Азаматтарды жеке қабылдау туралы
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы заңдарын орындауда, Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау рәсімдерін тиімділеу мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 2) тармақшасын басшылыққа ал отыра:
- Облыс прокуратурасының басшылығымен жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдаудың келесі кестесі анықталсын:
|
№
|
Лауазымды тұлғаның аты-жөні
|
Қабылдаушының лауазымы
|
Қабылдау күндері
|
|
1.
|
Таймбетов Бағбан Таймбетұлы
|
Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры
|
Сейсенбі
сағат 10.00-12.00 дейін
|
|
2.
|
Мажренов Біржан Балтабайұлы
|
Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары
|
сәрсенбі
сағат 10.00-12.00 дейін
|
|
3.
|
Абдирова Айман Жаңбырбайқызы
|
Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары
|
бейсенбі
сағат 10.00-12.00
дейін
|
|
4.
|
Қожамқұлов Мұрат Төлегенұлы
|
Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары
|
бейсенбі
сағат 15.00-17.00
дейін
|
- Облыс прокуратурасының Құқық қорғау қызметтері орталығына облыс прокуратурасының басшылығымен жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды тиісті ұйымдастыру шараларын қабылдау, қабылдауға алдын-ала жазылуды жүргізу, жазылған тұлғалардың тізімін уақытында құрастыру.
- Облыс прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына облыс прокуратурасы басшылығының жеке қабылдауынан өтініштерге жауапты уақытында және сапалы дайындауды қамтамасыз ету.
- Облыс прокурорының бірінші орынбасарына, облыс прокурорының орынбасарларына, облыс прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына, Петропавл қаласының прокурорына, мамандандырылған табиғат қорғау прокурорына, аудан прокурорларына, олардың орынбасарларына өтініш иелерін шақыра отыра, қажет болған жағдайда бейнеконференц, бейнетіркеуді пайдалана отыра, қабылдаудан түскен өтініштерді қанағаттандырудан бас тарту себебін жеке түсіндіру.
- Облыс прокурорының бірінші орынбасарын, облыс прокурорының орынбасарларын, облыс прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын өкіммен таныстыру және аудан, қала, мамандандырылған прокурорларға жіберу.
- Осы өкімнің орындалуын бақылау облыс прокуратурасының Құқық қорғау қызметтері орталығына жүктелсін.
Облыс прокуроры Б. Таймбетов