

Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-саяси салалардағы, атқарушылық іс жүргізу, азаматтық және әкімшілік істердегі заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру;
заң бұзушылықтарды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ олардың әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-саяси салалардағы, атқарушылық іс жүргізу, азаматтық және әкімшілік істердегі салдарларын анықтау және жою;
әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси салаларда, атқарушылық іс жүргізу, азаматтық және әкімшілік істерде заңдылықты, құқықтық тәртіпті және құқық бұзушылықтың алдын-алуды қамтамасыз ету бойынша құзыретті мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
мемлекеттік органдардың заң шығарушылық қызметіне қатысу.