
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен әділет кеңесшісі Мақсат Аманәліұлы Аманәлі Солтүстік Қазақстан облысы Уалиханов ауданының прокуроры болып тағайындалды.
Мақсат Аманәліұлы Аманәлі еңбек жолын 2012 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған.
Шардара, Мақтаарал аудандары прокуратураларының прокуроры, аға прокуроры, Түркістан облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының прокуроры, Түркістан облысы Жетысай ауданы прокурорының орынбасары болып қызмет атқарған.
2024 жылғы қаңтардан бастап Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының орынбасары.
Прокуратура органдарындағы қызмет өтілі 13 жылдан астам.
Отбасылы, 6 бала тәрбиелеп отыр.
Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 30 жыл» мерейтойлық медалімен, «Мінсіз қызметі үшін» ІІІ дәрежелі ведомстволық медалімен және «Прокуратура үздігі» төсбелгісімен марапатталған.