

2026 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының бұйрығымен әділет аға кеңесшісі Қайрат Дәулетұлы Раисов Павлодар облысы прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Құқық қорғау органдарындағы еңбек өтілі 20 жылдан асады.
Еңбек жолын 2005 жылы Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы прокурорының көмекшісі міндетін атқарушы лауазымынан бастаған. Әр жылдары қала прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Өскемен қаласы прокуратурасы бөлімінің бастығы, Астана қаласы Сарыарқа ауданы прокуратурасы бөлімінің бастығы, Бас прокуратура департаментінің прокуроры және бөлім бастығы, Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының аға көмекшісі лауазымдарын атқарған.
Осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының басқарма бастығы қызметін атқарған.