Государственное учреждение «Прокуратура Костанайской области», 110000, Костанайская область, г.Костанай, ул.Алтынсарина, 118 «А», телефон для справок: 8(7142) 54-94-93, электронная почта: 7100804@prokuror.gov.kz, объявляет внутренний конкурс на занятие вакантной административной государственной должности корпуса «Б»:

«Қостанай облысының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі, 110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Алтынсарин көшесі, 118 «А», анықтама үшін телефондар: 8 (7142) 54-94-93, электрондық пошта: 7100804@prokuror.gov.kz, «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасу үшін ішкі конкурс жариялайды:

 Қостанай облысы прокуратурасы қаржы және ақпараттандыру бөлімінің бас маманы (C-О-5 санаты) – 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 263 131 теңгеден 302 255 тенгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

  1. Облыс прокуратурасының ғимаратында компьютерлік техникаға материалдық жауапкершілікте болады;
  2. Прокуратура органдарында компьютерлеу және ақпараттандыруды қамтамасыз ету сұрақтары бойынша тексеріс өткізуге қатысады;
  3. ЖЭЕМ пайдаланушыларға қолдау көрсетеді, компьютерлік техника сұрақтары бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде кеңес береді;
  4. Компьютерлік техниканы компьютерлік вирустардың, залалды бағдарламалардың бар болуын, сәйкестігін тексереді;
  5. Компьютеризация сұрақтары бойынша прокуратура органдарының қызметкерлеріне кеңес береді;
  6. Локалдық есеп желісін пайдаланушыларға рұқсат беруіне әкімшілік етеді (ЛВС);
  7. Локалдық есеп желісін пайдаланушыларға қолдау көрсетеді, желіде жұмыс істеу сұрақтары бойынша кеңес береді;
  8. Корпоративтік информациондық желіде пайдаланушыларды қондыру мен тіркеу жұмыстарын жүргізеді.

 

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: 

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: ақпараттық-коммуникациялық технологиялар  (информатика, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздік).

Үлгілік біліктілік талаптарға және мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларына сәйкес.

Жұмыс өтілі: жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 8 желтоқсандағы № 196 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде өткізіледі.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар ішкі конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электрондық үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады, құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі немесе электрондық тасымалдағыштағы еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап келесі бір жұмыс күн ішінде ішкі конкурс жариялаған мемлекеттік органда өтеді: Қостанай қаласы, Алтынсарин көшесі, 118 «А», Қостанай облысы прокуратурасының ғимаратында өтеді.

Азаматтар ішкі конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

Конкурстық комиссияның хатшысы әңгімелесуден сәтті өткен кандидаттарға ішкі конкурс нәтижесі туралы, конкурстық комиссия шешім шығарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде хабарлайды.

Кандидаттардың ішкі конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте шағымдануына жол беріледі.

 

 

 

Дата публикации
07 апреля 2026