С-О-5 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:
|
Санаты |
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты |
|
|
min |
max |
|
|
С-О-5 |
186632 |
229492 |
«Қарағанды облысының прокуратурасы» ММ (100026, Қарағанды қ., Құрылысшылар даңғылы, 28а, анықтама телефоны: 35-35-95, электронды мекенжайы: 7212386@prokuror.kz), бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
Функционалдық міндеттері: мемлекеттік сатып алу жоспарының жобаларын, сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге техникалық ерекшеліктерін жасау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасуды ұйымдастыру және есептілікті жасау. Өнім берушілерге шарттық міндеттемелерді бұзғаны үшін наразылық құжаттарды дайындау, өнім берушімен жасалған шарттардың талаптарын өзгерту немесе толықтыруды келісу. Сақтау және жою үшін іріктеу мақсатында
Істер номенклатурасын, құжаттар тізімдемесі және құжаттар бланкілерінің жобаларын жасау. Құжаттар мен істерді сақтау және жоюға іріктеу мақсатында сараптамалық құндылықтар жүргізеді. Іс жүргізуі аяқталған құжаттар мен істердің, журналдардың, кітаптардың, тіркеу кәртішкелерінің, электрондық дерекқорлардың және басқа да материалдық объектілердің дайындалуын және ведомстволық не мемлекеттік мұрағатқа тапсырылуын жүзеге асырады. Жұмыскерлерді нұсқаулық және анықтамалық материалдармен, ұйымдастыру техникасымен және басқа да жабдықтармен, кеңсе керек-жарақтарымен және құралдарымен. Баспа, көшіру және көбейту жұмыстарын орындайды. (Блок- «Б»).
Білім деңгейіне қойылатын талаптар: Құқық саласы («құқықтану», «құқық қорғау қызметі»); әлеуметтік ғылымдары саласындағы экономика және бизнес («экономика», «есеп және аудит» және «қаржы», мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Функционалдық міндеттері: Мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есебін (негізгі құралдарды, тауар-материалдық құндылықтарды, шаруашылық-қаржылық қызмет нәтижелерін, көрсетілген қызметтер үшін өнім берушілермен және т.б. есепке алу) жүргізу. Қаржылық тәртіпті сақтауға және ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу. Бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша бастапқы құжаттаманы қабылдауды және бақылауды жүзеге асыру және оларды есептік өңдеуге дайындау. Негізгі құралдардың, тауар-материалдық құндылықтардың және ақша қаражатының қозғалысына байланысты операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында көрсету. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, зейнетақы аударымдарын және басқа да төлемдерді, қызметкерлердің жалақысын есептеу және аудару. Есептің тиісті бағыттары (учаскелері) бойынша салыстырмалы және дұрыс бухгалтерлік ақпаратпен қамтамасыз ету. Бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарының жобасын әзірлеу. Бухгалтерлік есеп және есептілік деректері бойынша шаруашылық-қаржы қызметіне экономикалық талдау жүргізуге, үнемдеу режимін және құжат айналымын жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға, негізгі құралдарға, ақша қаражаты мен тауар-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізуге қатысу. Бухгалтерлік ақпараттың деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және сақтау. Есептілікті жасау үшін бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша деректерді дайындау, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, оларды мұрағатқа сақтауға тапсыру үшін белгіленген тәртіппен ресімдеу. (Блок- «Б»).
Білім деңгейіне қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдары саласындағы экономика және бизнес «қаржы», «есеп және аудит» мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) өтініш 1-қосымшаға сәйкес нысанда;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен 2-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;
3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Жоғарыда көрсетілген құжаттар мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.
Жалпы конкурсқа «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адамдар келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.
Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде ММ «Қарағанды облысы прокуратурасында» өтеді. Кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сондай-ақ конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясының және персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не сот тәртібінде шағымдана алады.