Қызылорда прокурорлары пилоттық жобаның іске асырылу барысын талқылады

Қызылорда прокурорлары пилоттық жобаның іске асырылу барысын талқылады

Қызылорда облысы прокуратурасының бастамасымен өңірде Бірыңғайкезекші-диспетчерлік қызметті (БКДҚ) енгізу жөніндегі пилоттық жобаныәзірлеушілермен кездесу өтті

Іс-шараға облыс әкімі Бас прокуратураның Қаржы департаментініңбастығыөңірдің атқарушы органдары мен құқық қорғау құрылымдарыныңбасшылары қатысты

Тараптар жобаны іске асыру барысын, оны ауқымды түрде енгізуперспективаларын және кезеңдерінсондай-ақ БКДҚ қызметін нормативтікреттеу мәселелерін талқылады

Сонымен қатар кездесу аясында Бас прокуратураның Қаржыдепартаментінің бастығы Испанов ІлиясЦифрлық қадағалаужобасынтаныстырды

Жоба деректерді талдаудың заманауи цифрлық құралдарын енгізупроцестерді автоматтандыру және ведомствоаралық өзара іс-қимылдыкүшейту арқылы қадағалау қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған

Полиция департаментінің Жедел басқару орталығы базасында жүйеніңнегізгі функционалдық мүмкіндіктері көрсетілді

Атап айтқандакөрсеткіштерді нақты уақыт режимінде мониторингілеуталдамалық есептер қалыптастыру және ықтимал бұзушылықтарды жеделанықтау мүмкіндіктері таныстырылды

Облыс прокуроры Ожаров Ризабек атап өткендейцифрлық шешімдердіенгізу шешім қабылдау үдерісінің ашықтығы мен жеделдігін арттыруғаадамифакторды азайтуғақадағалау қызметінің бірыңғай стандарттарынқамтамасыз етугесондай-ақ өтініштерді қарау және тексеру іс-шараларынжүргізу мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік береді

Кездесу қорытындысы бойынша пилоттық жобаны өңір аумағында іскеасыруды ұйымдастырушылық сүйемелдеу және бірлескен жұмыстыжалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді

Аталған бастаманы жүзеге асыру мемлекеттік бақылау жүйесінжаңғырту мен заңдылықты нығайтудың маңызды қадамы болмақ

 

Қызылорда облысының прокуратурасы