаған құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқасында «Заң және тәртіп» идеологемасын ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде, сондай-ақ «Мемлекеттік органда бір күн» форматында «Құқықтық тәртіп әліпбиі»құқықтық ағарту жобасын іске асыру шеңберінде өтті.
Бұл іс-шара жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, заң мамандығына деген қызығушылықты дамытуға және студенттер мен оқушыларды прокуратура органдарының қызметімен практикалық таныстыруға бағытталған.
Аталған іс-шарада облыс прокуратурасының басқарма прокурорлары Б.Мәулен және Д.Сайранканов, «Шығыс Қазақстан облысының прокуратура ардагерлері» ҚБ төрағасы Ғ.Найзабаев, ардагер В.Подрезов студентер алдында сөз сөйледі.
Кадр жұмысы тобындағы облыс прокурорының көмекшісі Р.Мурсалимов Бас прокуратуранының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына түсу тәртібін түсіндірді.
Студенттер облыс прокуратурасының мұражайына барып, ведомствоның тарихымен және оның қызметімен, сондай-ақ спортзалмен танысты.
Іс-шара ашық диалог форматында өтті, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға және прокуратура өкілдерінен білікті жауаптар алуға мүмкіндік алды.
Осындай жұмыстарды қалалар мен аудандардың прокуратуралары мектеп оқушыларымен жүргізді.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Социальные сети
telegram
youtube
Facebook
VK
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы