БП

Меню

Страницы

Статья

Қарағандылық прокурорлар мердігерлік ұйымның басшысына қатысты тергеу бастады

Қарағанды облысы прокуратурасының Арнайы прокурорлар басқармасы «DCT Kazakhstan» ЖШС директорына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігіне сәйкес (сеніп тапсырылған аса ірі мөлшердегі мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу) тергеу бастады. 

Қадағалаушы орган кәсіпорын басшысының 2018 жылы «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Қарағанды қаласында көп пәтерлі тұрғын үйлер салуға бөлінген бюджет қаражаттарын ұрлауда күдікті екенін атап өтті. 

Қылмыстық әрекеттермен мемлекетке 107 млн теңге сомасында зиян келтірілген. Қазіргі уақытта ЖШС-нің директоры сот санкциясымен 2 айға қамауға алынды.  

Тергеу барысы облыс прокуратурасы басшылығының ерекше бақылауында.

Басқа ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік  кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу құпиясы болып табылады және жариялануға жатпайды.

Қарағанды облысының прокуратурасы

Дата публикации
10 августа 2020
Дата обновления
10 августа 2020
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
10 августа 2020
Қарағандылық прокурорлар мердігерлік ұйымның басшысына қатысты тергеу бастады
Баспасөз релиздері
17 июля 2020
Қарағанды облысында дәрі-дәрмек бағасын көтеру фактілері анықталды

Социальные медиа

telegram
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы