
Статистикалық мәліметтерге сәйкес ағымдағы жылдың 7 айында қалада 165 жол апаты тіркеліп (2021ж. 7 айында - 185), 239 (2021ж. 7 айында – 266) адам зардап шеккен.
Аталған мерзімде жол көлік оқиғаларының төмендеуі 10,8%-ті құрады, сонымен қатар зардап шеккендер саны өткен жылмен салыстырғанда 10,2%-ке төмендеді.
Бұдан бөлек, жол көлік оқиғасы салдарынан түрлі дене жарақаттарын 217 (231) адам алды немесе 6,1%-ке, сондай-ақ 22 (35) адам қаза тапты немесе 37,1%-ке төмендеді.
Жолдарда кәмелетке толмағандардың зардап шегуінің өсуі ерекше назар аударуға тұрарлық, олардың саны 56-дан 64-ке дейін өсті және жалпы зардап шеккендердің 27%-ін құрайды.
Бұл оқиғалардың көпшілігі Абай ауданында (57) және Қаратау ауданында (49) орын алды.
Автокөлік құралдарының қарсы соқтығысуынан (31,8%) және жаяу жүргіншіні қағып кетуінен (36,3%) қайғылы жағдайлар орын алуда.
Осы жол көлік оқиғалараның өлімнің ең жоғарғы көрсеткіші Қаратау ауданы және Абай ауданында орын алған, онда тиісінше 9 және 5 адам қайтыс болған.
Осыған байланысты, қазіргі уақытта қалада 8715 бейнебақылау камерасы орнатылған, оның ішінде 2021 жылы жолдардың қиылысында 877 бейнебақылау камерасы орнатылған және 2022 жылдың соңына дейін 1 000 камера орнату жоспарланған.
Сонымен қатар ағымдағы жылдың 7 айында осы санаттағы 35 қылмыстық құқық бұзушылықтар сотқа жолданып, кінәлі тұлғалар әр түрлі қылмыстық жауаптылыққа тартылды.
Құрметті қала тұрғындары, сіздерден жаңа оқу жылы қарсаңында балалар өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында оларды ерекше бақылауды және жол жүру ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз.
Өзіңізге және жақындарыңызға сақ болыңыздар!!!
Шымкент қаласының прокуратурасы