GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

БП
Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Прокуратура туралы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
23 октября 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ

Түркістан облысының прокуратурасы қызметкерді жоғары тұрған басшылық лауазымға ұсыну мәселесін шешу үшін жоспардан тыс аттестаттау жариялайды (ҚР БП 16.04.2025ж. №50 бұйрығы).

Жоспардан тыс аттестаттауға қатысуға ниет білдірген қызметкерлер  хабарландыру жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей кадр жұмысы басқармасына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баянат тапсыруы қажет. 

Жоспардан тыс аттестаттау бірқатар дәйекті кезеңдерді:

1. Жоспардан тыс аттестаттауды өткізуге дайындықты;

2. Қызметкерге психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеу жүргізуді; 

3. Полиграфологиялық зерттеу жүргізуді;

4. Аттестаттау комиссиясы өткізетін қызметкермен әңгімелесу; 

5. Аттестаттау комиссиясының шешімін шығаруын қамтиды.

Соңғы үш жыл ішінде полиграфологиялық (қызметтік тергеп-тексеру шеңберінде полиграфологиялық зерттеулерді қоспағанда) және психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізілген қызметкер бірден әңгімелесу кезеңіне жіберіледі.

Келесі қызметкерлер жоспардан тыс аттестаттауға жіберілмейді:

1. Басшы лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін;

2. Алынбаған тәртіптік жазалары бар;

3. Оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп- тексеру жүргізіліп жатқан қызметкерлер.

 Түркістан облысы прокуратурасының Кадр жұмысы басқармасы

03 сентября 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ

Түркістан облысының прокуратурасы қызметкерді жоғары тұрған басшылық лауазымға ұсыну мәселесін шешу үшін жоспардан тыс аттестаттау жариялайды (ҚР БП 16.04.2025 ж. №50 бұйрығы).

Жоспардан тыс аттестаттауға қатысуға ниет білдірген қызметкерлер  хабарландыру жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей кадрлық жұмыс тобына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баянат тапсыруы қажет. 

Жоспардан тыс аттестаттау бірқатар дәйекті кезеңдерді:

1) жоспардан тыс аттестаттауды өткізуге дайындықты;

2) қызметкерге психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеу жүргізуді; 

3) полиграфологиялық зерттеу жүргізуді;

4) аттестаттау комиссиясы өткізетін қызметкермен әңгімелесу; 

5) аттестаттау комиссиясының шешімін шығаруын қамтиды.

Соңғы үш жыл ішінде полиграфологиялық (қызметтік тергеп-тексеру шеңберінде полиграфологиялық зерттеулерді қоспағанда) және психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізілген қызметкер бірден әңгімелесу кезеңіне жіберіледі.

Келесі қызметкерлер жоспардан тыс аттестаттауға жіберілмейді:

1) басшы лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін;

2) алынбаған тәртіптік жазалары бар;

3) оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп- тексеру жүргізіліп жатқан қызметкерлер.

Түркістан облысы прокуратурасының Кадрлық жұмыс тобы

27 июля 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ

Түркістан облысының прокуратурасы қызметкерді жоғары тұрған басшылық лауазымға ұсыну мәселесін шешу үшін жоспардан тыс аттестаттау жариялайды (ҚР БП 16.04.2025 ж. №50 бұйрығы).

Жоспардан тыс аттестаттауға қатысуға ниет білдірген қызметкерлер  хабарландыру жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей кадрлық жұмыс тобына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баянат тапсыруы қажет . 

Жоспардан тыс аттестаттау бірқатар дәйекті кезеңдерді:

1) жоспардан тыс аттестаттауды өткізуге дайындықты;

2) қызметкерге психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеу жүргізуді; 

3) полиграфологиялық зерттеу жүргізуді;

4) аттестаттау комиссиясы өткізетін қызметкермен әңгімелесу; 

5) аттестаттау комиссиясының шешімін шығаруын қамтиды.

Соңғы үш жыл ішінде полиграфологиялық (қызметтік тергеп-тексеру шеңберінде полиграфологиялық зерттеулерді қоспағанда) және психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізілген қызметкер бірден әңгімелесу кезеңіне жіберіледі.

Келесі қызметкерлер жоспардан тыс аттестаттауға жіберілмейді:

1) Басшы лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін;

2) Алынбаған тәртіптік жазалары бар;

3) Оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп- тексеру жүргізіліп жатқан қызметкерлер.

 Түркістан облысы прокуратурасының Кадрлық жұмыс тобы

20 июля 2026
Сарыағаш ауданының прокуратурасы жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтардың жолын кесті

Сарыағаш ауданының прокуратурасы Түркістан облысында азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманың сақталуына талдау жүргізді.

Талдау барысында наркологиялық және психиатриялық есепте тұрған, көлік құралын басқаруға медициналық қарсы көрсетілімдері бар 89 адамның жүргізуші куәліктері болғаны және олардың көлік құралын басқаруға жіберілгені анықталды.

Заңнама талаптарына сәйкес психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстары бар, сондай-ақ психоактивті заттарды қолдануға байланысты бұзылыстары бар адамдар медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайда көлік құралын басқаруға жіберілмейді.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде соттармен аталған тұлғалардың көлік құралын басқару құқықтары тоқтатылды.

Прокурорлық ықпал ету шаралары нәтижесінде жауапты лауазымды тұлғалар заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылды.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

 

Түркістан облысының прокуратурасы

17 июля 2026
Прокуратура білім беру ұйымдары қызметкерлерінің бұзылған конституциялық құқықтарын қалпына келтірді

Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселелері Жетісай ауданы прокуратурасының ерекше назарында.

Қадағалау қызметі барысында білім беру ұйымдары қызметкерлерінің құқықтарының бұзылуы анықталды.

Атап айтқанда, аудандық білім бөлімі тарапынан 41 білім беру ұйымында жұмыс істейтін 3766 қызметкерге қатысты міндетті зейнетақы жарналары уақытылы аударылмаған.

Нәтижесінде 33,8 млн теңге көлеміндегі төлемдер жүргізілмей, азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол берілген.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде аталған бұзушылықтар толық жойылып, міндетті зейнетақы жарналары толық көлемде төленді.

Осылайша, 3766 қызметкердің конституциялық құқықтары қалпына келтірілді.

Прокуратура азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау бағытындағы жүйелі жұмыстарын жалғастырады.

Түркістан облысының прокуратурасы

17 июля 2026
Түркістан облысында прокурорлар стратегиялық маңызы бар су арналарының мемлекет меншігіне қайтарылуын қамтамасыз етті

Сайрам ауданының прокуратурасы стратегиялық маңызы бар инфрақұрылым объектілерінің мемлекеттік меншігін қорғауға және қайтаруға бағытталған қадағалау қызметін тұрақты негізде жүзеге асырып келеді.

Қадағалау іс-шаралары барысында аудан аумағындағы жалпы ұзындығы 32 шақырымды құрайтын, 243 мыңнан астам тұрғынды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жерлерін сумен қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызы бар 10 су каналы мемлекеттік меншікке ресімделмегені анықталды.

Прокурорлық ден қою шараларымен гидротехникалық құрылыстар мемлекеттік меншікке қайтарылды.

Аталған объектілердің мемлекеттік меншікте болмауы оларды тиімді басқару мен күтіп-ұстауға, сондай-ақ халықты және ауыл шаруашылығы жерлерін сумен тұрақты қамтамасыз етуге теріс әсерін тигізуі мүмкін еді.

Осыған байланысты прокуратура бұл бағыттағы жұмысты жалғастыруда.

Түркістан облысының прокуратурасы

17 июля 2026
Түркістан облысында 200 млрд теңге көлеміндегі көлеңкелі қаржы айналымының және контрабандалық арналардың жолы кесілді

Мемлекет Басшысының көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында Түркістан облысының прокуратурасы бірқатар заңсыз қаржы және контрабандалық схемалардың жолын кесті.

Прокуратураның бастамасымен жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде Қырғыз Республикасынан контрабандалық жолмен темекі өнімдерін тасымалдап, оларды Түркістан облысы мен еліміздің батыс өңірлерінде өткізумен айналысқан тұлғалардың заңсыз әрекеттері тоқтатылды.

Жедел іс-шаралар барысында жалпы құны 103 млн теңгені құрайтын темекі өнімдері тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сонымен қатар, шекара маңында жүк көліктерінің жүргізушілерінен ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтың қызметі әшкереленді.

Тергеу барысында заңсыз делдалдық қызметтен алынған қаражаттың бір бөлігі мемлекеттік орган лауазымды тұлғаларына пара ретінде берілгені анықталды.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 366 және 367-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық схемаға қатысы бар 23 тұлға анықталып, олардың 5-еуі күзетпен ұсталуда.

Бұдан бөлек, прокуратураның үйлестіруімен жүргізілген жедел және арнайы іс-шаралар нәтижесінде жалған кәсіпкерлік субъектілері арқылы шамамен 200 млрд теңге көлеміндегі қаржы құралдарын алыс және жақын шетелдерге заңсыз шығару фактісі анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 235-1-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Түркістан облысының прокуратурасы

11 июля 2026
Жетісай ауданында көші-қон заңнамасын бұзудың 181 фактісі анықталды

Жетісай ауданының прокуратурасы аудан аумағында көші-қон заңнамасының сақталуына талдау жүргізді.

Талдау нәтижесінде шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында тіркеусіз жүруі және заңсыз шетелдік жұмыс күшін тарту фактілері анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде көші-қон заңнамасын бұзған 181 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылып, мемлекет кірісіне 2,8 млн теңге көлемінде айыппұл өндірілді.

Жетісай ауданының шекаралық аймақ мәртебесін ескере отырып, көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мәселелері аудан прокуратурасының тұрақты бақылауында.

Прокуратура заң талаптарын бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік туралы ескертеді және азаматтарды көші-қон заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Түркістан облысының прокуратурасы

10 июля 2026
Түркістан облысында қайтарылған активтер халық игілігіне бағытталуда

Түркістан облысында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жалғасуда.

Соңғы екі жылда Арнайы мемлекеттік қор қаражаты есебінен өңірде 30 әлеуметтік нысанның құрылысына 26,4 млрд теңге бөлінді.

Бүгінгі таңда оның 27-нің құрылысы аяқталып, тағы 3 нысанның құрылысы жалғасуда.

Бағдарлама аясында пайдалануға берілген алғашқы нысан – Ордабасы ауданының Темірлан ауылында орналасқан 300 орындық балалар саз мектебі.

Жобаның жалпы құны – 890 млн теңге.

Қазіргі таңда мектепте өнердің 12 бағыты бойынша 400-ге жуық оқушы білім алуда.

Заманауи талаптарға сай жабдықталған білім ордасында тәрбиеленушілер халықаралық, республикалық және облыстық байқауларда жүлделі орындарға ие болуда.

Қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылып жатқан жобалар өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және өскелең ұрпаққа қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.

Түркістан облысының прокуратурасы

10 июля 2026
Прокуратура бюджет қаражатының негізсіз жұмсалу деректерін анықтады

Сарыағаш ауданының прокуратурасы аудандық білім бөлімінде және оған қарасты білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Еңбек және Бюджет кодекстері талаптарының сақталуына талдау жүргізді.

Талдау нәтижесінде білім беру саласының бірқатар қызметкерлері жұмыс уақытында және сабақ өткізу кезеңдерінде шетелге шығып кеткені анықталды.

Алайда олардың жұмыс орнында болмаған уақыттарына қарамастан жалақы толық көлемде есептеліп, төленген.

Атап айтқанда, аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, сондай ақ мектеп мұғалімдері мен жұмысшылары сабақ пен жұмыс уақытында шетелге шығу фактілері тіркелген.

Талдау қорытындысымен білім бөлімі қызметкерлеріне қатысты 389 мың теңгеден астам, ал білім беру ұйымдары бойынша жалпы 15  млн теңгеден астам бюджет қаражатының негізсіз жұмсалғаны анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жұмыс уақытында шетелге шыққан қызметкерлермен қатар, аталған заң бұзушылықтарға жол берген басшылар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 50-бабы талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде мемлекет кірісіне 15 миллион теңгеден астам қаражат өндіріліп, 680 тұлға жауапкершілікке тартылды.

Түркістан облысының прокуратурасы

Социальные сети
telegram
youtube
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы