Құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік қағидаты іске асырылуда

Құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік қағидаты іске асырылуда

       Абай ауданының прокуратурасы нөлдік төзімділік қағидасына сәйкес арнайы рейдттік іс-шара жүргізді.
       Іс-шара барысында темекі бұйымдарын және қорқорға арналған темекі мен қоспаларда тұтыну фактілерін анықтап, ҚР ӘҚБтК-нің  441-бабы 1 және 3-бөліктерімен кінәлі тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
       Абай ауданының прокуратурасы қоғамдық орындарда темекі бұйымдары мен қыздырылатын темекі, қорқорға арналған темекі мен қоспаларды тұтынуға тиым салынғанын ескертеді.
       Аталған заң бұзушылыққа жол берілген жағдайда әкімшілік жауаптылық көзделген, яғни 55 000 теңге айыппұл тұтынғандарға және тұтынуға жол бергендерге 157 280 теңге айыппұл салынады.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы