
Маңғыстау облыстық Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен облыстық экология Департаментімен бірлесіп, «Уралэнергострой» ЖШС-гі қызметінде Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің талаптарының сақталуына тексеру жүргізілді. Тексеру қорытындысымен «Уралэнергострой» ЖШС-мен экологиялық талаптардың өрескел бұзылғандығы анықталды. Жауапкершілік қалдықтарды орналастыру нормативтерінің жобасын дайындамаған және жобаға мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынбағандығы анықталды. Сонымен қатар, уәкілетті органға бүгінгі күнге дейін қауіпті қалдықтардың паспортын, қалдықтарды түгендеу материалдарын және нысанын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін қауіпті қалдықтар бойынша есептерді тапсырмағандығы және залалсыздандырылған, қайта өңделген қауіпті қалдықтар бойынша «Девройл» препаратымен биологиялық тазарту жұмыстары жүргізілмеген. Заңға қайшы, қалдықты орналастыру эмиссиясына тиісті рұқсат алмағандығы анықталды. Қауіпті қалдықтарды көму полигондары (объект) мүлдем қоршалмаған және полигонға радиоактивті заттардың түсуін болғызбау үшін қалдықтардың әрбір тобына дозиметрлік бақылау жүргізілмеген, өлшеуіш аспаптары орналастырылмаған. Жоғарыдағылардың негізінде Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен экология Департаментіне заң бұзушылықтарды жою мақсатында ұсыныс енгізіліп, оның қаралу нәтижесімен «Уралэнергострой» ЖШС-гі әкімшілік шараға тартылып және Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен мұнай қалдықтарын өңдеу алаңының қызметі тоқтатылды.