«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Ұлытау облысының прокуратурасы

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

С-О-5 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

            жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

 

  Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

мin

мax

C-О-5

186 632

229 492

 

Ұлытау облысы прокуратурасы (Жезқазған қ., Гагарина көшесі, 44, пошта мекенжайы: 100600, анықтама телефоны: 8702-638-88-58, e-mail: 7104162@prokuror.kz) «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды.

  1. Ұлытау облысы прокуратурасы аппаратының өтініштермен жұмыс және іс қағаздарын жүргізу тобының бас маманы, С-О-5 (2 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде құжаттандыру және құжаттаманы басқару қағидаларына сәйкес (әрі қарай – Қағидалар), барлық кіріс хат-хабарларды, оның ішінде «ҚБПҮ» және «Құпия» деген белгісі бар хат-хабарларды қабылдауды, есепке алуды, тіркеуді, бастапқы өңдеуді, сұрыптауды және мақсаты бойынша одан әрі беруді жүргізеді;

  • қызметтік хат-хабарды электрондың жөнелтуді

 уақтылы жүзеге асырады;

 Келіп түскен күні «Қадағалау», «Е-Otinish» БАТЖ, Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі (ЭҚАБЖ) арқылы, «Электрондық үкімет» порталы, Бас прокуратура платформасының блогы арқылы қағаз жеткізгіште пошта байланысы арқылы келіп түскен өтініштерді уақтылы қабылдауды, тіркеуді, сканерлеуді және мақсаты бойынша беруді жүзеге асырады, олардың ресімделуінің дұрыстығын қамтамасыз етеді, келіп түскен өтініштер бойынша хат-хабарлардың болуын тексереді және «Қадағалау» БАЖ-да көрсетеді;

- өтініштерді қабылдау туралы талондар береді, келіп

түскен өтініштерді қағаз жеткізгіште сканерлейді және өтініштердің түпнұсқаларын азаматтарды қабылдау орталығына жүгінген азаматтарға қайтарады;

Бекітілген құрылымдық бөлімшеде іс жүргізу бойынша жұмысты қамтамасыз етеді;

Тиісті мониторинг жүргізу арқылы құрылымдық бөлімшелердің жоғары тұрған прокуратуралардың тапсырмаларын орындау, жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың өкілдерінің өтініштерін қарау, электрондық құжаттарды дұрыс рәсімдеу және өтініштер бойынша қағаз түріндегі қадағалау өндірістерін жүргізеді;

Орындалған құжаттарды бекітілген номенклатураға сәйкес істерге топтастырады, азаматтардың өтініштері бойынша қадағалау өндірістерін қалыптастырады.

Іс жүргізумен аяқталған барлық құжаттардың ведомстволық мұрағатта үнемі, сонымен қатар уақытша сақталуына іріктеу, есебін және сақталуын жүзеге асырады.

Ведомстволық ақпараттық жүйелерде және мәліметтер базасында бекітілген формаға сәйкес тиісті бөліктерді қалыптастырады және толтырады.

Басшының жұмысын жасау және қамтамасыз ету бойынша техникалық функцияларды атқарады, оның тапсырмасы бойынша басқа да міндеттерді атқарады.Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқықтану (Заңтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мұрағаттану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес  (экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика); техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар).

 

  1. Ұлытау облысы прокуратурасының бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы – 1 бірлік (С-О-5 санаты).

            Функционалдық міндеттері: №5 мемориалдық ордер (ай сайын) дайындай отырып, штаттық және штаттан тыс қызметкерлердің еңбекақысын есептейді және ұстайды, сонымен қатар ХҚЕС есеп әдісін қолдана отырып, 1С бағдарламасы бойынша әзірлейді;

ай сайынғы еңбек есебін жасайды;

демалыс, уақытша еңбекке жарамсыздық, жұмыстан босату туралы бұйрықтарды және т.б. бұйрықтарды күнделікті өңдейді;

қызметкерлерге еңбекақыны аудару үшін еңбекақы ведомостарына сәйкес төлеуге шот-фактуралар жасайды;

декларация, әлеуметтік салық, табыс салығы және зейнетақы қоры бойынша тоқсан сайынғы есеп жасайды;

ай сайын қалалық аудандық прокуратуралар мен облыстық басқармалардың жұмыс уақытының кестелерімен уақытылы қамтамасыз етілуін бақылайды;

жедел және штаттан тыс қызметкерлердің штаттық кестесін жасайды;

демалыстың резервтік қорын құрады;

111 112, 113, 121, 122, 124, 131, 135, 322 ерекшеліктерге (персонал және техникалық қызметкерлердің еңбекақысы) жылдық бюджеттік өтінімді жасайды;

жыл сайын қызметкерлерге жалақы, зейнетақы және әлеуметтік аударымдар бойынша жеке карталарды ұсынады:

№5 мемориалдық ордер мұрағаттық құжаттарын өңдейді;

ай сайын, әр айдың 4-іне дейін №5 мемориалдық ордер бойынша бөлім басшысына есеп береді;

апта сайын атқарылған жұмыс туралы есеп жасайды;

барлық қалалық аудандық прокуратураларды, облыстық аппаратты жедел қызметкерлердің тізімдерін көрсете отырып, қалааралық қоңыраулардың артық жұмсалуы туралы тізілімдермен қамтамасыз еткеннен кейін осы сомаларды еңбекақыдан ұстайды;

өзінің жұмыс саласына жеке жауапкершілікте болады;

ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді;

Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Қаржы департаментінің тапсырмаларын орындайды.

            Білім деңгейіне қойылатын талаптар: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы «қаржы», «есеп және аудит», «экономика» мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

 

Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
  2. 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидалардағы 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
  3. бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі. "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интеграциялды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (тестілеуден өткен кандидаттар және 2019 жылғы 1 ақпаннан бастап ОЛК үшін):

1) құжаттарды тапсыру сәтінде жарамды жарияланған лауазым санаты үшін заңнаманы білуге арналған тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қорытындының бар болуын тексереді.

 

Құжаттар жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланған кейін келесі күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

​Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын конкурсты жариялаған мемлекеттік органға қолма-қол тәртіпте не электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. 

​Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Білім туралы құжаттардың; еңбек қызметін растайтын құжаттың; құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар заңнаманы білуге тестілеуден өткені туралы сертификаттың; конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалаудан өткені туралы қолданыстағы қорытындының көшірмелерін ұсынуға жол беріледі (персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырады).

​Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар еткен күннен бастап  үш жұмыс күн ішінде Жезқазған қ., Гагарина көшесі, 44 ғимаратында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

​Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

​Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады. Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға, оның ішінде конкурстық комиссия қалыптастырған мәселелер тізбесіне кірмейтін сұрақтар қояды, конкурстық комиссия мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірін білдіреді. Конкурстық комиссияның қорытынды отырысына осы адамдар қатыспайды.

​Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың тұпнұсқасын немесе көшірмелелерін ұсынады.

 

​Шағым жасау тәртібі:

​Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады. Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күнен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады. Уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағымды қарайды және оның негізінде тексеру жүргізеді. Жүргізілген тексеру қорытындылары бойынша, осы Қағидалардың талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі конкурс өткізген мемлекеттік органға Заңның 5-бабы 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізеді. Уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің ұсынымын Конкурстық комиссия оның отырысында бұрынғы құрамда қарайды. Конкурстық комиссия қабылданған шешім туралы уәкілетті органды немесе оның аумақтық бөлімшесін және шағым берген конкурсқа қатысушыны немесе кандидатты ол қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар оларға қатысты бөлігінде, сондай-ақ уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері конкурстық құжаттармен, тестілеу және әңгімелесу нәтижелерімен таныса алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына   
орналасуға конкурс өткізу 
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

  
__________________________
(мемлекеттік орган)   

 

Өтініш

Мені________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен
келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
          Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________


      Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________
__________________________________________________________________

                                                           ______________________________
  қолы                                                                           (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына орналасуға

конкурс өткізу қағидаларының

3-қосымшасы

                                                                                            Нысан       

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

 

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

 

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары болған жағдайда)/
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негіз і(болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 
     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

 

_______________
күні/дата

         

 

 

 

 

Дата публикации
14 ноября 2023