
2026 жылғы 22 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының барлық аудандары мен Петропавл қаласында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын, «Айқын нәтиже», «Саналы ұрпақ» жобаларын іске асыру және Жол картасын орындау аясында «Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі» профилактикалық акциясы өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қысқы кезеңде жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жолдардағы апаттылық пен жарақаттану деңгейін төмендету, сондай-ақ көктайғақ кезінде жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Акция аясында жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтау, ауа райы мен жол жағдайын ескере отырып, қауіпсіз жылдамдықты таңдау, сондай-ақ жаяу жүргіншілер өткелдеріне жақындаған кезде ерекше сақтық таныту қажеттілігіне баса назар аударылды.
Бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Жол жүрісі қағидаларын сақтау – өмір мен денсаулықты сақтаудың кепілі. Жол қауіпсіздігі әр адамның жеке жауапкершілігінен басталады!
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.
Қазақстан Республикасы күнін мерекелеу қарсаңында және Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының құрылғанына 35 жыл толуына арналған іс-шаралар аясында Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы қызметкерлерінің командасы мен Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері арасында волейболдан турнир өтті.
Спорттық іс-шара салауатты өмір салтын насихаттауға, командалық рухты дамытуға, прокуратура органдарының қызметкерлері мен жастар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға, сондай-ақ өскелең ұрпақтың белсенді өмір салтына деген ұмтылысын қалыптастыруға бағытталды.
Тартысты әрі қызықты ойындардың қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
1-орын — Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы командасы;
2-орын — Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің командасы;
3-орын — қалалық және аудандық прокуратуралар қызметкерлерінің командасы.
Турнирге қатысушылар жоғары спорттық дайындық деңгейін, ауызбіршілікті, жеңіске деген жігерді және қарсыластарына деген құрметті көрсетті.
Жарыс салауатты бәсекелестік пен жолдастық рухта өтіп, прокуратура органдарының өңірдегі білім беру мекемелерімен тиімді өзара іс-қимылының тағы бір жарқын үлгісіне айналды.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.
20.10.2026 жылы Петропавл қаласында және облыстың 13 аудан орталығында кезекті «Құқықтық дәріхана» акциясы өткізілді.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы халықтың өзекті мәселелерін жедел шешуге, азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге және құқықтық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған «Құқықтық дәріхана» акциясын өткізуді жалғастыруда.
Акция аясында азаматтар құқықтық кеңес алып, өздерін толғандырған мәселелер бойынша жүгіне алады, сондай-ақ уәкілетті органдардың араласуын талап ететін мәселелерді шешуге көмек ала алады.
Атап айтқанда, Уәлиханов ауданының прокуратурасына О.аз. алименттің төленбеуіне байланысты жүгінген. Өтініш берушіге төленуге тиіс алимент бойынша берешек мөлшері 1,5 млн теңгені құраған.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде алимент бойынша берешек толық көлемде өтелді. Уақтылы жүгіну және қабылданған шаралар нәтижесінде өтініш берушінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге мүмкіндік туды.
Бұл мысал «Құқықтық дәріхана» акциясының практикалық маңыздылығын көрсетеді. Акция барысында азаматтарға құқықтық кеңес берумен қатар, олардың мәселелерін нақты шешуге және бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге ерекше назар аударылады.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады. Облыс прокуратурасы халықтың проблемаларын уақтылы анықтауға, азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша тиімді шаралар қабылдауға және қайталама өтініштердің алдын алуға басымдық береді.
«Құқықтық дәріхана» – жай ғана кеңес емес, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге бағытталған нақты көмек!
Жалпы, акция барысында 113 азамат қабылданды. Ағымдағы жылдың басынан бері облыс прокуратурасы өткізген «Құқықтық дәріхана» акциялары аясында 3 700-ден астам азамат қабылданды.
Облыс прокуратурасы тұрғындарды алдағы уақытта да «Құқықтық дәріхана» акциясы аясында білікті құқықтық көмек алу мүмкіндігін пайдалануға шақырады әр сейсенбі сайын Петропавл қаласындағы «Рахмет» сауда үйінде, сондай-ақ облыстың аудан орталықтарында (сауда-ойын-сауық орталықтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, мәдениет үйлерінде, аудандық ауруханаларда және басқа да орындарда) өткізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қолданыстағы заңнамада өзіне қатысты әкімшілік қамауға алу қолданылмайтын адамдар санаты көзделген.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘҚБтК) 50-бабының 2-бөлігіне сәйкес аталған жазалау шарасы жүкті әйелдерге және он төрт жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, он сегіз жасқа толмаған адамдарға, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ елу сегіз жастан асқан әйелдерге, алпыс үш жастан асқан еркектерге және он төрт жасқа толмаған балаларды жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектерге қолданылуы мүмкін емес.
Практикада бұл ереже ата-ана құқықтары шектелген адамдарға да қатысты.
Мәселен, О.-ға қатысты қорғау нұсқамасын бұзу (ҚР ӘҚБтК 461-бабының 1-бөлігі) фактісі бойынша 10 тәулікке қамауға алу тағайындаумен, сондай-ақ ерекше талаптарды орындамағаны үшін (ҚР ӘҚБтК 669-бабының 2-бөлігі) тура осылайша – 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түрінде әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы екі қаулы шығарылған.
Құқықбұзушыға - облыс аудандарының бірінің тұрғынына қорғау нұсқамасымен өзінің анасына қатысты жанжалдарға түсуге, бопсалап балағаттауға тыйым салынғаны, бұдан бөлек, оған мінез-құлқына ерекше талаптар жүктелгені – алкогольдік ішімдіктерді ішуге тыйым салынғаны анықталды.
Дегенмен, ол аталған шектеулерді сақтамаған.
Бұл ретте, прокуратура органдарының сот актілерін зерделеуімен азаматша О.-ның 14 жасқа дейінгі екі кәмелетке толмаған баланың анасы болып табылатыны анықталды, бұл оған қатысты тағайындалған қамауға алулардың күшін жоюға негіз болып табылады.
Прокурордың қарауымен шығарылған апелляциялық өтінішхаттардың нәтижелері бойынша сот актілері өзгертілдіқамауға алу әкімшілік айыппұлға ауыстырылды.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс бойынша қаулы, соның ішінде әкімшілік жаза қолдану бөлігінде де заңды әрі негізді,бөлу қажет.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.
2026 жылғы 15 қазанда «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде облыстық қадағалау органының бастамасымен және бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен кезекті ауқымды «Заң мен тәртіп үшін бизнестен 100 қайырымды іс» акциясы өткізілді.
Аққайың ауданында «Дайындық агро» ЖШС өз қаражаты есебінен Дайындық ауылында «Шаңырақ» мәдени-демалыс орталығын, балабақша және спорт кешенін салды.
Жаңа нысандардың ашылуы ауыл тұрғындары үшін елеулі оқиға болып, елді мекеннің дамуына қосымша серпін берді.
Енді балаларда білім алуға, спортпен және шығармашылықпен айналысуға жаңа мүмкіндіктер пайда болса, ал тұрғындар үшін мәдени демалыс пен белсенді демалысқа қолайлы жағдай жасалды.
Шаралар бизнестің әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға, мемлекет пен кәсіпкерлік қоғамдастықтың серіктестігін дамытуға, сондай-ақ қоғамда өзара көмек пен заңға бағыну мәдениетін қалыптастыруға арналған.
Көрсетілген форматтағы жұмыс жалғасады.
Прокуратура Солтүстік Қазақстан облысы.
2026 жылғы 12 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы 23 колледждің және Манаш Қозыбаев атындағы университеттің студенттеріне арналған үлгілік сот процесін ұйымдастырды.
Іс-шара аясында студенттердің қатысуымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігінде көзделген, яғни қару қолдану арқылы бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған облыстың төрт жас тұрғынына қатысты сот үкімі жарияланды.
Сотталғандардың әрқайсысына 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 63-бабына сәйкес тағайындалған жаза шартты деп есептелді.
Іс-шараға облыс колледждері мен университетінің 1 580 студенті бейнеконференцбайланыс арқылы қатысты.
Үлгілік сот процесінің негізгі мақсаты – жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, «Заң мен тәртіп» идеологиясын қалыптастыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу және қылмыстардың алдын алу.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.
13.10.2026 жылы Петропавл қаласында және облыстың 13 аудан орталығында кезекті «Құқықтық дәріхана» акциясы өткізілді.
Акцияның негізгі мақсаты – құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету, заң бұзушылықтарды уақтылы анықтау және азаматтардың құқықтарын нақты қалпына келтіруге бағытталған шаралар қабылдау.
Кезекті іс-шара барысында сот актілерін орындау, әлеуметтік және еңбек құқықтарын сақтау, сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мәселен, құқықтық көмек алу үшін соттың заңды күшіне енген шешімінің орындалуына ұзақ уақыт бойы қол жеткізе алмай жүрген азамат жүгінді. Ол мәселені шешу үшін бірнеше рет әрекет жасағанымен, мәселе әлі де шешімін таппаған, бұл оның заңды мүдделерін іске асыруына кедергі келтірген.
Өтінішті қарау барысында прокурорлар ұсынылған материалдарды зерделеп, өндіріп алушының құқықтарын қорғаудың заңнамада көзделген тетіктерін түсіндірді және қалыптасқан жағдайды шешу үшін одан әрі қабылдануы қажет әрекеттердің тәртібін айқындады.
Қабылданған шаралардың қорытындысы бойынша мәселе бақылауға алынып, уәкілетті органдарға заңнама талаптарының тиісінше орындалуын қамтамасыз ету қажеттігі көрсетілді.
Осындай іс-шараларды өткізу азаматтарға құқықтық кеңес қана емес, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде туындайтын қиындықтарды еңсеруге бағытталған практикалық көмек алуға да мүмкіндік береді.
«Құқықтық дәріхана» акциясы жалғасын табады. Прокуратура органдарының жұмысы әрбір азаматтың қажетті құқықтық көмекті уақтылы алуына, ал анықталған заң бұзушылықтарға тиісті құқықтық баға беріліп, олардың жойылуына бағытталған.
Жалпы, акция барысында 117 азамат қабылданды. Ағымдағы жылдың басынан бері облыс прокуратурасы өткізген «Құқықтық дәріхана» акциялары аясында 3 500-ден астам азамат қабылданды.
Облыс прокуратурасы тұрғындарды алдағы уақытта да «Құқықтық дәріхана» акциясы аясында білікті құқықтық көмек алу мүмкіндігін пайдалануға шақырады әр сейсенбі сайын Петропавл қаласындағы «Рахмет» сауда үйінде, сондай-ақ облыстың аудан орталықтарында (сауда-ойын-сауық орталықтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, мәдениет үйлерінде, аудандық ауруханаларда және басқа да орындарда) өткізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.
Прокуратура органдары бюджеттік қаражатты жұмсау саласындағы заңдылықтың сақталуын қадағалауды тұрақты негізде жүзеге асырады.
Қадағалау қызметі шеңберінде Петропавл қаласының №42 орта мектебінің бухгалтері жасаған бюджеттік қаражатты жүйелі түрде жымқыру фактілері анықталды.
Аталған лауазымды тұлғаның 2019 жылғы тамыздан 2024 жылғы тамызға дейінгі кезеңде білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне жалпы сомасы 89 млн теңгеге жалақы түрінде ақшалай қаражатты заңсыз аударғаны, оның ішінде мектеп мұғалімдерінің бірінің араласуымен 25 млн теңге мөлшерінде залал келтірілгені анықталды.
Анықталған бұзушылықтар бойынша Петропавл қаласының прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Петропавл қалалық сотының 25.05.2026 жылғы үкімімен мектеп мұғалімі мен бухгалтер аталған құқық бұзушылықты жасауда кінәлі деп танылып, 10 жыл мерзімге материалдық жауапкершілікке байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 7 және 8 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды (заңды күшіне енген).
Облыс прокуратурасы бюджеттік қаражатты пайдалану саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.
Солтүстік Қазақстан облысының табиғи әртүрлілігі флора мен фаунаның байлығымен, көркем табиғи бұрыштарымен таң қалдырады.
Өңірде туризмнің әртүрлі түрлерін, соның ішінде аңшылық пен балық аулауды дамытуға бірегей мүмкіндіктер бар.
Облыс аумағында жойылып кету қаупі төнген және Қызыл кітапқа енгізілген аңшылық жануарлардың 27 түрі мен жануарлардың 11 түрі мекендейді.
Сонымен қатар, соңғы үш жылда рейдтік іс-шаралардың нәтижелері бойынша уәкілетті органдар 2912 құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Жануарлар дүниесіне келтірілген шығын көлемі 125 миллион теңгеден асты.
Осыған байланысты, аңшылық әуесқойлары арасында экологиялық мәдениетті арттыру, биологиялық әртүрлілікті сақтау және жануарлар дүниесі объектілерін заңсыз өндірудің алдын алу мақсатында мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде «Браконьерлікті тоқтату» кең ауқымды акциясын өткізді.
Осы іс-шара шеңберінде уәкілетті және құқық қорғау органдары профилактикалық рейдтік іс-шараларды ұйымдастырды, сонымен қатар халықпен және аңшылық пайдаланушылармен кездесулер өткізді.
Браконьерлік үшін жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Акцияға қатысушыларға жануарлар дүниесі объектілерін заңсыз алып қою, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерді жою, сондай-ақ табиғатқа зиян келтіру үшін жауапкершілікті көздейтін заңнама нормалары түсіндірілді.
Акцияны ұйымдастырушылар браконьерлік экожүйелерге орны толмас зиян келтіретінін, табиғаттағы табиғи теңгерімді бұзатынын және болашақ ұрпақ үшін биологиялық әртүрлілікті сақтауға қауіп төндіретінін атап өтті.
Акцияға 100-ден астам аңшылық әуесқойлары қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, халықты жануарлар дүниесіне бірлесіп ұқыптылықпен қарауға және табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын сақтауға шақырды.
Браконьерлік фактілерін анықтау және жолын кесу жөніндегі жұмыс тұрақты негізде жалғасады.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.
«Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасымен 2026 жылғы 8 қазанда облыс аумағында мемлекеттік кірістер органдары мен кәсіпкерлер палатасының қатысуымен «Кәсіпкерлермен диалог» профилактикалық акция өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген салық заңнамасындағы өзгерістерді және оларды дұрыс қолдану тәртібін түсіндіру.
Акция барысында ашық диалог форматында кәсіпкерлерге заңнаманың жаңа талаптары түсіндіріліп, оны практикада қолдануға қатысты сұрақтарға жауаптар берілді. Сонымен қатар кәсіпкерлік қызметті жүргізудің өзекті мәселелері және оларды құқықтық тұрғыдан шешу жолдары талқыланды.
Акциямен 200-ден астам кәсіпкерлік субъектісі қамтылды.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы заң талаптарын сақтайтын кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі жұмысты одан әрі жалғастырады.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.