С-О-5 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:
|
Санаты |
Еңбек өтілі жылдарына байланысты |
|
|
min |
max |
|
|
С-О-5 |
179 679 |
211 925 |
«Қарағанды облысының прокуратурасы» ММ (100026, Қарағанды қ., Құрылысшылар даңғылы, 28а, анықтама телефоны: 35-35-95, электронды мекенжайы: 7212383@prokuror.kz), «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
1.Қарағанды облысы прокуратурасының Аппаратының өтініштермен жұмыс және іс жүргізу тобы бас маманы – 1 бірлік (С-О-5 санаты).
Функционалдық міндеттері: Құжаттармен жұмыс істеудің белгіленген қағидаларына сәйкес ішкі, кіріс және шығыс құжаттар мен істерді, оның ішінде таратылуы шектелген мәліметтерді қамтитын құжаттар мен істерді қабылдау, өңдеу, тіркеу, қарауға беру, есепке алу және жүйелеу, сақтау, көшіру, көбейту, жөнелту, тарату және мақсаты бойынша жеткізу. Құжаттарды жасауға және қол қоюға, істерді ресімдеуге және қалыптастыруға қойылатын белгіленген талаптардың сақталуына ішкі бақылауды жүзеге асыру. Құжаттармен жұмыс істеу қағидалары мәселелері бойынша жұмыскерлерге нұсқама жүргізу. Номенклатуралық істер мен қадағалау іс жүргізуін қалыптастыру, есепке алу және жүргізу. Құжат айналымын есепке алу және құжаттардың қозғалысына талдау жүргізу, құжаттар құрамын оңтайландыру және құжат айналымы көлемін қысқарту, құжаттармен жұмыс нысандары мен әдістерін жетілдіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру. Сақтауға және жоюға іріктеу мақсатында істер мен құжаттардың құндылығына сараптама ұйымдастыру. Іс жүргізу аяқталған істерді, тіркеу карточкаларын және электрондық деректер базасын дайындау және ведомстволық мұрағатқа беру. Істер номенклатурасын, құжаттар мен істер тізімдемелерін, құжаттар бланкілерінің жобаларын жасау. Мөрлерді, мөртабандарды және құжаттар бланкілерін есепке алу және сақтау.
Білім деңгейіне қойылатын талаптар: "Журналистика және ақпарат", "Құқық" немесе "Қоғамдық қауіпсіздік" бағыттары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар
1) нысан бойынша өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен 2-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;
Жоғарыда көрсетілген құжаттар мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде электрондық түрде «Е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесі немесе «Е-gov» электрондық үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына қабылданады.
Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде ММ «Қарағанды облысы прокуратурасында» өтеді.
Кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сондай-ақ конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясының және персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не сот тәртібінде шағымдана алады.