БП

Меню

Страницы

Статья

Қылмыстық-атқарушылық заңнамасының жаңа институты «Сотқа дейінгі пробацияны» еңгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 30 желтоқсандағы «Пробация туралы» жаңа заңында сотқа дейінгі пробация институты қарастырылған.

Аталмыш заңның 13 бабына сәйкес сотқа дейінгі пробация  ерікті негізде келесі күдіктілерге, айыпталушыларға қатысты қолданылады: кәмелетке толмағандарға; 2) мүгедектерге; 3) елу сегіз жастағы және одан асқан әйелдерге; жүкті әйелдерге; үш жасқа дейінгі жас балалары бар әйелдерге; 4) алпыс үш жастағы және одан асқан ерлерге; үш жасқа дейінгі жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтiн ерлерге.        

Сотқа дейінгі пробация аталған тұлғалардың жазбаша өтініші бойынша, ол өтініш жасаған кезден бастап жүзеге асырылады. Сотқа дейінгі пробация өздеріне үйқамақ немесе күзетпен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған адамдарға қатысты қолданылмайды.  

Сотқа дейінгі пробация шеңберінде әлеуметтік-құқытық көмек көрсетіледі, оның іске асырылуы пробация қызметімен қамтамасыз етіледі.

Аталған бағдарламаның іске асыру нәтижелері бойынша, пробация қызметі сот талқылауы басталғанға дейін сотқа дейінгі пробация қолданылатын адамға ұсынылатын сотқа дейінгі баяндаманы жасайды.       Сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында қылмыстық іс тоқтатылған жағдайда, пробация қызметі сотқа дейінгі пробацияны тоқтатады. Бұл ретте адамға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасына сәйкес жалғасады.

2017 жылдың өткен мерзімінде Денисов ауданының қылмыстық қудалау органдарына күдіктілерден сотқа дейінгі пробацияны жүргізу туралы 5 қылмыстық іс бойынша 8 арыз түсті (6 кәмілет жасқа толмаған тұлғалардан, 2 топтағы мүгедектен, және 63 жастағы әйелден).

Сотқа дейінгі пробация аясында, кәмілет жасқа толмаған күдіктілерге әлеуметтік-тұрмыстық биімдеу, 2 топтағы мүгедекке және 63 жастағы әйелге медициналық көмек, сондай-ақ әлеуметтік-құқықтық мәселелер бойынша консультациялар ұсынылды.     

Денисов ауданының прокуратурасы

Дата публикации
29 сентября 2017
Дата обновления
19 февраля 2020
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
30 марта 2020
Мемлекет атынан қылмыстық қудалау
Ақпарат
30 марта 2020
Мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалау

Социальные медиа

telegram
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы