GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

БП
Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Прокуратура туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
24 октября 2026
Заңға құрмет – жарқын болашақтың кепілі: Амангелді ауданында «Жақсылық Құрманалинов атындағы болашақ прокурорлар клубы ашылды

Амангелді ауданында жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған «Заң мен тәртіп алаңы» жобасы басталды. Жоба аясында прокуратура органдарының ардагері Жақсылық Құрманалинов атындағы болашақ прокурорлар клубы ашылды. Ол ғұмырының 30 жылға жуығын заңға қызмет етуге арнаған. Еңбек жолын мұғалім болып бастап, 1968 жылы прокуратура органдарына қызметке келген. Әр жылдары бірнеше ауданның прокуроры қызметін атқарған. Көп жылғы адал еңбегі үшін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталған.

Клубқа ардагердің есімінің берілуі – оның еңбегіне көрсетілген құрмет әрі ұрпақтар сабақтастығының символы.

Салтанатты ашылу рәсімі Республика күніне және Қазақстан Республикасы прокуратурасының 35 жылдығына орай ұйымдастырылған «Жас патриот – жаңа Қазақстанның жасампаз күші!» форумының аясында аудандық Мәдениет үйінде өтті. Іс-шараға 9–11-сынып оқушылары, педагогтер, мектеп директорлары және прокуратура органдарының ардагерлері қатысты.

Клубтың басты мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарауға, жауапкершілік пен отансүйгіштікке тәрбиелеу. Салтанатты рәсім барысында клуб мүшелері ант қабылдады.

Аудан прокуроры Ерлан Қойбағаров атап өткендей, «Заң мен Тәртіп» қағидаты – қауіпсіз әрі әділетті қоғамның негізі. Ал заңға құрмет бала кезден қалыптасуы тиіс. Клуб оқушыларға өз құқықтары мен міндеттерін тереңірек түсінуге, күнделікті өмірде адалдық пен әділдік қағидаттарын ұстануға мүмкіндік береді.

Заңға құрмет бала кезден басталып, жауапты азаматтық қоғамның қалыптасуына негіз болады.

Қостанай облысының прокуратурасы

 

 

 

23 октября 2026
Қазақстанның ұлттық мерекесі – Республика күні қарсаңында Қостанай облысының прокуратурасында салтанатты іс-шара өтті

1990 жылғы 25 қазанда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданып, еліміздің тәуелсіздік алуына жол ашқан маңызды тарихи қадам жасалды.

Биыл еліміз Тәуелсіздіктің 35 жылдығын атап өтуде. Осы жылдар ішінде Қазақстан мемлекеттілігін нығайтып, даму жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізді және халықаралық аренада лайықты орын алды.

2022 жылы Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайтарылып, оның тарихи маңызы айқындала түсті.

Ұжымды мерекемен құттықтаған Қостанай облысының прокуроры Марат Сексембаев ұлттық бірлікті сақтаудың және ел болашағы үшін әрбір азаматтың жауапкершілігінің маңыздылығын атап өтті.

«Республика күні – тәуелсіздігіміз бен бірлігіміздің символы. Мемлекеттілікті нығайтуда прокуратура органдарының рөлі ерекше. Заң үстемдігін қамтамасыз етіп, азаматтардың құқықтарын қорғай отырып, біз «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыруға тікелей үлес қосамыз», – деді облыс прокуроры.

Іс-шара барысында заңдылықты нығайтуға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан қызметкерлердің еңбегі атап өтілді.

Облыс прокуроры әріптестеріне адал еңбегі, кәсібилігі және қызметтік міндеттеріне жауапкершілікпен қарағаны үшін алғыс білдіріп, алдағы міндеттердің де табысты орындалатынына сенім білдірді.

Еліміз өркендеп, тәуелсіздігіміз нығая берсін! Әр шаңырақта бейбітшілік пен береке-бірлік салтанат құрсын!

Қостанай облысының прокуратурасы

 

21 октября 2026
«Айқын нәтиже»: Қостанай облысында қылмыстың алдын алу бағытында нақты нәтижелерге қол жеткізілді

Қостанай облысында құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті арттыру және қылмыс себептерін жою бағытында кешенді шаралар қабылдануда.

«Айқын нәтиже» жобасы құқық бұзушылықтар бірнеше рет жасалған орындарды анықтауға және олардың қайталануына ықпал ететін себептерді жоюға бағытталған.

Облыс прокурорлары 240 нысанды тексерді. Оның 44-інде қосымша профилактикалық шаралар айқындалып, олардың орындалуына жауапты тұлғалар белгіленді. Бейнебақылау жүйелеріне, күзетке және дабыл түймелерін орнатуға ерекше назар аударылды.

Мысалы, дүкендердің бірінде үш жыл ішінде 50 ұрлық тіркелген. Күзет ұйымдастырылып, қызметкерлерге нұсқама жүргізілгеннен кейін мұндай фактілердің саны айтарлықтай азайған.

Рудный қаласында 425 «ақылды домофон» камерасы Жедел басқару орталығына қосылды. Олардың бейнежазбалары қылмыстарды ашуға көмектесуде.

Алкоголь өнімдерін заңсыз сатудың жолын кесу бағытында 177 кәсіпкерге лицензияларынан айыру немесе олардың қолданысын тоқтата тұру бойынша шаралар қабылданды. 370-тен астам бөтелке алкоголь өнімі тәркіленді.

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болу фактілерінің жолын кесу жұмыстары күшейтілді. Заң талаптарын қайталап бұзғаны үшін 6 мекеменің иесі әкімшілік жауаптылыққа тартылып, олардың қызметі тоқтатыла тұрды. Тағы бір мекеме жұмысын толығымен тоқтатты.

Бұрын қылмыс жасаған адамдарға бақылау күшейтілді. Сонымен қатар интернет-алаяқтықтың алдын алу жұмыстарына 20-дан астам өңірлік блогер тартылды.

2026 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 15%-ға, ауыр қылмыстар 17%-ға, интернет-алаяқтық 24%-ға төмендеді. Отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстар саны екі есеге жуық азайды.

Бұл нәтижелер прокуратура, полиция, мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдерінің бірлескен жұмысының арқасында қамтамасыз етілді.

«Айқын нәтиже» — мәселерді анықтау, олардың себептерін жою және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған нақты шаралар.

Қостанай облысының прокуратурасы

16 октября 2026
Мас жүргізуші нақты жазаға тартылды: 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылуы тоқтатпады

Бейімбет Майлин ауданында бұған дейін көлік құралдарын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айырылғанына қарамастан, қайтадан алкогольдік масаң күйде рөлге отырған жүргізушіге қатысты айыптау үкімі шығарылды.

Ер адам Nissan Patrol автокөлігін алкогольдік масаң күйде басқарып, «Қостанай – Қарабұтақ» автожолымен Валерьяновка ауылының маңында Лисаковск қаласы бағытында қозғалған.

Оның әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігі бойынша, яғни көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқаруы ретінде сараланды.

Сот жүргізушіні кінәлі деп танып, оған қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде жазасын өтеу арқылы 1 жыл 9 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сонымен қатар, сот оны көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айырды.

Аталған жағдай көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқару жол қозғалысы қағидаларын бұзу ғана емес, заңнамада көзделген қылмыстық жауаптылыққа, оның ішінде бас бостандығынан айыру түріндегі нақты жазаға әкеп соғуы мүмкін екенін тағы да көрсетеді.

Бейімбет Майлин ауданының прокуратурасы барлық жүргізушілерді жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға және көлік құралдарын басқаруға жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқару жүргізушінің өз өмірі мен денсаулығына ғана емес, сондай-ақ жол қозғалысының басқа да қатысушыларының өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіреді.

Қостанай облысының прокуратурасы

12 октября 2026
Қостанай облысында қайталама қылмыстың алдын алу және ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды

Қайталама қылмыстың алдын алу, сотталғандар мен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды қоғамға қайта бейімдеу саласындағы ахуалмен танысу мақсатында Қостанай облысына Бас прокуратураның 2-қызметі басқармасының бастығы Еркін Тайкешов келді.

Жұмыс сапары аясында Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығымен және жеке құрамымен, сондай-ақ Отбасын қолдау орталығының өкілдерімен кездесулер өткізіліп, сотталғандар мен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік бейімдеу мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, «Пробация үйіне» барып, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға құқықтық және әлеуметтік көмек көрсету мәселелері талқыланды.

Рудный қаласында Бас прокуратура өкілі полиция басқармасының жедел басқару орталығының жұмысымен танысып, полицияның аға учаскелік инспекторларымен кездесу өткізді. Негізгі назар есепте тұрған адамдарды бақылау және қадағалаудың цифрлық құралдарын қолдану мәселелеріне аударылды.

Рудный қаласының пробация қызметкерлерімен кездесуде есепте тұрған адамдарды бақылау мен қадағалауды ұйымдастыруға қатысты мәселелер қаралды.

«Жанұя» отбасын қолдау орталығында полиция мен пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды қоғамға қайта бейімдеудің практикалық мәселелері талқыланды.

Бұдан бөлек, облыстық полиция Департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерімен учаскелік инспекторлардың қадағалаудың цифрлық құралдарын қолдану мәселелері қаралды.

Іссапар қорытындысы бойынша Қостанай облысының прокуратурасында полиция мен пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды қоғамға қайта бейімдеу мәселелеріне арналған ведомствоаралық жедел кеңес өтті.

Кеңеске қатысушылар қайталама қылмыстың алдын алу бағытындағы өзекті мәселелерді және мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын талқылады. Жұмыстың басым бағыттары айқындалып, осы саладағы қызметті жетілдіру жөніндегі алдағы шаралар белгіленді.

Қостанай облысының прокуратурасы

12 октября 2026
Кезекте тұрған азаматтарға арналған тұрғын үй заң бұзушылықтармен сатып алынған: прокуратура кемшіліктерді жоюды қамтамасыз етті

Бейімбет Майлин ауданының прокуратурасы пәтер алу кезегінде тұрған азаматтарға, оның ішінде әлеуметтік осал санаттағы тұлғаларға тұрғын үй сатып алу кезінде заң бұзушылықтарды анықтады.

Бюджет, тұрғын үй және құрылыс заңнамасының талаптарының сақталуына жүргізілген тексеру барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі жалпы құны 42,3 млн теңгеге екі пәтерлі тұрғын үйден екі пәтер сатып алғаны анықталды.

Алайда сатып алынған тұрғын үй белгіленген талаптарға сәйкес келмеген. Атап айтқанда, пәтерлер қарапайым әрлеу жағдайында болған, жылыту және газбен жабдықтау жүйелеріне қосылмаған. Үй-жайларды жылыту үшін электр жылытқыштары пайдаланылған, бұл ретте қажетті техникалық шарттар болмаған.

Прокурорлық қадағалау нәтижелері бойынша өнім беруші анықталған кемшіліктерді жедел түрде жойып, тұрғын үйді белгіленген талаптарға сәйкестендірді.

Сонымен қатар, әкімдік тарапынан осындай заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында қосымша шаралар қабылданды. Енді сатып алынатын тұрғын үй уәкілетті органдардың қатысуымен алдын ала комиссиялық тексеруден өткізіледі.

Жол берілген заң бұзушылықтар үшін жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Прокуратура азаматтардың тұрғын үй құқықтарын қорғау және бюджет қаражатын заңды әрі тиімді пайдалануды қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жалғастыруда.

Қостанай облысының прокуратурасы

08 октября 2026
Арқалық қаласындағы колледждерде жүргізілген тексерулер туралы

Арқалық қаласының прокуратурасымен Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі мен Арқалық политехникалық колледжінің қызметінде бюджет заңнамасы талаптарының сақталуына тексерулер жүргізілді.

Тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану фактілері анықталды.

Атап айтқанда, жекелеген студенттер мемлекеттік грант негізінде күндізгі оқу нысанында білім ала отырып, елдің басқа өңірлерінде бір мезгілде еңбек қызметін жүзеге асырғаны анықталды, бұл қаржыландыру шарттарының бұзылуы болып табылады.

Қабылданған прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 3 млн теңге қайтарылып, 5 кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бюджет қаражатын мақсатты және тиімді жұмсауды қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік қаржыландыруды білім алушылардың нақты контингентіне қарай жүзеге асыру бойынша жұмыс жалғасуда.

   Қостанай облысының прокуратурасы

07 октября 2026
Федоров ауданының прокуратурасы 17,4 миллион теңге сомасына медициналық жабдықтарды сатып алу кезінде бұзушылықтардың жолын кесті

Федоров ауданының прокуратурасы «Федоров аудандық ауруханасында» медициналық жабдықтарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде бюджеттік қаражаттың жұмсалуының заңдылығына талдау жүргізді.

Талдау барысында бәсекелестікті жасанды шектеу фактілері анықталды. Сатып алынатын жабдықтың техникалық сипаттізімдері нақты модельдер мен нақты өндірушілерге бағытталған тым толық сипаттамалармен қалыптастырылды.            

Бұл  Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына, адал бәсекелестік, өнім берушілердің теңдігі және бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану қағидаттарына қайшы келеді.

Бұрын жүргізілген сатып алуларды зерделеу мұндай тәжірибе ауруханада және бұрын — гастробейоскоптарды, суару сорғыларын, зертханалық микроскоптарды, операциялық үстелдерді, пациент мониторларын және басқа да медициналық бұйымдарды сатып алу кезінде қолданылғанын көрсетті.

Осы практиканың жүйелі сипатын ескере отырып, талдау нәтижелері облыстың барлық аумағында қадағалау іс-шараларын жүргізу кезінде есепке алуға және пайдалануға бағытталған.

Қостанай облысының прокуратурасы
 

 

06 октября 2026
Еңбек заңнамасының сақталуына жүргізілген тексеру туралы

Арқалық қаласының прокуратурасымен қаладағы білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуына тексеру жүргізілді. Тексеру барысында зейнеткерлік жасқа жеткен қызметкерлердің еңбек құқықтарының жүйелі түрде бұзылғаны анықталды.

Ұжымдық шарттарда көзделген өтемақылардың төленбеуіне, сондай-ақ еңбек қатынастарын тоқтатудың тиісті түрде рәсімделмеуіне байланысты 35 құқық бұзушылық фактісі анықталды.

Прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде білім беру саласының 35 қызметкеріне жалпы сомасы 5 млн теңгеден астам өтемақы төленіп, осылайша азаматтардың бұзылған еңбек құқықтары қалпына келтірілді.

Сонымен қатар, заңда көзделген жауапкершілікке Арқалық қаласының білім беру ұйымдарына бағынысты 11 ұйымның басшысы тартылды.

Қала прокуратурасы заңдылықты қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша жұмысты жалғастыруда. Еңбек заңнамасының сақталуы, төлемдердің уақтылы және толық жүргізілуі, сондай-ақ бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі мәселелері тұрақты бақылауда болады.

Қостанай облысының прокуратурасы

 

03 октября 2026
Қостанай облысының жазасын өтеу мекемелерінде ұялы байланыс сигналының жол берілетін деңгейінен асып кетуіне жол берген үш ірі оператор жауапкершілікке тартылды

Қостанай облысының прокуратурасы Мемлекеттік радиожиілік қызметімен, Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен және байланыс операторларының өкілдерімен бірлесіп, жазасын өтеу мекемелерінің аумағында ұялы байланыс сигналының деңгейіне өлшеу жүргізді.

Жүргізілген өлшеу нәтижелері бойынша жазасын өтеу мекемелерінің үш мекемесінің аумағында «Кар-Тел» ЖШС («Beeline»), «Kcell» АҚ және «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС («ALTEL, Tele2») операторларының ұялы байланыс сигналының жол берілетін деңгейден асып кетуі анықталды.

Облыс прокуратурасы енгізген ден қою актісі бойынша уәкілетті орган ұялы байланыс операторларының үшеуін де Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 637-бабы 1-бөлігінің 16) тармағы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартып, айыппұл салды.

Қылмыстық-атқару кодексінің 97-бабына сәйкес ұялы байланыс операторлары өздерінің байланыс желілерін оңтайландыруды, оның ішінде жазасын өтеу мекемелерінің аумағында радиосигналдың таралу деңгейін төмендету бойынша уақтылы ден қоюды және шаралар қабылдауды қамтамасыз етуге міндетті.

Алайда, бұл талаптар сақталмаған.

Бұған дейін мекемелерде прокурорлар ұялы телефондарды пайдалануға байланысты қылмыстар жасау фактілерін анықтаған.

Мысалы, мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталған адамның ұялы телефонды пайдалана отырып, 4 млн теңгеден астам сомаға алаяқтық әрекеттер жасағаны анықталды.

Тергеу барысында одан ұялы телефондар тәркіленді. Кінәлі адам қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

Қабылданып жатқан шаралардың негізгі мақсаты – байланыс операторларының заңнама талаптарын сақтауын қамтамасыз ету және жазасын өтеу мекемелерінің аумағында ұялы байланыс қызметтерін заңсыз пайдалану мүмкіндігін болдырмау.

Қостанай облысының прокуратурасы

Социальные сети
telegram
youtube
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы