БП

Меню

Страницы

Статья

Азаматтарға прокуратура органдарына жүгіну тәртібін түсіндіру

Прокуратура органдары жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын прокурордың құзыреті мен өкілеттігіне сәйкес қарайды.

Мәселен, Конституциялық Заңның 24-бабының 1-бөлігіне сәйкес прокуратура органдары жолданымдарды мына жағдайларда:

1) Егер олар физиологиялық ерекшеліктеріне, психикалық ауытқуларына және өзге де мән-жайларына байланысты өз құқықтарын, кәмелетке толмаған адамдарды, сондай-ақ адамдардың шектеусіз тобын қорғауды дербес жүзеге асыра алмаса, адамның және азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру үшін;

Яғни, прокуратура органдары өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды өз бетінше жүзеге асыра алмайтын адамдардың мүддесі үшін жолданымдарды қарайды. Атап айтқанда, мұндай адамдарға 1-топтағы мүгедектер, әрекетке қабілетсіз адамдар және қорғаншылық пен қамқоршылыққа мұқтаж кәмелетке толмағандар жатады.

2)Егер адамның және азаматтың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру үшін, егер бұл мүдделерді қорғауды тиісті өкілеттіктер құзыретіне жатқызылған уәкілетті орган тиісті түрде қамтамасыз етпесе не мұндай орган болмаған жағдайларда;

       Яғни, прокуратура органдары, егер уәкілетті лауазымды адамдар адам мен азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру жөнінде тиісті шаралар қолданбаса, жолданымдарды қарауға құқылы. Осыған байланысты прокуратура органдары жолданымды қарау үшін жеке және заңды тұлғалар өзі келіспейтін жоғары тұрған уәкілетті органның түпкілікті жауабын өз өтінішіне қоса беруі қажет.  

3)Мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мекемелер, олардың лауазымды адамдары, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдар тарапынан олардың қызметіне араласу фактілері бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру үшін;

       Бұл заң нормасы жаңа. Бұл жерде прокуратураның өкілеттігіне кәсіпкерлердің қызметіне «араласу» мәселелері бойынша жолданымдарды қарау кіретінін нақтылау маңызды.

4) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен ұлттық қауіпсіздігіне төнетін қатерді болғызбау мақсатында;

жойылмауы адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқтыратын заңдылықты бұзу фактілер бойынша;

6) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары бойынша;

7) Бас Прокурордың тапсырмалары бойынша қарайды.

       Заңның жоғарыда аталған нормаларынан барлық жолданымдар прокуратура органдарының қарауына жата бермейтіні айқындалды.

       Сондықтан прокуратураға мерзімінен бұрын келіп түскен немесе мәселелері прокуратура органдарының құзыретіне кірмейтін жолданымдар, жолданымда баяндалған мәселені қарауға уәкілетті органдарға жіберіледі.

       Сөйтіп, барлық азаматтар нәтижелілік пен жедел қарауға қол жеткізу үшін шағымданудың белгіленген тәртібін сақтау, прокуратура органдарымен қарым-қатынасқа ұмтылу және қарау үшін мемлекеттік органдармен қажетті хат алмасуды, басқа да материалдарды ұсыну қажет екенін түсінуі тиіс. 

     Заңнамалық актілерде азаматтардың жолданымдарын: қолма-қол (прокуратура кеңсесі арқылы), «Қазпошта» АҚ пошта байланысы арқылы немесе электрондық түрде, «egov» порталы немесе «Е-өтініш» АЖ арқылы беруге болатыны қарастырылған.

Жолданымдарды электрондық поштаға жіберуге жол берілмейді, себебі өтініш білдірген адамның жеке басын куәландыру үшін ЭЦҚ растау қажет.

Басқа адамдардың мүддесі үшін жүгінген кезде жолданымға осы адамның мүдделерін білдіру құқығына тиісті сенімхат қоса берілуі қажет. 

Заңнамалық актілердің белгіленген нормаларына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жолданымдарды қарау мерзімі оның прокуратура органдарына келіп түскен күнінен бастап он бес жұмыс күнін құрайды.

Тексерулер жүргізу, істерді зерделеу және ақпаратты талап ету үшін жолданымды қарау мерзімі ақылға қонымды мерзімге, бірақ екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылады.

Өтініш берушіге аралық жауап жіберіледі. Түпкілікті жауап өтініш берушіге тексеру нәтижелері бойынша ол аяқталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде хабарланады.

Жолданымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы өтініш берушіге мерзім ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады.

Прокуратура органдарында иесі бүркемеленген жолданым қарауға жатпайды.

Прокурордың әрекеттері мен шешімдеріне шағымды қарау мерзімі жиырма жұмыс күнін құрайды.

Шағымды қарау нәтижелері сотқа шағымдалуы мүмкін.

 

Дата публикации
18 февраля 2025
Дата обновления
18 февраля 2025
Тип

Сейчас читают

18 февраля 2025
Павлодар облысының прокуратурасында жеке қабылдау бойынша түсіндіру
18 февраля 2025
Азаматтарға прокуратура органдарына жүгіну тәртібін түсіндіру
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

telegram
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы