Аудан прокуратурасы және оған
теңестірілген прокуратура туралы
ережені бекіту туралы
«Прокуратура туралы» Заңның 37 бабының 4) және 9) тармақшаларына
сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған аудан прокуратурасы және оған теңестірілген
прокуратура туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Аппараты осы бұйрықты
заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Бас
прокуратурасының интернет-ресурсына орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас
Прокурорының Аппаратына жүктелсін.
4. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының,
ведомстволарының, мекемелерiнiң және білім беру ұйымының барлық
қызметкерлерi мен жұмыскерлері таныстырылсын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры Ж. Асанов
2
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2017 жылғы 3 қарашадағы
№ 127 бұйрығына
қосымша
Аудан прокуратурасы және оған теңестірілген прокуратура туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Аудан прокуратурасы және оған теңестірілген прокуратура (қалалық,
ауданарлық, мамандандырылған прокуратуралар: табиғатты қорғау, әскери,
көлік, арнайы объектілер прокуратуралары) облыс прокуратурасының және
оған теңестірілген прокуратураның (республикалық мәні бар қалалар
прокуратуралар және Қазақстан Республикасы астанасының, бас әскери және
көлік прокуратуралары), заңды тұлға қалыптастыруынсыз, ресми бөлінген
аумақтық бөлімшесі болып табылады.
Аудан прокуратурасы және оған теңестірілген прокуратура, заңда
белгiленген шектерде және нысандарда мемлекет атынан заңдылықтардың
сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекет мүддесін
білдіреді, мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
2. Аудан прокуратурасы және оған теңестірілген прокуратура өз
қызметін Конституцияға, халықаралық шарттарға және Қазақстан
Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің
актілеріне, осы Ережеге сондай-ақ өзге де құқықтық актілерге сәйкес жүзеге
асырады.
3. Аудан прокуратурасы және оған теңестірілген прокуратураның
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген өзінің мөрі
және мемлекеттік тілдегі атауы бар мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері
бар.
4. Аудан прокуратурасы және оған теңестірілген прокуратура өз
құзыреттілігі мәселелері бойынша белгіленген заңнамалық тәртіппен аудан
прокурорының және оған теңестірілген прокурордың бұйрықтарымен және
Қазақстан Респбуликасы заңнамасында көзделген басқа да актілермен
ресімделген шешім қабылдайды.
5. Аудан прокуратурасының және оған теңестірілген прокуратураның
құрылымын және штаттық лимитін қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Қазақстан
Республикасының Бас Прокуроры бекітеді.
2. Аудан прокуратурасының және оған теңестірілген прокуратураның
негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттемелері
3
6. Аудан прокуратурасының және оған теңестірілген прокуратураның
негізгі міндеттері:
1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды
тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін қорғауды және қалпына
келтіру;
2) заңдылықты бұзуды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды,
сондай-ақ олардың зардабын анықтауды және жою;
3) құқық қорғау органдарының және өзге де мемлекеттік органдардың
заңдылықты, құқық тәртібін және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету
жөніндегі қызметін үйлестіру;
4) заңда және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде
айқындалған өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
7. Аудан прокуратурасының және оған теңестірілген прокуратураның
негізгі функциялары:
1) заңда белгіленген шекте және тәртіппен:
мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті
өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, меншік
нысанына қарамастан өзге де ұйымдар қызметінің, сондай-ақ олар
қабылдайтын актілер мен шешімдердің;
атқарушылық іс жүргізудің және әкімшілік құқық бұзушылық туралы
істер бойынша іс жүргізудің;
құқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттік
органдардың: сотқа дейінгі тергеп-тексеру, жедел іздестіру және қарсы барлау
қызметі; қылмыстық жазаларды орындау және мемлекеттік мәжбүрлеудің өзге
де шараларын қолдану; Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын
сақтау; заңда айқындалатын өзге де бағыттар бойынша заңдылығының жоғары
қадағалауын жүзеге асырады;
2) қылмыстық-процестік, азаматтық процестік заңнамада және әкімшілік
құқық бұзушылық туралы заңнамада көзделген негізде және тәртіппен сотта
мемлекет мүдделерін білдіреді;
3) мемлекет атынан қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнамаға сәйкес
қылмыстық қудалауды жүзеге асырады;
4) Құқық қорғау органдарының және өзге де мемлекеттік органдардың
заңдылықты, құқық тәртібін және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету
жөніндегі қызметін үйлестіруді осы органдардың өзара іс-қимылын, өзара
ақпарат алмасуды және ортақ міндеттерді іске асыру кезінде олардың
келісілген әрекеттерін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады;
5) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді
жүзеге асырады.
8. Аудан прокуратурасының және оған теңестірілген прокуратураның
негізгі құқықтары мен міндеттері:
1) қылмыстық-процестік заңда белгіленген негіздерде және тәртіппен
әрекеттерді жүзеге асыруға және процестік шешімдер қабылдауға;
2) заңнамада көзделген жағдайларда және тәртіппен жедел-іздестіру
4
қызметінің материалдарын, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді талап
етуге, басшылардан және басқа да лауазымды адамдардан заңдылықтың жайкүйі және оны қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы
қажетті құжаттарды, материалдарды, статистикалық ақпаратты және өзге де
мәліметтерді алуға;
3) заңда көзделген негіздерде және тәртіппен сот отырысына қатысуға
және іс бойынша қорытынды беруге, соттан сот істерін сұратуға, сот актілерін
қайта қарау туралы өтінішхат және наразылықтар келтіруге;
4) заңда көзделген тәртіппен тексерістер жүргізуге, оларға қатысу және
қорытындылар беру үшін мамандарды тартуға, сондай-ақ қауіпсіздікті және
қадағалау қызметін қамтамасыз ету үшін басқа да құқық қорғау органдарының
қызметкерлерін тексеруді жүзеге асыруға тартуға;
5) сараптамалар тағайындауға, прокуратураға келіп түскен материалдар,
өтініштер бойынша уәкілетті органдардан тексерістер жүргізуді талап етуге
және олардың нәтижелері туралы хабарлауды міндеттеуге;
6) құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік және өзге де
органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланған ақпараттық жүйелер
мен ресурстарда қамтылған мәліметтерге заңнамада белгіленген негіздерде
және тәртіппен қол жеткізуге;
7) жүргізілетін тексеріс және қаралатын өтініш мәселелері бойынша
лауазымды адамдарды, жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін
түсініктемелер алуға шақыртуға;
8) негіздер болған кезде және заңда көзделген тәртіппен лауазымды
адамдар салған тыйым салу немесе шектеу сипатындағы шаралардың күшін
жоюды, заңсыз актінің қолданысын толығымен немесе ішінара тоқтата тұруды
талап етуге;
9) әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамада көзделген тәртіппен
әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғауға және
тоқтатуға;
10) тексерістер жүргізумен байланысты құжаттар мен материалдарға
заңнамада белгіленген тәртіппен қол жеткізуге;
11) заңда көзделген өзге де әрекеттерді орындауға құқылы.
Аудан прокуратурасы және оған теңестірілген прокуратура:
1) өз құзыретіне сәйкес адамның және азаматтың құқықтары мен
бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін қорғауға;
2) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараумен байланысты
құжаттар мен материалдарды заңнамада көзделген шекте оларға танысуға
ұсынуға;
3) заңдылықты бұзушылықтардың, оларға ықпал ететін себептер мен
жағдайлардың алдын алу және анықтау, сондай-ақ кінәлі адамдарды
жауаптылыққа тарту үшін заңда белгіленген тәртіппен прокурорлық ден қою
актілерін және прокурорлық қадағалау актілерін қабылдауға;
4) тексерілетін субъектілердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі
келтіретін әрекеттерге (әрекетсіздікке) және актілердің қабылдануына жол
5
бермеуге;
5) тексеріс барысында алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын,
мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңнама
талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге;
6) заңсыз ұстап алынған және бас бостандығынан айыру орындарында,
арнайы мекемелерде, мәжбүрлеу сипатындағы шараларды орындайтын
мекемелерде, қызметтік үй-жайларда заңсыз ұсталатын адамдарды дереу
босатуға;
7) өзінің қызметін халықтың сенімін арттыру басымдығымен
жетілдіруге;
8) заңда көзделген өзге де өкілеттіктерді орындауға міндетті.
3. Аудан прокуратурасының және оған теңестірілген прокуратураның
қызметін ұйымдастыру
9. Аудан прокуратурасы және оған теңестірілген прокуратура
заңнамалық актілерге және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне,
Қазақстан Республикасының өзге де құқықтық актілеріне сәйкес, негізгі
міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіліктерге ие.
10. Аудан прокуратурасын және оған теңестірілген прокуратураны
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Қазақстан
Республикасының Бас Прокуроры лауазымға тағайындайтын және лауазымнан
босататын прокурор басқарады.
11. Аудан прокурорының және оған теңестірілген прокурордың
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайларда,
орынбасарлары болады.
12. Аудан прокуроры және оған теңестірілген прокурор аудан
прокуратурасының және оған теңестірілген прокуратураның қызметіне жалпы
басшылық жасайды және аудан прокуратурасына және оған теңестірілген
прокуратураға жүктелген міндеттерін және өз функцияларын жүзеге асыруға
дербес жауап береді.
13. Аудан прокуроры және оған теңестірілген прокурор:
1) аудан және оларға теңестiрiлген прокуратураның қызметіне
басшылық жасайды;
2) барлық бағынысты қызметкерлер мен жұмыскерлер үшiн мiндеттi
өкiмдер шығарады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де
өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
14. Аудан прокурорының және оған теңестірілген прокурордың
орынбасары, ол болған кезде:
1) өз өкілеттілігінің шегінде аудан прокуратурасының және оған
теңестірілген прокуратураның қызметін үйлестіреді;
2) аудан прокуроры және оған теңестірілген прокурор болмаған кезде,
аудан прокуратурасының және оған теңестірілген прокуратураның қызметіне
6
жалпы басшылық жасайды және аудан прокуратурасына және оған
теңестірілген прокуратураға жүктелген міндеттерін және өз функцияларын
жүзеге асыруға дербес жауап береді;
3) аудан прокуратурасының және оған теңестірілген прокуратураның
басшылығы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
15. Аудан прокуратурасының және оған теңестірілген прокуратураның
атынан жіберілетін құжаттарға аудан прокуроры және оған теңестірілген
прокурор, ал болмаған кезде – оны алмастыратын адам қол қояды.