GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

БП
Меню
Страницы
Қызметі
Құжаттар
Прокуратура туралы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
23 октября 2026
Павлодар облысындағы кәсіпорындарға экология талаптарын бұзғаны үшін айыппұл салынды

Табиғат қорғау прокуратурасы Екібастұз өңіріндегі жер учаскелеріне көзбен шолу жүргізді.

Шолу барысында ГРЭС-1 станциясының күл-қож қалдықтарын тасымалдау құбырына іргелес жер учаскесінде қалдықтардың жиналғаны анықталды. Бұған көмір жағу кезінде пайда болатын қалдықтар мен судың қоспасы ағып кетуі себеп болған.

Осылайша, күл-қож қалдықтары арнайы белгіленген орыннан тыс жерге төгілген. Бұл экологиялық заңнама талаптарын бұзу болып табылады.

Осы факті бойынша облыстың экология саласындағы уәкілетті органына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыну енгізілді.

Экология департаменті «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-не қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 344-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік материал толтырды.

Екібастұз қалалық сотының қаулысымен кәсіпорын әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Басқа жағдайда атмосфераға ластаушы заттарды белгіленген нормадан артық шығарғаны үшін өнеркәсіптік кәсіпорынға 70 млн теңгеге жуық айыппұл салынды.

Сот актілері занды күшіне еніп, айыппұлдар төленді.

15 октября 2026
Павлодарда прокуратураның көппәтерлі тұрғын үйді пайдалануға беру туралы шешімнің күшін жою жөніндегі талап арызы қанағаттандырылды

Талап арызын енгізуге дейін алдында Аққулы ауданының прокуратурасы сәулет, құрылыс, жер және тұрғын үй заңнамасының сақталуына тексеру жүргізді.

2024 жылғы желтоқсанда жергілікті атқарушы орган жеке тұлғалардан 125 млн теңгеге 8 пәтерлі тұрғын үйді сатып алған. Бұл үйге тұрғын үй алу кезегінде тұрған ауыл тұрғындарын орналастыру жоспарланған.

Нысанды тексеру барысында құрылыс кемшіліктері мен тұрғындардың онда тұруына мүмкіндік бермейтін заң бұзушылықтар анықталды.

Жалпы, құрылыс елді мекеннің егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес келмеген. Сонымен қатар құрылыс жұмыстары сәулет-жоспарлау тапсырмасын алмай тұрып басталған.

Заңнамаға сәйкес, нысан көппәтерлі тұрғын үйге жатқызылған. Осыған байланысты жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, оған сараптама жүргізілуі тиіс болған.

Жобаны іске асыру кезінде авторлық және техникалық қадағалау жүргізілмеген. Үйдің іргетасы мен негізгі конструкциялары талапқа сай салынбағаны анықтады. Бұл болашақ тұрғындардың тұру жағдайына айтарлықтай кері әсер етуі мүмкін.

Прокуратура қабылдаған шаралар азаматтарды талапқа сай емес тұрғын үйге орналастырудың алдын алуға мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта бюджет қаражатын қайтару және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

13 октября 2026
Павлодар облысында прокуратура 1 млрд теңгеден астам ет комбинатын инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге ықпал етті

Павлодар облысының Ертіс ауданында құны 1 млрд теңгеден асатын ет комбинатының құрылысы аяқталуға жақын.

Жобаны іске асыру аудан мен жалпы өңір үшін маңызды әлеуметтік-экономикалық мәнге ие.

Сонымен қатар, инженерлік инфрақұрылымды жүргізу жұмыстарына қаржының уақытылы бөлінбеуі инвестициялық жобаны іске асыру мерзімінің бұзылу қаупін тудырған.

Прокуратураның араласуынан кейін қажетті инженерлік инфрақұрылымды салуға облыстық бюджеттен шамамен 100 млн теңге бөлінді.

Қазіргі уақытта нысанда инженерлік желілерді тарту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Оларды қараша айында аяқтау жоспарланған.

Жол картасына сәйкес, ет комбинатын толық пайдалануға беру ағымдағы жылдың желтоқсан айында жоспарланған.

Жобаның іске қосылуы өңірде жаңа өндірістік қуаттарды құруға және Ертіс ауданындағы ет өңдеу саласының дамуына қосымша серпін береді.

09 октября 2026
Павлодардағы ҚАЖ мекемесінде тыйым салынған заттар анықталды

Павлодарда прокурорлар өңірдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде режим талаптарының сақталуы және тыйым салынған заттардың мекемеге жеткізілу арналарының анықталуы бойынша тексерулер жүргізді.

Мекемелердің біріндегі үй-жайдан 15 смартфон, 6 Wi-Fi-роутер, сымсыз және сымды құлаққаптар, USB-кабельдер, флеш-карталар, Sony PlayStation ойын приставкасы және басқа да заттар анықталып, тәркіленді. Аталған заттарды сотталғандарға сақтауға және пайдалануға тыйым салынған.

Осы факті бойынша облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 371-бабы (салғырттық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді.

Қазіргі уақытта тыйым салынған заттардың режимдік объектіге қалай түскені, оларды ішке өткізу арналары және оған қатысы бар тұлғалар анықталуда.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

08 октября 2026
Павлодарда прокурорлар 30 астам кәсіпкерлердің құқықтарын қорғады

Табиғат қорғау прокуратурасы мемлекеттік бақылау субъектілерінің бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыруы кезінде заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді.

Экология департаменті импорттаушы кәсіпорындарға қатысты тексеру жүргізбей және нақты мән-жайларды анықтамай, өндірушілердің міндеттемелерін уақтылы орындамау фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулылар шығарғаны анықталды

Осылайша, экология және қоршаған орта саласындағы аумақтық уәкілетті орган мемлекеттік бақылауды жүзеге асырудың белгіленген тәртібін бұза отырып, 34 бизнес субъектісін, оның ішінде 1 инвесторды әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Табиғат қорғау прокуратурасының қадағалау актілері бойынша экологтардың қаулыларының күші жойылды, кінәлі лауазымды тұлғаға айыппұл салынды, кәсіпкерлер заңсыз әкімшілік жауаптылықтан босатылды.

Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, бизнес құқықтарын қорғау және қалпына келтіру прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

06 октября 2026
Павлодарда прокурорлар мен оқушылар «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында уақыт капсуласын салды

Павлодар облысының прокуратурасы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қала мектептерінің оқушылары қатысқан ағаш отырғызу шарасын өткізді.

Оқушылар прокурорлармен бірге жас ағаштар отырғызып, қаланы көгалдандыруға және қоршаған ортаны қорғауға үлес қосты.

Бұл шара балаларға табиғатқа жауапкершілікпен қарауды іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік берді.

Акцияның ерекшелігі – уақыт капсуласының салынуы. Оқушылар оның ішіне болашақта өз қатарластары оқитын хаттар, суреттер мен тілектерін салды.

Капсула бүгінгі ұрпақтың болашаққа жолдаған хаты іспеттес. Онда оқушылардың өз қаласы мен қоршаған ортаны қандай күйде көргісі келетіні бейнеленген. Капсуланың жанына отырғызылған ағаштар да Павлодардың болашақ ұрпақтарымен бірге өсіп-жетіледі.

Павлодар облысының прокуроры Алмат Байшолақов экологиялық мәдениет бала кезден қалыптасып, нақты істерден басталатынын атап өтті. Оның айтуынша, табиғатты қорғау туралы айтып қана қоймай, кейінгі ұрпаққа үлгі болатын дәстүрлерді қалыптастыру да маңызды.

Іс-шара экологиялық бастама мен тәрбие жұмысын ұштастырды. Ол оқушыларға әр адамның үлесі, тіпті бір ағаш отырғызудың өзі қаланың болашағына әсер ететінін көрсетті.

 

01 октября 2026
Павлодар ауданында 69 қызметкерге 28 млн теңгеден астам қаражат төленді

Павлодар ауданы прокурорының тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен өткен көшпелі кездесуінде Павлодар аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің еңбек құқықтарына қатысты заң бұзушылықтар анықталды.

Тексеру барысында бухгалтерлік есептегі кемшіліктер салдарынан 69 қызметкер үшін міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және басқа да төлемдер уақытылы аударылмағаны анықталды. Берешектің жалпы сомасы 28 млн теңгеден асты.

Прокуратураның ұсынымын қарау нәтижесінде барлық қызметкер алдындағы берешек толық өтелді.

Кінәлі лауазымды тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Осылайша, көшпелі кездесу барысында азаматтардың өтініші негізінде қызметкерлердің еңбек құқықтарына қатысты заң бұзушылық анықталып, тиісті төлемдердің толық өтелуі қамтамасыз етілді.

30 сентября 2026
Павлодар облысында 779 азаматтың тұрғын үй құқықтары қалпына келтірілді

Павлодар қаласының прокуратурасы халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтардың тұрғын үй құқықтарының бұзылғанын анықтады. Атап айтқанда, азаматтарды тұрғын үйге мұқтаждар есебінен негізсіз шығару фактілері анықталды.

Бұған жергілікті атқарушы органның тұрғын үй заңнамасы нормаларын дұрыс қолданбауы себеп болған.

Жүргізілген жұмыс нәтижесінде 779 азамат бастапқы есепке қойылған күнінен бастап тұрғын үй кезегіне қайта енгізілді. Электрондық базаға тиісті өзгерістер енгізілді.

Сондай-ақ Щербақты ауданында да бұзушылықтар анықталды. Заңды өкілдер жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үй кезегіне уақтылы қоймаған.

Мысалы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған екі апа-сіңлі 2025 жылғы шілдеде тұрғын үй кезегіне тұру құқығына ие болған. Алайда іс жүзінде олар есепке тек бір жылдан кейін қойылған.

Осыған ұқсас тағы 16 баланың құқықтары бұзылған.

Бұдан бөлек, 2017 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрған жетім бала тұрғын үй есебінен заңсыз шығарылған.

Бұл ретте жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрғын үй алғанға дейін есептен шығарылуға жатпайды.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша бұзушылықтар жойылды: балаларды есепке қою мерзімдері заңнамаға сәйкестендірілді, ал кезектен заңсыз шығарылған бала құқық пайда болған күннен бастап — 2016 жылдан бастап тұрғын үй кезегіне қайта қалпына келтірілді.

28 сентября 2026
Павлодар қаласында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың құқықтары қалпына келтірілді

Павлодар қаласының прокуратурасы инклюзивті білім беру тетігін іске асыру барысында жүйелі кемшіліктерді анықтады. Көптеген мектептерде қажетті базалық инфрақұрылымның болмауы бейінді мамандарды тартуға кедергі келтіріп, ерекше білім беру қажеттіліктері бар 800 баланың сапалы білім алуға қолжетімділігін шектеген.

Қабылданған шаралар нәтижесінде бюджеттік қаражат бөлініп, 10 мектепте инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттері толық жабдықталып ашылды. Олар 325 оқушыны қамтиды.

Бұдан бөлек, 2027 жылға қаланың тағы 13 жалпы білім беретін мектебінде тиісті кабинеттерді ашуға бюджеттік қаражат көзделген.

Құрылған кабинеттер балалардың жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, олардың оқуына қажетті жағдай жасауға, сондай-ақ табысты әлеуметтік бейімделуіне ықпал етеді.

24 сентября 2026
Павлодар облысында сотталғандарды жалған жұмысқа орналастырудың 280-нен астам фактісі анықталды

Павлодар облысының прокуратурасы сотталғандардың еңбекпен қамтылу көрсеткіштерін қолдан арттыру фактілерін анықтады.

Жүргізілген талдау барысында есептілікке іс жүзінде жұмыс істемеген және олармен еңбек шарттары жасалмаған сотталғандардың енгізілгені анықталды.

Есептік деректерге сәйкес, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің бірінде еңбекке қабілетті 855 сотталғанның 494-і жұмысқа орналастырылған деп көрсетілген.

Сонымен қатар, зейнетақы аударымдары мен әлеуметтік төлемдер туралы мәліметтерді тексеру нәтижесінде іс жүзінде 205 сотталғанның ғана жұмысқа орналасқаны расталды.

Осылайша, 289 адам іс жүзінде жұмысқа орналастырылмаған, ал еңбекпен қамту көрсеткіші 2,5 есеге артық көрсетілген.

Аталған сотталғандарды жалған жұмысқа орналастыру «Еңбек-Павлодар» филиалының бұйрығымен ресімделгені анықталды.

Сонымен қатар, прокуратура сотталғандарды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстың тиісінше ұйымдастырылмауы анықталған бұзушылықтарға себеп болғанын белгіледі.

Ұсынуды қарау нәтижелері бойынша кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Социальные сети
telegram
youtube
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы