Қылмыстық қудалауды, ЖІҚ (жедел іздестіру қызметі), ҚБҚ (қарсы барлау қызметі) жүзеге асыру кезінде адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру;
Қылмыстық қудалауды, ЖІҚ, ҚБҚ, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жүзеге асыру кезінде заңдылықтың бұзылуын анықтау және жою;
Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру кезінде құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
Қылмыстық қудалау және ЖІҚ сапасын талдау;
Қылмыстық қудалауды, ЖІҚ мен ҚБҚ жүзеге асыру кезінде дұрыс бірыңғай практиканы қалыптастыруға жәрдемдесуге бағытталған шараларды әзірлеу;
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырыстарына, жедел және аппараттық кеңестерге материалдар дайындау;
Төмен тұрған прокуратуралардың қылмыстық қудалаудың, ЖІҚ және ҚБҚ заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметін ұйымдастыру;
Құзыреті шегінде нормашығармашылық қызметке қатысу.