

Бетекбаев Алматыан Азатұлы 1981 жылы 19 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген, 2002 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін "Құқықтану"мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылдың 3 қыркүйегінде Астана қаласы прокуратурасының бақылау және құқықтық қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастырудың бас маманы қызметінен бастады. 2003 жылдың 6 қарашасынан бастап "Сарыарқа" ауданы прокурорының көмекшісі, кейін аға көмекшісі қызметтерін атқарды.
2005 жылғы 19 шілдеден 2009 жылғы 8 шілдеге дейін тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының, Астана қаласы прокуратурасының жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау басқармасының аға прокуроры лауазымдарын дәйекті түрде атқарды .
Ақмола гарнизонының әскери прокурорының орынбасары, Өскемен гарнизонының әскери прокуроры, Глубокое ауданының прокуроры қызметтерін атқарды.
2025 жылғы желтоқсаннан бастап Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының прокуроры болып тағайындалды.
Сынып дәрежесі-аға әділет кеңесшісі.