GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

БП
Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Прокуратура туралы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
12 октября 2026
Қарағандыда Республика күніне және прокуратура органдарының 35 жылдығына арналған шағын футболдан турнир өтті

Қазақстан Республикасының Республика күні және Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының құрылғанына 35 жыл толуына орай Қарағанды қаласында прокуратура органдарының қатардағы қызметкерлері мен ардагерлерін біріктірген шағын футболдан турнир өтті.

Спорт алаңында прокурорлық қызметтің әр буынының өкілдері бас қосты. Турнир тек спорттық жарыс қана емес, сонымен қатар командалық рухты нығайтуға, кәсіби дәстүрлерді сақтауға және ұрпақтар сабақтастығын дәріптеуге мүмкіндік берген маңызды іс-шара болды.

Жарыс ойындары тартысты әрі серпінді жағдайда өтті. Қатысушылар өздерінің жоғары спорттық дайындығын, бірлігін, өзара қолдауын және жеңіске деген жігерін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен және грамоталармен марапатталды. Үздік ойыншылар арнайы номинацияларда атап өтілді.

Сонымен қатар, мерейтой аясында ұжымдық рухты нығайтуға бағытталған түрлі спорттық және командалық ойындарды қамтыған өзге де спорттық іс-шаралар өткізілді.

Аталған жарыс прокуратура органдарының 35 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралардың жалғасы болып, прокурорлық қызметтің әр буынының өкілдерін заңдылық, жауапкершілік, кәсіби біліктілік және қоғамға қызмет етудің құндылықтары төңірегінде біріктірді.

Мерейтой прокуратура органдарының тарихы мен жетістіктерін еске алуға ғана емес, сонымен қатар қалыптасқан дәстүрлерді нығайтуға, ұрпақтар үндестігін сақтауға және ұжымның командалық рухын арттыруға ықпал ететін маңызды шара.

Қарағанды облысының прокуратурасы

03 октября 2026
Ұрпақтар сабақтастығы және заманауи технологиялар - Теміртау қаласында

Прокуратура органдарының 35-жылдығы қарсаңында Теміртау қаласында прокуратура органдарының қалыптасу тарихы мен дамуын, ұрпақтар сабақтастығын және прокурорлық қызметтің кәсіби дәстүрлерін сақтауға арналған прокуратура мұражайының ашылуы өтті.

Салтанатты іс-шараға Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, облыс прокуроры Мұрат Тлеубердиев, құқық қорғау органдарының басшылары мен прокуратура ардагерлері қатысты.

Көрмеде Теміртау қаласы прокуратурасының қызметі туралы тарихи материалдар, қаланың бірінші прокурорының жеке ісі, басшылар туралы мәліметтер, әр жылдардағы құжаттар мен фотосуреттер, сондай-ақ ардагерлердің жеке заттары, нысанды киімдері, погондары, наградалары және прокурорлық қызметтің басқа да атрибуттары ұсынылған.

Жекелеген бөлімдер Қазақстан Республикасының Бас прокурорларына, Қарағанды облысының прокурорларына, сондай-ақ прокуратура органдарының халықаралық ынтымақтастығына арналған.

Мұражай прокуратура ардагерлерімен, жас қызметкерлермен және оқушы жастармен кездесу алаңына айналады, бұл кәсіби тәжірибе беруге, ұрпақтар сабақтастығын сақтауға және заң күзетіндегі қызметке деген құрметті нығайтуға мүмкіндік береді.

Іс-шара шеңберінде қонақтарға — қадағалау ден қою орталығы таныстырылды, ол қаладағы нақты уақыттағы жағдайға мониторингті қамтамасыз ететін және ден қою шараларын жедел қабылдауға және заңдылықтың бұзылуын анықтауға мүмкіндік беретін заманауи алаң.

Бүгінде прокуратура уақытпен тексерілген қағидаттарды сақтай отырып, қадағалау мен ден қоюдың заманауи құралдарын дәйекті түрде енгізуде.

02 октября 2026
Қарағанды облысында экологиялық акция өтті

 «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында Қарағанды облысының прокуратурасы өңірдің қоғамдық кеңістіктерін көгалдандыру және абаттандыру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізді.

Мемлекет басшысы қоғамда жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыруға назар аударып, бұл — Конституцияда көрсетілген аса маңызды міндет екенін атап өтті.

Теміртау қаласында қала прокуратурасының бастамашылығымен, Теміртау қаласының әкімдігі және «Qarmet» АҚ қолдауымен жаңадан абаттандырылған «Жасыл Теміртау» алаңының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Аумаққа 2 000-ға жуық ағаш отырғызылып, 80 парктік шамдар орнатылды, 25 ұзын орындықтар, перголалар және балалар ойын алаңы жабдықталды. Жаңа қоғамдық кеңістік тұрғындардың демалуына, серуендеуіне және қоғамдық іс-шараларды өткізуге арналған.

Салтанатты ашылу рәсіміне Қарағанды облысының әкімі Ермағамбет Бөлекпаев, облыс прокуроры Мұрат Тлеубердиев, мемлекеттік органдардың, еңбек ұжымдарының өкілдері, ақсақалдар, жастар және қала тұрғындары қатысты.

Сондай-ақ, Қарағанды қаласында болашақ экопаркті көгалдандыру мақсатында облыс прокурорының қатысуымен қарағай көшеттерін отырғызу ұйымдастырылды.

Қалалық ортаны абаттандырудың тек экологиялық ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар екендігі атап өтілді. Қолайлы қоғамдық кеңістіктерді құру азаматтарда тазалық мәдениетін, табиғатқа және туған қалаға деген ұқыпты көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді.

 

Қарағанды облысының прокуратурасы

28 сентября 2026
«QARAGANDA FEST»: «Заң мен тәртіп» қағидаттарын насихаттау

Қарағандыда тұрғындар мен қала қонақтарын музыка, шығармашылық, спорт және белсенді демалыс алаңдарында біріктірген «QARAGANDA FEST» ауқымды қалалық фестивалі өтті.

Фестиваль аясында Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан прокуратурасының қызметкерлері тұрғындар арасында «Заң мен тәртіп» қағидаттарын насихаттауға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараға қатысушыларға заңнама талаптары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар фестиваль қонақтарына ақпараттық материалдар таратылды.

 «Таза Қазақстан» бастамасы аясында прокуратура қызметкерлері қатысушылардың назарын қоршаған ортаға ұқыпты қарау, тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру қажеттілігіне де аударды.

 

Қарағанды облысының прокуратурасы

 

 

 

19 сентября 2026
Қарағанды облысының прокуратурасы трансұлттық ұйымдасқан топтың әрекеттері туралы істі қарауға қатысуды қамтамасыз етті

Интернет және телефон алаяқтықтарының өсуі жағдайында қазіргі заманғы телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен  азаматтарға жаппай алаяқтық қоңырау шалуға қолданылатын қылмыстық схемаларға қарсы іс-қимыл ерекше өзекті болып отыр.

Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты 24 сотталушыны кінәлі деп тауып, әрқайсысына 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Қарағанды облысы прокуратурасының мемлекеттік айыптаушылары дәлелдемелерді жан-жақты және объективті зерттеуді қамтамасыз етті.

Сот ұйымдасқан топқа қатысушылардың келісілген түрде әрекет еткенін, әрқайсысына белгілі бір рөл берілгенін және олардың әрекеттерін ұйымдастырушылар үйлестіргенін анықтады. Қатысушылардың көпшілігі Қазақстанға Ресей Федерациясынан келген. Ұйымдастырушылардың нұсқауы бойынша кейбіреулері Ресейге жабдық алу үшін барған.

Орындаушылар негізінен Telegram арқылы табылған. Оларға белгілі бір қалаға келу, тұрғын үйді жалға алу, SIM-box алу немесе жеткізу, жабдықты Интернетке қосу, қазақстандық операторлардың SIM-карталарын орнату және оның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету тапсырылған. Бұл жұмыс үшін қатысушыларға күніне 50-ден 100 долларға дейін ақшалай сыйақы төленген.

Негізгі дәлелдер сотталғандардың телефондарынан табылған Telegram-дағы хат-хабарлар болды. Оларда жабдықты орнату және техникалық қызмет көрсету, SIM карталарын ауыстыру, тапсырмаларды орындау және үйлестірушілерге есеп беру бойынша нұсқаулар болған.

SIM-box-қа қосылған телефон нөмірлері арқылы азаматтарға алаяқтық қоңыраулар жасалғаны анықталды. Қаскүнемдер өздерін мемлекеттік органдардың, банктердің, "Қазпошта" АҚ және басқа да ұйымдардың қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтардан растау кодтарын алып, оларды несиелер ресімдеуге және ақшалай қаражат аударуға көндірген.

Сотталушылар кінәларын мойындамағандарына қарамастан, прокуратура ұсынған дәлелдемелер олардың ұйымдасқан қылмыстық әрекетке қатыстылығын растады.

Қазіргі уақытта үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қарағанды облысының прокуратурасы қазіргі заманғы телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты жалғастыруда.

Қылмыстық схемалардың жолын кесуге және азаматтардың мүліктік құқықтарын қорғауға ерекше назар аударылады.

 

Қарағанды облысының прокуратурасы

18 сентября 2026
«Жастар – Заң мен тәртіптің тірегі» форум 15 мыңға жуық жастың басын қосты

Бүгін Қарағанды облысында прокуратураның бастамасымен әкімдіктің қолдауымен, экономикалық тергеу және полиция департаменттерінің қатысуымен оқу жылының басталуына арналған «Жастар – Заң мен тәртіптің тірегі» тақырыбындағы жастар форумы өтті.

Форум жұмысына облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, облыс прокуроры Мұрат Тлеубердиев, Ішкі істер министрлігінің Комитет төрағасы Арманов Саданов, Бас прокуратураның Кадрлық жұмыс департаментінің бастығы Аида Ануар, Экономикалық тергеу департаментінің бастығы Дархан Құрақбаев, сондай-ақ жастар ұйымдарының өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Іс-шара «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын насихаттау аясында өткізіліп, жастардың құқықтық мәдениетін көтеруге, құқық бұзушылықтың алдын алуға және қабылданатын шешімдерге деген жауаптылық сезімін қалыптастыруға бағытталған.

Форум жоғары және арнайы орта оқу орындарының 15 мыңнан астам студенттерін біріктірді (офлайн және онлайн форматта).

Қатысушыларға есірткі таратуға, интернет-алаяқтыққа, қаржылық пирамидаларға және дропперлікке тартылған жастардың өмірлік оқиғалары көрсетілді. Тәртіп сақшылары нақты мысалдар арқылы асығыс жасалған қадам немесе тез ақша табуға деген ұмтылыс ауыр құқықтық салдарға әкеп соқтыруы мүмкін екенін түсіндірді.

Форум қатысушылары алдында сөз сөйлеген облыс прокуроры цифрлық технологиялардың дамуы жаңа мүмкіндіктермен қатар, қылмыстың алдын алуда заманауи тәсілдерді талап ететін жаңа сын-қатерлерді де туындататынын атап өтті.

Форум аясында прокуратураның бастамасымен Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің заң факультетінде «Болашақ прокурор аудиториясы» ашылды. Ол прокуратура органдарының қызметі туралы тақырыптық стендтермен және ғылыми әдебиеттермен жабдықталған. Мұнда прокуратураның тәжірибелі қызметкерлерінің қатысуымен «Прокурорлық қадағалау» пәні бойынша сабақтар өтетін болады.

Форум ашық және интерактивті форматта өтті. Сарапшылардың баяндамаларынан басқа, студенттермен ойындар, сұхбаттар және панельдік сессиялар ұйымдастырылып, оның барысында қатысушылар нақты сұрақтарды талқылап, өз ұсыныстарын білдірді.

 «Заң мен тәртіп» – бұл тек мемлекеттік органдардың жұмысы ғана емес. Бұл – әрбір азаматтың күн сайынғы саналы таңдауы. Құқықтық мәдениет пен жауапты қоғам дәл осындай таңдаудан басталады.

 

Қарағанды облысының прокуратурасы

09 сентября 2026
Қарағанды облысында прокурорлар «Евразия Инвест LTD» компаниясының 54 млрд теңгелік инвестициялық жобаларын сүйемелдеуде

Қарағанды ​​облысында прокуратура әкімдікпен бірлесіп, елдің ең ірі агроөнеркәсіптік кластерлерінің бірі – «Евразия Инвест LTD» ЖШС инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға жәрдем көрсетуде. Компанияның инвестицияларының жалпы көлемі 54 млрд теңгеден асады, 11 жоба аясында 345 жұмыс орнын ашу жоспарланған.

Қарағанды ​​облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиев облыс әкімі Ерманғанбет Бөлекпаевпен бірге компания басшылығымен кездесу өткізіп, онда қолданыстағы жобаларды іске асыру және туындаған әкімшілік кедергілерді жою мәселелерін талқылады.

 Компания жобаларды толығымен өз қаражаты есебінен жүзеге асыруда. Оның иелігінде шамамен 56 мың га жер, оның ішінде 10 мың га суармалы жер бар.

 Бүгінгі таңда 15,9 млрд теңгеге 5 жоба жүзеге асырылды. Олардың қатарында – заманауи элеватор, көкөніс қоймасы, 1 200 бас малға арналған сүт-тауарлар фермасының құрылысы және 1 100 га аумақта ауыл шаруашылығы дақылдарын суару жүйесін енгізу бар.

 Негізгі нысандардың бірі Осакаров ауданы Родниковское ауылындағы элеватор болып табылады. Оның қуаты бір мезгілде 35 мың тонна астық сақтауға мүмкіндік береді.

 Кәсіпорын жұмыстың барлық кезеңдерін – астықты қабылдау мен тазартудан бастап сақтау мен жөнелтуге дейін автоматтандырған. Шикізат сапасы жеке зертхана арқылы бақыланады.

Тағы 6 жоба іске асырылу сатысында тұр, оның төртеуі ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

 Кездесу барысында инвестор нысандарды инженерлік инфрақұрылымға қосуға және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауға қатысты мәселелерді атап өтті.

 Oблыс прокуроры инвесторлардың жобаларды іске асыру кезінде туындайтын проблемалық мәселелерін жедел шешуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік беретін және олардың құқықтарын қорғауға бағытталған прокурорлық сүйемелдеудің қолданыстағы құқықтық тетіктерін түсіндірді.

 Қарағанды ​​облысының прокуратурасы компанияның инвестициялық жобаларын сүйемелдеуді жалғастыруда және инвестор көтерген мәселелердің шешілуін тұрақты бақылауда ұстауда.

 

Қарағанды облысының прокуратурасы

08 сентября 2026
Қарағанды облысының прокуратурасы инвесторларға қаржы бұзушылығын жоюға көмектесіп, оларды алаяқтық салдарынан қорғады

Қарағанды облысының прокуроры республикалық INVEST CARAVAN акциясы аясында инвесторлармен кездесті. Оның қорытындысы бойынша «Saran» республикалық маңызы бар индустриялық аймағында жобаларын іске асырып жатқан компаниялардың үш мәселесі шешілді.

Жұмыс сапары және инвесторлармен кездесу барысында прокуратура бизнес өкілдерінің өтініштерін қарап, уәкілетті мемлекеттік органдар мен табиғи монополиялар субъектілерінің әрекеттерінің заңдылығын тексерді.

Мәселелердің бірі «Tengri Tyres» ЖШС және «Silk Road Electronics» ЖШС инвесторларына негізсіз қаржылық есептеулер жүргізілуіне қатысты болды.

Тексеру табиғи монополия субъектісі электр энергиясын тұтыну лимиттерінен асып кеткені үшін қосымша есептелген сомаларды негізсіз арттырғаны анықтады. Бұл инвесторларға қаржылық санкциялар қолданылуына алып келген.

Прокуратураның араласуынан кейін қайта есептеу жүргізілді. Нәтижесінде қосымша есептелген сомалар мен айыппұл санкциялары едәуір төмендетілді. Бұл инвесторларға негізсіз қаржылық шығындарға жол бермеуге мүмкіндік берді.

Тағы бір проблемалық мәселе «Karaganda Insulation» ЖШС-ға қатысты болды. Компания жабдықтарды жеткізу жөніндегі сыртқы экономикалық шартты орындау барысында алаяқтыққа тап болған.

Анықталғандай, алаяқтық схема электрондық хат-хабарларды қолдан жасаумен және өнім берушінің төлем деректемелерін ауыстырумен байланысты болған. Соның салдарынан инвестор қаражатын өзгертілген деректемелер бойынша аударған.

Бұл ретте валюталық реттеу саласындағы заңнама талаптарына сәйкес компанияға шетел валютасын репатриациялау міндеті жүктелген. Алайда инвесторға қатысты жасалған қылмыс салдарынан бұл міндетті орындау объективті түрде қиындаған.

Бұған дейін компанияның өтініштері полиция органымен бірнеше рет расталмаған деп танылып, есептен шығарылған. Қылмыстық істің тіркелмеуі инвесторға ұлттық және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабын орындамағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 251-бабы бойынша жыл сайын әкімшілік жауаптылыққа тартылу қаупін туғызған. Ықтимал айыппұл мөлшері репатриацияланбаған валюта сомасының 20%-ын, яғни 20 мың еуродан астам соманы құраған.

Анықталған мән-жайларды ескере отырып, прокуратура органдары алаяқтық фактісін Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде (СДТБТ) тіркеді.

Осылайша, INVEST CARAVAN акциясы аясында Қарағанды облысының прокуратурасы үш инвестордың бұзылған құқықтарын қалпына келтіріп, негізсіз қаржылық ауыртпалықтарды жойды және алаяқтықтан зардап шеккен инвестордың мүдделерін қорғау бойынша шаралар қабылдады.

INVEST CARAVAN – прокуратура органдарының инвесторлармен тікелей өзара іс-қимылының құралдарының бірі. Ол инвестициялық жобаларды іске асыруға кедергі келтіретін әкімшілік тосқауылдар мен басқа да проблемаларды жедел анықтауға және жоюға мүмкіндік береді.

Инвесторларды сүйемелдеу және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс жалғасуда және Қарағанды облысының прокуратурасының тұрақты бақылауында.

Қарағанды облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге тап болған инвесторларды +7 (701) 544-08-59 телефоны немесе 115 Call-орталығы арқылы хабарласуға шақырады.

 

Қарағанды облысының прокуратурасы

03 сентября 2026
Теміртау қаласында Прокурорлық қадағалау орталығы ашылды

Теміртау қаласының прокуратурасында нақты уақыт режимінде қаладағы жағдайды бақылауға және заңдылықтың бұзылуына жедел ден қоюға мүмкіндік беретін заманауи Қадағалау орталығының ашылуы өтті.

Іс-шараға Бас прокуратураның Қаржы департаментінің бастығы Ілияс Испанов, Қызмет бастығының орынбасары Ақымжан Үмбиталин, Қарағанды облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиев және қаланың мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.

Жаңа Орталық прокурорлық қадағалаудың тиімділігін арттыруға, заңдылықтың сақталуына бақылауды күшейтуге, азаматтардың құқықтары мен мемлекет мүдделерін қорғау шараларын жедел қабылдауға арналған.

Орталықтың негізгі артықшылықтарының бірі - қаладағы жағдайды тәулік бойы бақылау мүмкіндігі. Бірыңғай бейнеқабырғаға көшелерде, саябақтарда, мектептерде, мектепке дейінгі және емдеу мекемелерінде, басқа да нысандарда орнатылған 1 575 бейнебақылау камерасы қосылған.

Уақытша ұстау изоляторларындағы адамдардың құқықтарын сақтауға ерекше назар аударылады.

Қашықтықтан бақылау заң бұзушылықтарды уақтылы анықтап, қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді. Орталықтың жұмысының нәтижесінде заңсыз ұсталған 8 адам босатылды.

Сонымен қатар, Орталыққа цифрлық қадағалау жүйесінің қосылуы осы жүйенің бірегей мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануға ықпал етеді.

Кезекші прокурорлар тәулік бойы мониторингті жүзеге асырады. Құқық бұзушылықтар немесе өзге де заң бұзушылық фактілері анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданып, прокурордың оқиға орнына шұғыл шығуысыз, жағдайға жедел ден қойылады.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде қаладағы қылмыстың жалпы деңгейі 28%-ға, оның ішінде аса ауыр қылмыстар 50%-ға, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар 87%-ға төмендеді.

Іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушылар қадағалау қызметіне заманауи технологияларды одан әрі енгізудің және заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Қадағалау орталығының ашылуы Теміртау қаласы прокуратурасының прокурорлық қадағалауды жетілдіруге және «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыруға бағытталған тағы бір практикалық қадамы болды.

 

Қарағанды облысының прокуратурасы

03 сентября 2026
Кәсіпкерге қатысты жүргізілген заңсыз тексеру тоқтатылды

Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының прокуратурасы жеке кәсіпкерге қатысты заңсыз тексеру жүргізу фактісін анықтады.

Салық органы 2024 жылы ғана алкоголь өнімдерін сатуға лицензия алған кәсіпкердің қызметіне қатысы жоқ 2022-2023 жылдары анықталған, бұзушылықтар туралы мәліметтерді пайдаланған, сонымен қатар  салық заңнамасының бұзылуын көрсететін нақты фактілер мен мән-жайлар келтірілмеген.

Прокуратураның наразылығы бойынша Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексі талаптарының өрескел бұзылуына байланысты тексеру жарамсыз деп танылды.

Әлихан Бөкейхан ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының кінәлі лауазымды тұлғасы тексеру жүргізу тәртібін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 175-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Прокуратура органдары кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастыруда.

Құқықтары бұзылған жағдайда кәсіпкерлер Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданының прокуратурасына 8 (707) 989-28-59 телефон арқылы хабарласа алады.

 

Қарағанды облысының прокуратурасы

Социальные сети
telegram
youtube
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы