2025 жылдың 17 ақпанында Шымкент қаласының прокуратурасы қылмыстың алдын алу және түнде алкогольді сатуды тоқтату мақсатында «Yandex» және «Wolt» интернет-қосымшаларының басшыларымен меморандумға қол қойды.
Меморандум алкогольдік ішімдіктерді белгіленбеген уақытта жеткізуге және сатуға шектеулерді көздейді.
Атап айтқанда, этил спиртінің көлемдік мөлшері 30 (отыз) пайыздан асатын алкогольдік өнімдері үшін сағат 21.00-ден келесі күннің 12.00-ге дейін «тапсырыс беру» функцияларын өшіреді және басқа алкогольдік өнімдерге сағат 23.00-ден келесі күннің 08.00 дейін функция өшіріледі.
Бұл шаралар мас күйінде жасалған қылмыстар санының азаюына, аймақтағы құқық бұзушылық пен жалпы қылмыстылық күресуде оң әсерін тигізді.
Шымкент қаласының прокуратурасы