
Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде қала прокуратурасы бұдан былай тірек-қимыл аппараты бұзылған және өз бетінше прокуратура органдарына келе алмайтын мүмкіндігі шектеулі азаматтардың шағымдары тұрғылықты жері бойынша үйде қабылданатын болды.
Ол үшін төменде көрсетілген қызметтік телефонға қоңырау шалу қажет.
Ескертпе: шағымдар уәкілетті мемлекеттік, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың іс-әрекеттері мен қабылдаған шешімдеріне қатысты болу қажет.
Себебі, қолданыстағы «Прокуратура туралы» Заңға сәйкес прокуратура органдарыбасқа мемлекеттік органдардың функцияларын алмастырмайды.
Абай ауданы: 8 (7252) 33-28-20, 33-87-20;
Әл-Фараби ауданы: 8 (7252) 35-32-68, 35-33-01;
Еңбекші ауданы: 8 (7252) 33-84-31, 35-30-44;
Қаратау ауданы: 8 (7252) 77-55-22, 77-55-20.