Прокурорлық қадағалауды ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы
«Прокуратура туралы» 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағына, 10-бабының 2-тармағына және 37-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдар қызметінің, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдердің, заңды күшіне енген сот актілерінің, атқарушылық іс жүргізудің, азаматтық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сотта мемлекет мүдделерін білдірудің заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Үкіметтің, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ өзге де ұйымдардың актілері мен шешімдері заңдылығының жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу қағидалары бекітілсін.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерінің, прокуратура ведомстволарының, мекемелері мен білім беру ұйымының басшыларына, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, Қазақстан Республикасы астанасының прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға мәлімет үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры Ғ. Нұрдәулетов
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2021 жылғы « »________ № ____
бұйрығына 1-қосымша
Мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдар қызметінің, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдердің, заңды күшіне енген сот актілерінің, атқарушылық іс жүргізудің, азаматтық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сотта мемлекет мүдделерін білдірудің заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ
1-тарау. Жалпы ережелер
1) мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың қызметінің, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдерінің заңдылығын жоғары қадағалауды;
2) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде (бұдан әрі - ӘҚБтК), Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы Азаматтық процестік кодексінде (бұдан әрі - АПК) және Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде (бұдан әрі - ӘРПК) айқындалған тәртіппен азаматтық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сотта мемлекет мүдделерін білдіруді;
3) азаматтық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерінің заңдылығын қадағалауды;
4) азаматтық, әкімшілік істер, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер және қылмыстық істер (қылмыстық айыппұлдарды өндіріп алуды және мүлікті тәркілеуді қоспағанда) бойынша атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды қамтиды.
1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғамның және мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру;
2) заңдылықты бұзушылықтарды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ олардың салдарларын анықтау және жою болып табылады.
1) заңдылықтың жай-күйін талдайды;
2) Үкіметтің, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ басқа да ұйымдардың актілері мен шешімдерін бағалайды;
3) мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың қызметіне заңдылықтың сақталуына тексерістер жүргізеді;
4) азаматтық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сотта мемлекеттің мүдделерін білдіреді, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізудің заңдылығына қадағалауды жүзеге асырады.
2-тарау. Мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың қызметіне заңдылықтың сақталуына тексерістер жүргізу
Осы Нұсқаулықтың күші ӘРПК-нің 3-бабының 4-тармағында санамаланған Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелмеген құқықтық қатынастар салаларына қолданылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің және Бас Прокурордың тапсырмалары бойынша тағайындалатын және жүргізілетін тексерістерге осы Нұсқаулықтың 8 және 9-тармақтарының ережелері таралмайды.
1) физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өзінің қорғану құқығын өз бетінше жүзеге асыра алмайтын адамдардың;
2) шектелмеген адамдар қатарының;
3) егер бұл адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптың алдын алуға қажет болса, адамдардың, қоғамның және мемлекеттің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау үшін тағайындайды және жүргізеді.
Физикалық, психикалық немесе өзге де мән-жайларға байланысты өзінің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды өз бетінше жүзеге асыра алмайтын адамдарға:
жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, кемтар балалар, өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарындағы, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарындағы, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарындағы, тәрбиелеудің, оқытудың және әлеуметтік оңалтудың ерекше жағдайларын қамтамасыз ететін оқу-тәрбие мекемелеріндегі балалар;
заңды күшіне енген сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдар;
өзінің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін өз бетінше қорғауға қабілеті жоқ өзге де адамдар жатады.
Шектелмеген адамдар қатары деп жеке белгісіз адамдар тобы немесе олардың сандық құрамын алдын ала анықтау мүмкін емес не қиыншылық туғызатын құқықтық қатынастарға қатысушылардың көпшілігі түсініледі.
Адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптар деп егер оларды орындау адамның және азаматтың денсаулығы мен өміріне зиян келтірсе не ұлттық қауіпсіздікке қатер төндірсе немесе төндіруі мүмкін болса, құқықтық акт не әрекеттер (әрекетсіздік) түсініледі.
1) құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметінде заңдылықтың сақталуына қадағалауды жүзеге асыру кезінде тексеріс жүргізуді;
2) құзыретіне тиісті мәселелер жатқызылған бақылау және қадағалау уәкілетті органының не оның лауазымды адамдарының қызметінде мүдделер қақтығысының болуын;
3) тексеріс тағайындауға құзыретіне тиісті мәселелер жатқызылған бақылау және қадағалау уәкілетті органының не оның лауазымды адамдарының шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану себеп болған жағдайды қоспағанда, құзыретіне тиісті мәселелер жатқызылған өзге де уәкілетті мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының өз өкілеттіктерін орындамау немесе тиісті түрде орындамау фактілері анықталған кезде ғана тағайындалады және жүргізіледі.
Мүдделер қақтығысы деп жауапты мемлекеттік лауазымды атқарып отырған адамдардың, мемлекеттік қызметтерді атқаруға уәкілетті адамдардың, оларға теңестірілген лауазымды адамдардың, лауазымды адамдардың жеке басының мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктерінің арасындағы қайшылық танылады, бұл жағдайда аталған адамдардың жеке басының мүдделері олардың өз лауазымдық өкілеттерін орындамауына және (немесе) тиісті түрде орындамауына әкеп соғуы мүмкін.
Облыс прокуроры нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы ақпаратты Бас прокуратураға 25 маусымға және 25 желтоқсанға дейін ұсынады.
Кәсіпкерлік субьектілерінің қызметіне тексерісті тағайындау туралы өтінішхатта прокуратура органдарының тексеріс жүргізу қажеттілігінің дәлелді негіздемесі, заңдылықты бұзудың белгілері және уәкілетті мемлекеттік органның қабылдаған шаралары көрсетіледі.
Кәсіпкерлік субьектілерін тексеру туралы өтінішхат Бас Прокурордың орынбасары, Бас прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшесінің басшысы, облыс прокуроры және оған теңестірілген прокурорлар (бұдан әрі – облыс прокуроры), сондай-ақ оларды алмастыратын адамдар қол қоя отырып, Бас Прокурорға жіберіледі.
Кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді тағайындау туралы өтінішхат ол келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде, ал қосымша ақпарат талап етілген кезде – отыз күнтізбелік күн ішінде қаралады.
Мамандандырылған мекемелерге барып тексеру кезеңділігі соттардың қаулыларын және басқа да материалдарды талдауды ескере отырып анықталады.
Әкімшілік қамаққа алуға тартылған адамнан өтініш келіп түскен кезде не оның құқығы бұзылғаны туралы жеткілікті деректер болған жағдайда тексеріс дереу жүргізіледі.
Тексеріс жүргізу туралы қаулыда:
1) нөмірі, күні, мемлекеттік органның атауы, прокурордың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және лауазымы, тексеріс негізі;
2) тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы немесе оған қатысты тексеріс жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі);
3) тексерілетін кезеңі көрсетілген тексеріс мәні (тақырыбы);
4) тексеріс кімге тапсырылғаны және оған тартылатын мамандар туралы мәліметтер;
5) тексеріс жүргізу мерзімі (басталуы және аяқталуы);
6) тексерілетін субъектінің құқықтары мен міндеттері;
7) қаулыға қол қоюға уәкілетті адамның қолы көрсетіледі.
Тексеруді тағайындау туралы қаулының шығарылуы әкімшілік істің басталуы болып табылады, оны жүргізу тәртібі ӘРПК-мен реттеледі.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында тіркелген тексеріс жүргізу туралы қаулы объектіге келген кезде танысу үшін тексерілетін субъектіге беріледі.
Тексерілетін субъект басшысының (өкілдің) қаулымен танысуы немесе танысудан бас тартуы жөніндегі мәліметтер оны беру кезінде көрсетіледі.
Тексеріс жүргізетін адамдардың құрамы тексерісті тағайындаған прокурордың немесе оны алмастыратын адамның шешімімен өзгертіледі.
Прокурор ӘРПК-нің 67-бабында көзделген жағдайларда тексеру жүргізе алмайды.
Прокурорларға қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы мәселелерді қарау кезінде ӘРПК-нің 67-бабын басшылыққа алу қажет.
Қосымша материалдарды сұрату қажет болған, сондай-ақ тексерістің елеулі көлеміне байланысты айрықша жағдайларда оны жүргізу мерзімі Бас Прокурордың не оны алмастыратын адамның келісімі бойынша күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Тексеріс мерзімін ұзарту туралы өтінішхат Бас Прокурордың орынбасарының, дербес құрылымдық бөлімше басшысының, облыс прокурорының, сондай-ақ оларды алмастыратын адамдардың қолы қойыла отырып, тексеріс мерзімі өткенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей Бас Прокурордың қарауына енгізіледі.
Тексеру мерзімін ұзарту туралы өтініш облыс прокурорының қарауына оның орынбасарының, облыстық және оған теңестірілген прокуратураның құрылымдық бөлімшесі бастығының, аудан прокурорының не оны алмастыратын адамның қолы қойылып, тексеру мерзімі аяқталғанға дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей енгізіледі.
сараптама тағайындалғанда – сарапшының қорытындысын алғанға дейін;
шетел мемлекеттерінен мәліметтер мен құжаттар алу қажет болған жағдайда – оларды алғанға дейін;
тексеріс өткізуге кедергі келтіретін өзге жағдайларда – олар жойылғанға дейін.
Тоқтатыла тұрған тексерісті өткізу мерзімін есептеу оны қайтадан бастау күнінен бастап жалғасады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыратын прокурордың баянаты негізінде Бас Прокурор, Бас Прокурордың орынбасары, облыс прокуроры, оларды алмастыратын адамдар тағайындайды.
Сараптама тағайындау туралы қаулыны Бас Прокурор, оның орынбасарлары, Бас прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшесінің басшысы, облыстардың прокурорлары, олардың орынбасарлары, облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралардың құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары, аудандардың прокурорлары, сондай-ақ оларды алмастыратын адамдар шығарады.
Сараптаманы тағайындау туралы қаулыда:
1) сараптама тағайындаған органның атауы;
2) сараптаманы тағайындау уақыты, орны;
3) сараптаманың түрі;
4) сараптаманы тағайындау негізі;
5) сараптамаға жіберілетін объектілер және олардың шыққан жері туралы ақпараттар, сондай-ақ зерттеу барысында көрсетілген объектілерді болуы мүмкін толық немесе ішінара жоюға, олардың сыртқы түрін немесе негізгі мәнін өзгертуге рұқсат беру;
6) сот сараптама органының атауы және (немесе) сот сараптамасының іс жүргізуі тапсырылған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі.
Маманның қорытындысында қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы не сотқа арыз беруге негіз болып табылатын мән-жайлар туралы тұжырымдар болған кезде прокурорлық тексеру материалдары бойынша сараптама Қылмыстық-процестік кодекстің, ӘҚБтК-нің, АПК-нің және ӘРПК-нің шеңберінде жүргізіледі.
заңдылықты бұзуға жол берудің себептері мен жағдайлары анықталады;
заңдылықты сақтау проблемалары (құқықтық және ұйымдастырушылық) және олардың азаматтар мен ұйымдардың, қоғам мен мемлекеттің құқықтарына, бостандықтарына, заңды мүдделеріне әсер етуі анықталады;
бұзушылықтарды болдырмау және олардың жолын кесу үшін жауапты мемлекеттік және уәкілетті органдардың қызметі бағаланады.
Тексерудің тақырыбына қарамастан, оны тағайындау туралы қаулыда нысанасы ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың қолданылуы (егер тексерілетін орган немесе ұйым құқық бұзушылық профилактикасы субъектісі болып табылса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау өкілеттігіне ие болса), сондай-ақ мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен олардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ өзге де ұйымдардың (тексеру тақырыбы бойынша) құқықтық актілерінің заңдылығы көрсетіледі.
1) анықтаманы жасау күні мен орнын, тексеріс негізін;
2) тексерілетін субъектінің атауын, тексеріс мәнін (тақырыбын);
3) тексеріс тақырыбы бойынша жалпы мәліметтерді (статистика, тексерілетін субъектінің іске асырылған іс-шаралары, игерілген бюджет қаражаты туралы мәліметтер, сот актілерін орындау практикасы немесе тексеріс мәні бойынша басқа да мәліметтер);
4) тексеріс мәні (тақырыбы) бойынша заңдылықты сақтауды бағалауы (анықталған бұзушылықтардың мәні, уәкілетті органдардың әрекетсіздігінің себептері, мемлекеттік органдардың құқықтық актілерінің заңдылығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, құқық бұзушылық профилактикасы және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың сақталуы және басқа да мәліметтер);
5) заң бұзушылық жасауға ықпал еткен себептерді талдауды;
6) анықталған заңдылықты бұзуды, оларға ықпал ететін себептер мен шарттарды жоюдың тетіктерін;
7) тексеріс нәтижелері бойынша тұжырымдар мен ұсыныстарды (қадағалау және ден қою актілері, сотқа дейінгі тергеп-тексеруге бастамашылық ету, Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар, басқа да шаралар);
8) тексеріс жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қойылған қолын қамтиды.
Анықтама тексерілетін субъектіге тексеріс аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде және анықтамада көрсетілген шаралар іске асырылғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, анықтамаға өз ұстанымын оны алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде білдіру, сондай-ақ әкімшілік іс қаралғаннан кейін тексеру материалдарымен танысу мүмкіндігі көрсетіле отырып, бұл туралы өтінішхат мәлімделген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде табыс етіледі.
Бір мезгілде тексерілетін субъект анықтамаға оның ұстанымын тыңдауды жүргізу уақыты мен орны туралы хабардар етіледі (хабарлама беріледі).
Тексерілетін субъект анықтаманы және (немесе) хабарлама беруді (хабарламаны) қабылдаудан бас тартқан кезде оны жеткізетін немесе табыс ететін адам анықтамаға және (немесе) хабарлама беруге (хабарламаға) тиісті белгі қояды.
ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес танысу, ұстанымын білдіру және тыңдау тәртібі әкімшілік рәсімнің барлық қатысушыларына (оның ішінде, егер тексеру оның өтініші негізінде жүргізілген болса, арыз берушіге) қолданылады.
Тыңдау жүргізу кезінде тексеріс нәтижелерін дұрыс қарау үшін маңызы бар іс жүзіндегі мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін шаралар қабылданады.
Тексерілетін субъект немесе арыз беруші өз қарсылығын ауызша білдірген жағдайда, ӘРПК-нің 74-бабының талаптарына сәйкес тыңдау хаттамасы жүргізіледі.
Егер азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын, қоғамдық және (немесе) мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін қадағалау актісін дереу енгізу талап етілген жағдайда, онда тыңдау өткізілмейді, ал қадағалау актісінде тыңдау өткізілмеген мән-жайлар көрсетіледі.
Заңның 5-тарауында көзделген прокурорлық қадағалау және ден қою актілерін енгізу туралы;
тексеру нәтижелерін талқылай отырып, кеңестер өткізу туралы;
ақпараттық хаттарды жіберу туралы;
материалдарды қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшеге (оның ішінде фактілерді Сотқа дейінгі тергеп - тексерулердің бірыңғай тізілімінде (бұдан әрі - СДТБТ) тіркеу туралы шешім қабылдау үшін) не арнайы прокурорлардың іс жүргізуіне тапсыру туралы;
Ақпаратты есепке алу кітабында материалдарды тіркеу туралы шешімдер және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да шаралар қабылданады.
Прокурорлық қадағалау актісі енгізілген жағдайда ол тексерілетін субъектінің және арыз берушінің назарына (өтініш негізінде тексеру жүргізу кезінде) ӘРПК-нің 81-бабына сәйкес жеткізіледі.
Тексеруді тоқтату ӘРПК-нің 70-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Шағымды әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен қарауды жоғары тұрған прокурор жүргізеді.
Сот не жоғары тұрған прокурор прокурордың іс-әрекеттеріне немесе актілеріне арыз (шағым) бойынша шешім шығарылғанға дейін олардың орындалуын тоқтата тұра алады.
Шағымды қарайтын прокурор жиырма жұмыс күні ішінде:
әкімшілік рәсімге қатысушыға оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
қадағалау актісі, әкімшілік іс-әрекеті (әрекетсіздік) дауланатын прокурорды, әкімшілік рәсімге қатысушыны ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес тыңдайды;
ӘРПК-нің 75-бабына сәйкес әкімшілік іспен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
ӘРПК-нің 100-бабында көзделген шешімдердің бірін шығарады.
Қадағалау актісіне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін. Бұл жағдайда ӘРПК-нің 129-бабының 3-тармағына сәйкес әкімшілік орган осы актіде айтылған негіздемелерге ғана сілтеме жасай алады.
Қалған жағдайларда әрқайсысының өзінің құқықтары мен бостандықтарын сот тәртібімен өз бетінше қорғауға құқығы бар екені түсіндіріледі.
3-тарау. Азаматтық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сотта мемлекет мүдделерін білдіру, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалау
1-параграф. Азаматтық және әкімшілік істер бойынша
сотта мемлекет мүдделерін білдіру
1) мемлекет мүдделерін қозғайтын;
2) осы Нұсқаулықтың 8-тармағында көзделген қоғамдық мүдделерді немесе азаматтарды қорғау талап етілгенде;
3) сот қатысуын қажет деп танығанда;
4) прокурордың бастамасы бойынша қозғалған;
5) ата-ана құқығынан айыру туралы;
6) нормативтік құқықтық актінің заңдылығын даулау туралы;
7) кәмелетке толмағанды девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға орналастыру туралы азаматтық істер бойынша процеске қатысады.
1) салықтық, кедендік, бюджеттік қатынастардан, табиғи ресурстарды пайдалануға және қоршаған ортаға әсер етуге байланысты шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру кезінде қоршаған ортаны қорғау, қалпына келтіру және сақтау, табиғи ресурстарды пайдалану мен молықтыру саласындағы және табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаға әсер етуге байланысты өзге де іс-әрекеттердің қатынастарынан туындайтын;
2) мемлекеттен және мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау кезінде мемлекеттік сот орындаушысының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау туралы әкімшілік істер бойынша;
3) сайлауға, республикалық референдумға қатысатын азаматтардың және қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғауға байланысты;
4) прокурордың бастамасы бойынша қозғалған;
5) әкімшілік акт, әкімшілік іс-әрекет (әрекетсіздік) физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өз бетінше құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыра алмайтын адамдардың немесе шектелмеген адамдар қатарының құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін шектеуі мүмкін болғанда;
6) прокурордың қатысу қажеттілігін сот танығанда;
7) прокуратура органдары жауапкер болып табылған жағдайларда.
ӘРПК-нің 1-бабының 3-бөлігіне сәйкес, егер ӘРПК-да өзгеше тәртіп көзделмесе, әкімшілік сот ісін жүргізуде АПК-нің ережелері қолданылады.
Инвестициялық дауларды қарау кезінде қатысу Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасына жүктеледі.
Мамандандырылған әскери прокурорлар өз құзыреті шегінде әскери соттардың осы Нұсқаулықтың 28, 29-тармақтарында көзделген азаматтық және әкімшілік істерді қарауы кезінде өздерінің орналасқан жері бойынша қатысуды қамтамасыз етеді.
Мамандандырылған көлік прокурорлары бірінші және апелляциялық сатылардағы соттар осы Нұсқаулықтың 28, 29-тармақтарында көзделген, дау нысанасы көлік инфрақұрылымы объектілері болып табылатын не тараптардың бірі ретінде теміржол, автомобиль (жолаушыларды, багаж бен жүктерді халықаралық автомобиль тасымалдары бөлігінде), теңіз, ішкі су, әуе, қалалық рельстік және магистральдық құбыржол көлігінің, ғарыш жүйесі ұйымдары, сондай-ақ аталған объектілер мен субъектілерге қатысты өкілеттіктерді іске асыратын мемлекеттік органдар және көлік прокуратурасы болып табылатын азаматтық және әкімшілік істерді (мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттардың соттылығына жататын және мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот қарайтын істерді қоспағанда) қараған кезде құзыреті шегінде өзінің орналасқан жері бойынша қатысуды қамтамасыз етеді.
Мамандандырылған табиғат қорғау прокурорлары өздерінің орналасқан жері бойынша құзыреті шегінде олар талап қоюшы, жауапкер не үшінші тұлға ретінде болатын азаматтық және әкімшілік істерді соттардың қарауы кезінде қатысуды қамтамасыз етеді.
Аумақтық прокурорлар осы соттардың орналасқан жері бойынша орналасқан мамандандырылған прокурорлардың жүргізуіне Нұсқаулықпен жатқызылған істі сот іс жүргізуге қабылдаған жағдайда, мамандандырылған прокурорларды уақтылы және тиісті түрде хабардар етуді қамтамасыз етеді.
Мамандандырылған прокурорлар қарауға тағайындалған және қаралған барлық істердің мониторингін соттың ресми сайтын пайдалана отырып немесе өзге де тәсілдермен жүзеге асырады.
Мамандандырылған прокуратура өзінің жүргізуіне жатқызылған істі қарауға тағайындалған сот орналасқан жерде болмаған не ол туралы мамандандырылған прокурорға хабарламаған жағдайда, соттарға қатысу және кейін сот актілерінің заңдылығын тексеру тиісті аумақтық прокурорға жүктеледі. Қатысушы прокурор істі қарау нәтижелері туралы мамандандырылған прокуратураны ақпараттандырады.
Сондай-ақ мамандандырылған прокурор құзыретіне сәйкес аумақтық прокурордың қатысуымен қаралған, бірақ мамандандырылған прокурорлардың қадағалауындағы ұйымдардың мүдделерін қозғайтын іс бойынша соттар қабылдаған шешімдер туралы хабардар етілуге тиіс.
Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттарға және мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттарға қатысуды облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары прокуратураларының тиісті бөлімшелерінің прокурорлары қамтамасыз етеді.
Аталған соттар орналасқан жерде облыстық прокуратура болмаған жағдайда, қатысуды осы соттар орналасқан жерде орналасқан прокурорлар қамтамасыз етеді.
Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында және Нұр-Сұлтан қаласының сотында көлік прокурорларына ведомстволық қарасты істер бойынша қатысуды Бас көлік прокуратурасы қамтамасыз етеді.
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарға қатысуды қамтамасыз ету осы соттардың орналасқан жері бойынша орналасқан прокурорларға жүктеледі.
Осы Нұсқаулықтың 28 және 29-тармақтарында көзделген кассациялық тәртіппен Жоғарғы Соттың сот алқасының отырыстарында қаралатын істер бойынша қатысуды Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша бағынысты прокурорлар қамтамасыз етеді.
Жоғары тұрған прокурорлар енгізген талап қоюларды қарауға қатысу қажет болған жағдайда төмен тұрған прокурорларға тапсырылады.
Талап қойған прокурордың сенімхаты бойынша бірінші, апелляциялық және кассациялық сатыдағы соттарда талап қою қаралатын орны бойынша орналасқан басқа прокурорлар қатыса алады.
АПК-нің 72-бабына сәйкес сотта қаралатын дау бойынша прокуратура органдарының талапкер немесе жауапкер ретінде мүддесін қорғайтын прокурор істің дұрыс шешілуіне қажетті дәлелдемелерді ұсынады. Прокурорлардың талап қоюлары (арыздары) бойынша сот актілерін іс жүзінде орындау мақсатында, егер оларды сотқа ұсыну сатысында осындай өтінішхаттар мәлімделмеген жағдайда, сот алдында қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы мәселені уақтылы қояды.
Процесте жарыспалылықты қамтамасыз ету және көрсетілген санаттағы істер бойынша заңсыз сот актілерін даулау жауапкершілігі осы қызметкерлерге жүктеледі.
Прокурордың бастамасы бойынша қозғалған іс бойынша, сондай-ақ прокуратура органы немесе мекемесі жауапкер ретінде болатын дау бойынша сот жарыссөздерінен кейін істің мәні бойынша прокурордың қорытындысы талап етілмейді, өтінішхат берілмейді, қабылданған сот актілерімен келіспеген жағдайда прокурор апелляциялық шағым, кассациялық өтінішхат беруге құқылы.
Осындай азаматтық істер бойынша кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхат Жоғарғы Соттың судьясы өтінішхатты кассациялық сатының сот отырысында қарау үшін беруден бас тартқан жағдайда ғана Бас прокуратураға беріледі.
Әкімшілік істер бойынша – тек Жоғарғы Сот кассациялық шағымды қарағаннан кейін.
Облыстардың прокуратуралары прокуратура органдарына немесе мекемелеріне қатысты сотқа талап қоюдың (арыздың) келіп түскендігі туралы, қабылданған процестік шешім, келіп түскен шағымдар, сот актілерін қайта қараудың нәтижелері туралы талап қоюдың (арыздың) көшірмелерін және басқа да материалдарды қоса тіркей отырып, Бас прокуратураға дереу хабарлайды.
Азаматтық және әкімшілік сот ісін жүргізудің барлық сатыларында прокурорлар өз ұстанымын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, іс материалдарына қатаң сәйкестікте айқындайды, оны дәйекті түрде қорғайды, заңдылық, заңды тұлғалар мен азаматтардың заң мен сот алдындағы теңдігі, тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы қағидаттарын басшылыққа алады.
Азаматтық және әкімшілік процестің барлық сатыларында іс материалдарымен танысу нәтижелерін қатысушы прокурор тиісті жоғары тұрған прокурорға немесе жетекшілік ететін орынбасарға оның қорытындыны бекітуі үшін алдын ала баяндайды.
Прокурордың қорытындысы жазбаша түрде жасалып, онда мыналар көрсетіледі:
1) істің атауы;
2) тараптар;
3) мәлімделген талаптардың мәні;
4) тараптардың сілтеме жасайтын мән-жайлары;
5) тараптар ұсынған дәлелдер туралы олардың қатыстылығы, жол берілетіндігі, анықтығы және жеткіліктілігі тұрғысынан прокурордың пікірі;
6) қолдануға жататын материалдық және процестік құқықтардың нормалары;
7) мәлімделген талаптардың мәні, сот шығындарын бөлу бойынша прокурордың тұжырымдары.
Апелляциялық, кассациялық сатыдағы соттарда қайта қарауға жататын іс бойынша қорытындыда сондай-ақ мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) судья (баяндамашы, алқа құрамы), қайта қарауға жататын сот актілерінің қысқаша мазмұны, соттың ұстанымы;
2) бірінші сатыдағы сотта істі қарауға қатысқан прокурор, оның қорытындысының қысқаша мазмұны;
3) шағымның (өтінішхаттың) дәлелдемелері;
4) істі зерделеудің нәтижелері;
5) шағымның (өтінішхаттың) негізділігі туралы тұжырымдар.
Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының қарауына тағайындалған әкімшілік және азаматтық істер бойынша қорытындыларды Бас прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшесінің басшысы, Жоғарғы Соттың сот алқасының қарауына тағайындалған азаматтық және әкімшілік істер бойынша - Бас Прокурордың орынбасары бекітеді.
АПК-нің 73-бабының 1-бөлігіне сәйкес бірінші сатыдағы сотқа тарапта бар дәлелдемелерді ұсынбау осы дәлелдемелерді апелляциялық, кассациялық сатыдағы сотқа ұсыну мүмкіндігінен айырады.
Әкімшілік істер бойынша дәлелдеу ауыртпалығы әкімшілік органға және лауазымды адамға жүктелген.
Сондықтан прокурорлар мемлекеттік заңды тұлғалардың істі соттың дұрыс шешуі үшін қажетті дәлелдемелерді уақтылы ұсынуын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қабылдайды.
Прокурорлар азаматтық және әкімшілік процестерде мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың мүдделерін олардың өкілдерінің тиісті түрде қорғамау фактілеріне ден қояды, оларды және қажет болған жағдайда – бірінші басшыларын жауаптылыққа тартуға бастамашылық жасайды.
Азаматтық және әкімшілік істердің материалдары бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары, жеке және заңды тұлғалар тарапынан заңдылықты бұзу анықталған кезде прокурор сот алдында жеке ұйғарым шығару туралы өтініш жасайды және/немесе ол туралы жоғары тұрған прокурордың назарына жазбаша түрде баянатпен немесе электронды құжат нысанында дереу жеткізеді, ал ол өз кезегінде мынадай:
1) баянатты СДТБТ-да тіркеу туралы;
2) материалдарды Ақпаратты есепке алу кітабына (бұдан әрі – АЕК) тіркеу туралы;
3) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғау туралы;
4) тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы;
5) талап қоюды беру туралы;
6) кінәлі адамдарды заңда белгіленген жауаптылыққа тарту және бұзушылықтарды жою мақсатында Заңның 5-тарауында көзделген прокурорлық қадағалау және ден қоюдың өзге де актілерін енгізу туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
Азаматтық және әкімшілік істер бойынша апелляциялық өтінішхат енгізу мерзімі АПК-нің 403-бабының 3-бөлігінде және ӘРПК-нің 168-бабының 2-бөлігінде көзделген.
Инвесторлар мен инвестициялық қызметке байланысты мемлекеттік органдар арасындағы инвестициялық даулар мен өзге де даулар бойынша сот актілеріне азаматтық және әкімшілік істер бойынша апелляциялық өтінішхатты және әкімшілік істер бойынша кассациялық өтінішхатты уақтылы келтіру Нұр-Сұлтан қаласының прокурорына жүктеледі.
Прокурорлар өздерінің құзыреті шегінде апелляциялық мерзімдерде азаматтық істер бойынша заңды күшіне енбеген, АПК-нің 434-бабының 2-бөлігіне сәйкес кассациялық тәртіппен қайта қаралуға жатпайтын және мемлекет пайдасына шығарылмаған сот актілерінің заңдылығын зерделейді.
Азаматтық істер бойынша сот актілеріне апелляциялық өтінішхаттарды Бас Прокурор, Бас Прокурордың орынбасары, облыс прокуроры, аудан прокуроры, олардың орынбасарлары, сондай-ақ істі бірінші сатыдағы сотта қарауға қатысқан прокурор келтіреді.
Прокурорлар өз құзыреті шегінде апелляциялық мерзімде осы Нұсқаулықтың 29-тармағында аталған, жазбаша талқылауда қаралған әкімшілік істер бойынша заңды күшіне енбеген сот актілерінің заңдылығын ӘРПК-нің 23-тарауына сәйкес зерделейді.
Әкімшілік істер бойынша сот актілеріне апелляциялық өтінішхаттарды Бас Прокурор, Бас Прокурордың орынбасары, облыс прокуроры және олардың орынбасарлары, аудан прокуроры, сондай-ақ істі бірінші сатыдағы сотта қарауға қатысқан прокурор келтіреді.
Аппеляциялық өтінішхат АПК-нің 427-бабында көзделген сот шешімінің күшін жоюға не өзгертуге негіздер болған кезде ғана келтіріледі.
Апелляциялық өтінішхаттың мазмұнына қойылатын талаптар АПК-нің 404-бабында белгіленген.
Мемлекет пайдасына шығарылмаған сот актілерімен келіскен жағдайда, облыстардың прокурорлары олардың заңды күшіне енген күнінен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей Бас прокуратураға істер бойынша бұрын бекітілген қорытындыларын жібереді.
Әкімшілік істер бойынша мемлекеттің пайдасына шығарылмаған сот актілерімен келіскен жағдайда, облыстардың прокурорлары олар заңды күшіне енген күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей Бас прокуратураға істер бойынша бұрын бекітілген қорытындыларды жібереді.
Бұл ретте, прокурорлар қажет болғанда жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы №1072 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ереженің 8-тармағы 13-абзацының барлық сот сатыларында сот актілеріне уақтылы шағым келтіру бойынша талаптарын мемлекеттік органдардың заң қызметтерінің орындауы бойынша шаралар қабылдайды.
Өтініш қанағаттандырусыз қалдырылған жағдайда оған прокуратура басшысы немесе оны алмастыратын адам қол қояды.
Өтініштерге жауаптар негізді және уәжді болуы, арыз берушінің дәлелдерін жоққа шығаратын нақты фактілерді қамтуы тиіс.
Бұл ретте, прокурор осы Нұсқаулықтың 28-тармағында көрсетілмеген даулар бойынша сот актілеріне келіп түскен шағымды арыз берушіге апелляциялық және кассациялық шағымды өз бетінше беру құқығын түсіндіре отырып қайтарады.
Осы Нұсқаулықтың 29-тармағында көрсетілмеген әкімшілік істер бойынша прокурор арыз берушіге апелляциялық және кассациялық шағыммен өз бетінше жүгіну құқығын түсіндіре отырып, заңды күшіне енбеген сот актілеріне келіп түскен шағымды қайтарады. Осындай істер бойынша заңды күшіне енген сот актілері Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша ӘРПК-нің 169-бабының 6-бөлігінде көзделген ерекше негіздер болған кезде қайта қаралуы мүмкін.
Көрсетілген талаптарға жауап бермейтін ұсыну қараусыз қайтарылуға жатады.
Азаматтық іс бойынша сот актісіне кассациялық наразылық келтіру туралы ұсыну Бас прокуратураға ол заңды күшіне енгеннен кейін отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал істі зерделеу қажет болған жағдайда – істің прокуратураға түскен күнінен бастап отыз жұмыс күні ішінде жіберіледі.
Істі сұрату АПК-нің 438-бабының 1-бөлігінде көзделген тәртіппен сот актісі заңды күшіне енген күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Ұсынулар Бас прокуратураға мерзімдерден кешіктіріліп енгізілсе, растайтын құжаттар қоса беріле отырып, себептерін түсіндірумен жіберіледі.
Жоғарғы сотқа әкімшілік іс бойынша кассациялық өтінішхат берілген жағдайда оның көшірмесі бір мезгілде Бас прокуратураға жіберіледі.
Кассациялық өтінішхат беру құқығы облыс прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға тиесілі.
Бас Прокурор мен оның орынбасарлары өз құзыреті шегінде, істі қарауға қатысуына қарамастан, шешім қабылдауға кассациялық өтінішхат келтіруге құқылы.
Сот кассациялық өтінішхатты негізсіз қабылдамаған кезде, сондай-ақ материалдық және процестік құқық нормаларының елеулі бұзушылықтары анықталған кезде облыс прокуроры Бас прокуратураға ӘРПК-нің 440-бабының талаптарына жауап беретін әкімшілік іс бойынша кассациялық наразылық келтіру туралы ұсыну енгізеді.
Көрсетілген талаптарға жауап бермейтін ұсыну қараусыз қайтарылуға жатады.
Әкімшілік іс бойынша сот актісіне кассациялық наразылық келтіру туралы ұсыну Бас прокуратураға ол заңды күшіне енген күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей енгізіледі.
Әкімшілік іс бойынша сот актісінің заңды күшіне ену тәртібі ӘРПК-нің 161, 168, 169-баптарымен регламенттелген.
Азаматтық және әкімшілік істер бойынша кассациялық наразылық келтіру мерзімдері АПК-нің 436-бабының 1-бөлігінде және ӘРПК-нің 169-бабының 3-бөлігінде көзделген.
Кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхаттың мазмұны АПК-нің 441-бабында көрсетілген.
Заңды өкілдер берген өтінішхаттарға олардың құзыретін куәландыратын құжаттар қоса беріледі.
Тапсырма бойынша өкілдің құзыреті АПК-нің 61-бабында көзделген талаптарға сәйкес рәсімделеді.
Тапсырма бойынша өкілдер берген өтінішхаттарға заңға сәйкес рәсімделген және берілген сенімхат қоса беріледі.
АПК-нің 58-бабы 1-бөлігінің 6) тармақшасында көрсетілген тапсырмалар бойынша өкіл заң консультанттары палатасына мүшелігін растайтын құжатты ұсынады.
Адвокат берген өтінішхатқа «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген адвокат куәлігінің көшірмесі және қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарлама қоса беріледі.
АПК-нің көрсетілген талаптарына жауап бермейтін кассациялық наразылықтар келтіру туралы өтінішхаттар, атап айтқанда:
АПК-нің 435-бабына сәйкес заңды күшіне енген сот актілерін даулауға құқығы жоқ адамдар берген;
АПК-нің 54-бабының 2-бөлігінде, ӘРПК-нің 31-бабының 2-бөлігінде көзделмеген істер бойынша;
АПК-нің 436-бабының 1-бөлігінде, ӘРПК-нің 169-бабының 3-бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін;
АПК-нің және ӘРПК-нің белгіленген шағымдану тәртібін бұзумен;
өтінішхатты берген адам және оның мүддесіне қарай берген адам, оның мекенжайы немесе тұратын жері және істегі процестік жағдайы туралы мәліметтері жоқ;
істе қатысатын адамдар және олардың мекенжайы немесе тұратын жері туралы көрсетілмеген;
бірінші, апелляциялық сатылардағы істерді қарайтын соттар және олар қабылдаған шешімнің мазмұны туралы көрсетілмеген;
наразылық келтіруге ұсынылған сот актісі туралы көрсетілмеген;
материалдық не процестік құқықтар нормаларының елеулі бұзылуы неде екені көрсетілмеген;
сот актілерін қайта қарау үшін ерекше негіздері неден тұратыны көрсетілмеген (АПК-нің 438-бабының 6-бөлігінде және ӘРПК-нің 169-бабының 6-бөлігінде көзделген негіздер бойынша өтінішхат берген жағдайда);
өтінішхат берген адамның қолы қойылмаған;
тапсырма бойынша өкіл сенімхатты қоса тіркеусіз берген;
заң консультанттары палатасына мүшелігін растайтын құжатсыз;
құзыреттерін куәландыратын құжаттарсыз заңды өкіл берген;
адвокат оның куәлігінің және қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаның көшірмелерін тіркеместен берген өтінішхат оны берген адамға қараусыз қайтарылуға жатады.
Одан бөлек, АПК-нің 13, 15, 25-баптарындағы белгіленген тараптардың тең құқықтығы қағидасын және сот ведомстволығының басымдығын, АПК-нің 442-бабы 4-бөлігінің талаптарын негізге ала отырып, АПК-нің 112-бабында көрсетілген адамдар АПК-нің 441-бабының талаптарын сақтай отырып өтінішхат берген жағдайлардан басқа, егер өтініш беруші осы құқықты іске асырмаса, прокурор кассациялық тәртіппен сот актісін қайта қарау туралы өтінішхатты тікелей кассациялық сатыдағы сотқа жүгіну үшін қайтаруға құқылы.
Айрықша жағдайларда Бас Прокурордың, Бас Прокурордың орынбасарының, Бас прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшесі басшысының, оның орынбасарының тапсырмалары болған кезде іске сұрату Бас прокуратураға өтінішхат не ұсыну келіп түскен кезден бастап он бес күнтізбелік күн ішінде жіберіледі.
Қажет болған жағдайда облыс прокурорларынан және уәкілетті органдардан іске маңызы бар мән-жайды толық, жан-жақты және объективті анықтау үшін және кассациялық наразылықты келтіру туралы мәселені шешуге қосымша мәліметтер талап етіп алдырады.
Өтінішхатты, ұсынуды қарау мерзімін Бас Прокурор не Бас Прокурордың орынбасары ұзартады.
Мерзімдер АПК-нің 122-бабының 2-бөлігінде, 123-бабында көзделген тәртіпте есептеледі.
Кассациялық наразылықтың дәлелдерін қолдауды Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша бағынысты прокурорлар қамтамасыз етеді.
2-параграф. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша соттарда мемлекет мүдделеріне өкілдік ету
1) кәмелетке толмағандарға қатысты;
2) ӘҚБтК-нің Ерекше бөлігіндегі баптың санкциясы әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазаны баламасыз қолдануды көздейтін;
егер процеске қатысушылардың бірі оның қатысу қажеттілігі туралы өтінішхат мәлімдесе, ӘҚБтК-нің Ерекше бөлігіндегі баптың санкциясы әкімшілік қамаққа алуды баламалы қолдануды көздейтін істер бойынша;
3) шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығаруға әкеп соғатын;
4) ол өзі қозғаған;
5) жазбаша нұсқау бойынша жоғары тұрған прокурор оның қатысуын қажет деп таныған;
6) монополияға қарсы органның және табиғи монополиялар салаларында жетекшілікті жүзеге асыратын уәкілетті органның лауазымды адамдары олар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды қарау және толтыру құқығына ие кәсіпкерлік қызмет саласындағы;
7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы;
8) салық салу саласындағы;
9) кеден ісі саласындағы;
10) осы Нұсқаулықтың 46-тармағының 6-9-тармақшаларында көрсетілген істерді қарау ведомстволық бағыныстылығына жататын уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларына шағымдану туралы;
11) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жөніндегі әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сотқа міндетті түрде қатысады.
Бұдан басқа, ӘҚБтК-нің 759-бабына сәйкес прокурорлар сотта өзге де істер бойынша қатысады.
Мамандандырылған әскери прокурорлар өздерінің орналасқан жері бойынша аудандық, қалалық, әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар, облыстық және оларға теңестірілген соттар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының уәкілетті лауазымды адамдары қозғаған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді, оның ішінде аталған адамдарға немесе ұйымдарға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы қозғалған істерді қарау кезінде қатысуын және кейін қадағалауды қамтамасыз етеді.
Мамандандырылған көлік прокурорлары өздерінің орналасқан жері бойынша көлік инфрақұрылымы субъектілеріне не теміржол, автомобиль (жолаушыларды, багажды және жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдау бөлігінде), теңіз, ішкі су, әуе көлігі ұйымдарына, қалалық рельстік және магистральдық құбыр көлігі, ғарыш жүйесіне қатысты өкілеттіктерді іске асыруға байланысты көлік прокурорлары немесе уәкілетті органдар (лауазымды адамдар) қозғаған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді бірінші және апелляциялық сатылардағы соттар қараған кезде қатысуын және олардың сот актілерінің заңдылығын зерделеуді қамтамасыз етеді.
Мамандандырылған табиғатты қорғау прокурорлары өздерінің орналасқан жері бойынша іс жүргізуі өз бастамаларымен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді соттар қараған кезде қатысуды және кейін олардың сот актілерінің заңдылығын тексеруді қамтамасыз етеді.
Осы Нұсқаулықпен мамандандырылған прокурорлардың жүргізуіне жатқызылған істерді сот іс жүргізуге қабылдаған жағдайда, соттардың орналасқан жеріндегі аумақтық прокурорлар мамандандырылған прокурорларға уақтылы және тиісті түрде хабарлауды қамтамасыз етеді.
Сонымен бірге мамандандырылған прокурорлар жергілікті соттың ресми сайтын пайдалану немесе өзге де тәсілдер арқылы барлық қарауға тағайындалған істердің мониторингісін жүзеге асырады.
Өзінің жүргізуіне жатқызылған істерді қарауға тағайындалған соттардың орналасқан жерінде мамандандырылған прокуратура болмаған немесе ол туралы мамандандырылған прокурорға хабарлама берілмеген жағдайда, соттарға қатысу және кейін сот актілерінің заңдылығын тексеру тиісті аумақтық прокурорға жүктеледі.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қорытындылар прокурор келіскен апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары бойынша жасалады. Басқа жағдайларда қорытынды жасалмайды.
Қорытындыда:
1) құқық бұзушының кінәсінің болуы немесе болмауы, оның әрекеттерінің дұрыс саралануы;
2) прокурор жоғарыда көрсетілген тұжырымдардың біріне соның негізінде келген дәлелдемелер;
3) істің мән-жайларын және құқық бұзушының жеке басын ескере отырып, оған сол немесе өзге де жаза түрінің қолданылуы, не істі тоқтату қажеттілігі туралы;
4) қайта қарауға жататын сот актілерінің мазмұны, сот ұстанымдары;
5) қатысқан прокурорлар, олардың қорытындыларының қысқаша мазмұны;
6) шағымның (өтінішхаттың) дәлелдері;
7) шағымның (өтінішхаттың) негізділігі туралы тұжырымдар көрсетіледі.
Прокурорлар осы Нұсқаулықтың 46-тармағында аталған істер бойынша соттар жол берген материалдық және процестік құқық нормаларын бұзушылықтарға, сондай-ақ сот қарауына прокурордың қатысу-қатыспауына қарамастан, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді тоқтатқан кезде уақтылы ден қоюлары қажет (оның ішінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратуасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің және Жоғарғы Соттың ақпараттық ресурстары мен жүйелерін пайдалану арқылы).
Прокурор сот қарауына қатысу-қатыспауына қарамастан, әкімшілік қамаққа алу туралы қаулының заңдылығын ол келіп түскен кезден бастап бір тәулік ішінде тексереді және негізсіз сот актісін анықтаған кезде, оған наразылық келтіру шараларын қабылдайды.
Жергілікті жерлердегі прокурорлар жартыжылдық бойынша уәкілетті органдардың осы Нұсқаулықтың 46-тармағының 6-9-тармақшаларында көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы құқық қолдану практикасын тексереді не талдау жасайды. Атқарылған жұмыс туралы ақпарат Бас прокуратураға есепті кезең аяқталғаннан кейінгі 15-күнге жіберіледі.
1) баянатты СДТБТ-ға тіркеу туралы;
2) материалдарды АЕК-ге тіркеу туралы;
3) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғау туралы;
4) тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы;
5) сотқа талап арызды ұсыну туралы;
6) кінәлі адамдарды заңда белгіленген жауаптылыққа тарту және бұзушылықтарды жою мақсатында Заңның 5-тарауында көзделген прокурорлық қадағалау және ден қоюдың өзге де актілерін енгізу туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
Апелляциялық өтінішхат ӘҚБтК-нің 840-бабында көзделген сот қаулысының күшін жоюға немесе өзгертуге негіз болған жағдайда ғана келтіріледі.
Осы Нұсқаулықтың 46-тармағында көрсетілмеген істер бойынша сот актілеріне берілген шағымды, прокурор арыз берушіге апелляциялық шағымды өз бетінше беруге құқығының бар екенін түсіндірумен қайтарады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша сот қаулысына апелляциялық өтінішхатты келтіру туралы мемлекеттік органның (лауазымды адамдардың) өтініштері істің мәні бойынша іс материалдарын зерделеумен қаралады.
Шағым қанағаттандырусыз қалдырылған жағдайда, арыз берушілердің жауаптарына прокуратураның басшысы не оны алмастыратын адам қол қояды.
Көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін ұсыну қараусыз қайтарылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот актісіне кассациялық наразылық келтіру туралы ұсыну қаулы шығарылған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей енгізіледі. Бас прокуратураға ұсынуларды кешіктіріп енгізу растайтын құжаттарды қоса берумен, себептерін түсіндірумен сүйемелденеді.
Облыс прокурорының кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхаты және ұсынуы ол келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде, ал іс талап етіп алдырылған жағдайда – іс Бас прокуратураға келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қаралады.
арыз беруші дәлелді себептерсіз осы актіні соттың кассациялық сатысына өздігінен шағым жасау құқығын іске асырмаса;
ӘҚБтК-нің 851-бабының 5-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істердің қаулыларын кассациялық тәртіпте қайта қарауға негіздер болмаса;
өтінішхат ӘҚБтК-нің 848-бабының 8 және 9-бөліктерінде көзделген талаптарға сәйкес келмесе;
өтінішхатты уәкілетті адам бермесе, онда қайтарылады.
3-параграф. Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалау
Қадағалау мемлекет мүдделерін қозғайтын, еңбекақыны өндіріп алу, алименттерді өндіріп алу туралы және прокурорлардың талап қоюлары бойынша атқарушылық құжаттарды талдау және тексеру жолымен қамтамасыз етіледі.
Прокурорлар сот орындаушыларының, әділет органдарының, республикалық және өңірлік жеке сот орындаушылары палаталарының қызметіндегі атқарушылық іс жүргізу заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады.
Қадағалауды жүзеге асырған кезде прокурор атқарушылық іс жүргізу органдарынан (оның ішінде жеке сот орындаушыларынан және олардың республикалық және өңірлік палаталарынан), уәкілетті мемлекеттік органдардан атқарушылық іс жүргізуді, мәліметтерді, материалдарды талап етіп алдырады және түсініктемелер алады.
Егер сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізу жөніндегі әрекеттері (әрекетсіздігі):
1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін болса;
2) халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың, мекемелер мен кәсіпорындардың жұмыс істеуіне кедергі келтірсе,
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес прокурор атқарушылық құжатты сот орындаушысының іс жүргізуінен алып қоюға және оны тиісті әділет органына не аумағы бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына басқа сот орындаушысына тапсыру үшін беруге құқылы.
Атқарушылық құжатты беру туралы прокурор қаулы шығарады.
Сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды, атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша өтініштерді қарау кезінде прокурорлар Заңның 21-бабын басшылыққа алулары қажет.
Аудандық және оларға теңестірілген қалалық, сондай-ақ мамандандырылған (әскери және көлік) прокурорлар немесе олардың орынбасарлары өкілеттіктері шегінде АПК-нің 252-бабына сәйкес атқарушылық әрекеттер жасауға сот орындаушыларының қаулыларына санкция береді.
Қаулы атқарушылық әрекеттер жасалған жері бойынша прокурорға жіберіледі. Атқарушылық әрекеттер жасауға санкция беру және оны беруден бас тарту тәртібін АПК реттейді.
Прокурордың не оның орынбасарының атқарушылық әрекеттерді жүргізуге санкция беруден бас тарту туралы қаулысының күшін жою туралы шешімді Бас Прокурор, Бас Прокурордың орынбасары, Бас прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшесінің басшысы және оның орынбасарлары, облыс прокуроры, оның орынбасарлары, сондай-ақ оларды алмастыратын адамдар не сот қабылдайды.
Әскери және көлік прокурорлары немесе олардың орынбасарлары, сондай-ақ оларды алмастыратын адамдар өздері қадағалайтын атқарушылық іс жүргізу бойынша атқарушылық құжаттарды ұсынған жері бойынша санкция береді. Атқарушылық құжаттар ұсынылған жерде мамандандырылған прокуратуралар болмаған жағдайда, санкцияны тиісті аумақтық прокурор не оның орынбасары береді.
Прокурордың атқарушылық құжатты жеке сот орындаушысының іс жүргізуінен алып қою және оны орындау үшін мемлекеттік сот орындаушысына беру туралы шешіміне, сондай-ақ прокурордың сот орындаушысының атқарушылық әрекеттер жасау туралы қаулысына санкция беруден бас тарту туралы шешіміне ӘРПК-де көзделген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
4-тарау. Қорытынды ережелер
Прокурорлық қадағалау актісі түсіну үшін айқын болуға, біркелкі қолдануды қамтамасыз етуге, оның күші қолданылатын адамдар тобын түпкілікті айқындауға тиіс.
Прокурорлық қадағалау актісі ӘРПК-нің 80-бабының талаптарын ескере отырып енгізіледі.
Қадағалау және ден қою актілеріне қол қойған прокурор олардың сапасы үшін жауапты болады.
Қателер мен арифметикалық қателерді түзету ӘРПК-нің 82-бабының тәртібінде жүзеге асырылады.
Бұл ретте, орындау үшін прокурорлардың актілерін қабылдаған мемлекеттік органдардың шешімдері мен іс-әрекеттерінің орындалу барысын бақылау, мемлекетке келтірілген залалды өтеуге және кінәлілерді заңда белгіленген жауаптылыққа тартуға қол жеткізу қажет.
Қадағалау актілерін қарамаған, прокурордың шақыруы бойынша келмеген және оның талаптарын орындамаған кезде кінәлі адамдарды заңда белгіленген, оның ішінде ӘҚБтК-нің 664 және 665-баптары бойынша жауаптылыққа тарту туралы мәселені міндетті түрде шешу қажет.
Облыс прокурорының орталық мемлекеттік органдарға және олардың ведомстволарының атына жіберген прокурорлық қадағалау және ден қою актілерін Бас прокуратурамен келісу мерзімі он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Жоғары тұрған прокурор прокурорлық қадағалау және төмен тұрған прокурордың ден қою актілерінің заңдылығын тексеру нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) прокурорлық қадағалау және ден қою актілерін қайтарып алады. Заңдарда және осы Нұсқаулықта белгіленген құзыреттілік бұзылған жағдайда осы актілерді енгізу құзыретіне кіретін прокурорға береді;
2) прокурорлық қадағалау және ден қою актілері не оның жекелеген талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы екені анықталған жағдайда оларды өзгертеді не оларды өзгерту туралы нұсқау береді;
3) прокурорлық қадағалау және ден қою актілерін күшінде қалдырады.
Қабылданған шешім туралы ЭАЕҚ-да тиісті белгі қойылады.
Қажет болған жағдайда жоғары тұрған прокурор тиісті хат арқылы прокурорлық қадағалау актілерінің әрекет етуін оларды енгізу қажеттілігі туралы түпкілікті шешім қабылданғанға дейін тоқтата тұрады.
Жоғары тұрған прокурор жауапты зерделеу нәтижелері бойынша ЭАЕҚ-да мынадай:
1) қадағалау және ден қою актілеріне берілген жауаппен келісу туралы;
2) қадағалау және ден қою актілеріне жауапты қабылдамау туралы тиісті белгі қояды.
Қадағалау және ден қою актілеріне жауап қабылданбаған жағдайда, қадағалау және ден қою актісіне қол қойған прокурор оны тиісінше қарау жөнінде шаралар қабылдайды.
Жергілікті жерлердегі прокурорлар прокурордың талаптарын, қадағалау және ден қою актілерін, сондай-ақ прокурордың сот тәртібімен заңсыз деп танылған не жоғары тұрған прокурор күшін жойған, кері қайтарып алған, тоқтата тұрған немесе өзгерткен актілері мен талаптарын орындау үшін қабылданған мемлекеттік органдардың шешімдері мен іс-әрекеттерін есепке алуды жүргізеді.
Облыс прокуратурасы актілер мен талаптарды жарамсыз деп тану себептеріне талдау жүргізеді. Талдау нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы ақпарат Бас прокуратураға тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірілмей ұсынылады.
Мемлекеттік органның заң актілеріне сәйкес мұндай хабарламаны талап ететін іс-әрекеттер жүргізгені туралы прокурорға хабарламау немесе уақтылы хабарламау фактілері анықталған кезде кінәлі лауазымды адамдарды заңда белгіленген әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы мәселені міндетті түрде шешу қажет.
Тараптардың шағымы бойынша сот шешімінің күшін жою туралы, осы Нұсқаулықтың 29-тармағында көзделген істер бойынша прокурордың өтінішхаттарын қабылдамау, қайтару туралы заңды күшіне енген сот актілері сот актілері мен өтінішхаттарын қоса бере отырып, түпкілікті нысанда шығарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Бас прокуратураға жіберіледі.
Жоғары тұрған прокурор сот актісі келіп түскен кезден бастап он жұмыс күні ішінде оны тексереді және АПК-нің 427-бабында және ӘҚБтК-нің 840-бабында көзделген негіздер болған кезде бұзушылықтар тізіліміне енгізу туралы шешім қабылдайды.
Қажет болған кезде бұзушылықтар тізіліміне енгізу туралы шешім азаматтық істер, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер материалдарын зерделеу не кассациялық наразылық келтіру туралы ұсынымды қарау нәтижелері бойынша қабылданады.
Тақырыптық қағидаты бойынша жұмыс прокурорға жекелеген құқықтық қатынастардың (тақырып бағыттары) саласын бекіту арқылы жүзеге асырылады. Бекітілген құқықтық қатынастар салалары бойынша прокурор заңдылықтың жай-күйіне, прокурорлық қадағалауға жүйелі түрде талдау жүргізеді, осы саладағы қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, қадағалау қызметінің нысандарын, әдістерін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.
Тақырыптық бағыттары қадағалауға алынған өңірдегі заңдылықтың жай-күйінен және ерекшеліктерінен, қандай да бір азаматтық-құқықтық даулардың таралуынан айқындалады.
Аймақтық қағидат прокурорға нақты өңірді (облысты, қаланы, ауданды) бекіту арқылы, заңдылықтың жай күйін тұрақты талдау және осы өңірдегі прокуратура органдарының қызметіне мониторинг жүргізу, олардың қадағалау және ден қою актілерін тексеру мақсатында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2021 жылғы « »
№ бұйрығына
2-қосымша
Үкіметтің, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ өзге де ұйымдардың актілері мен шешімдері заңдылығының жай-күйіне прокуратура органдарының талдау және бағалау жүргізу
ҚАҒИДАЛАРЫ
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Заңдылықтың жай-күйін талдау
Осы Қағидалардың күші ӘРПК-нің 3-бабының 4-тармағында санамаланған Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелмеген құқықтық қатынастар салаларына қолданылады.
Талдауды прокурорлар субъектілерге (объектілерге) бармай заңдылықтың жай-күйі туралы мәліметтерді, құжаттар мен материалдарды жинау, зерделеу және өңдеу, оның ішінде құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпараттық жүйелері мен ресурстарын пайдаланып жүргізеді.
Талдауды жүргізу Бас прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшесі басшысының, облыс прокурорының және оған теңестірілген прокурордың (бұдан әрі – облыс прокуроры), аудан прокурорының және оған теңестірілген прокурордың (бұдан әрі – аудан прокуроры), сондай-ақ оларды алмастыратын адамдардың басшылығымен тақырыптық-толассыз топқа тапсырылуы мүмкін.
Нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы, сондай-ақ кәсіпкерлер құқықтарының бұзылуына ықпал ететін себептер мен жағдайлар туралы ақпарат бизнеске әкімшілік қысымды төмендету бойынша нақты ұсыныстармен бірге Бас прокуратураға есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірілмей ұсынылады.
1) бюджет қаражатын жұмсаудың заңдылығы мен тиімділігі;
2) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды (оның ішінде мемлекеттік) жүзеге асыру;
3) салық заңнамасын қолдану;
4) экологиялық заңнаманы, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманың қолданылуы.
Нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы ақпаратты облыс прокуроры Бас прокуратураға есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей ұсынады.
1) жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе өмірлік қиын жағдайда жүрген, оның ішінде тәрбиелеу, емдеу немесе басқа да осыған ұқсас мекемедегі балаларды асырап алу кезінде заңдылықты сақтау;
2) мінез-құлық ерекшеліктері бар балалармен жұмыс істеу тиімділігіне бағытталған заңнаманы қолдануына;
3) мүмкіндіктері шектеулі балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және қолдауға бағытталған заңнаманы қолдануына (инклюзивті білім беру) талдау жүргізеді.
Облыс прокуроры нәтижелер мен қолданылған шаралар туралы ақпаратты Бас прокуратураға тоқсан сайын тоқсанның соңғы айының 30-күніне ұсынады.
1) әскерлерді жауынгерлік әзірлікте ұстау және жауынгерлік пайдалану үшін олардың жауынгерлік даярлығын жүзеге асыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету кезінде заңдылықты сақтау;
2) әскери мүліктің, оның ішінде қару мен оқ-дәрілердің айналымы;
3) экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл, оның ішінде әскери объектілерді диверсияға қарсы қорғау;
4) әскери қызмет өткеру туралы заңнаманың қолданылуы;
5) мемлекеттік шекараны қорғау және көші-қон;
6) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру және орындау;
7) жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру;
8) әскери мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге және тиісті үлес нормаларын әскери қызметшілерге жеткізуге бағытталған заңнаманы қолдану;
9) әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғау;
10) құқық бұзушылықтың профилактикасы, қаза болу мен жарақат алу сұрақтары бойынша заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізуді жүзеге асырады.
Нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы ақпаратты Бас әскери прокурор Бас прокуратураға 25 маусымға және 25 желтоқсанға дейін ұсынады. 9. Көлік прокуратурасының органдары ерекшелікті ескере отырып, жылына кемінде бір рет:
1) көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
2) жолаушылардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және көлік қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;
3) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды (оның ішінде мемлекеттік) жүзеге асыру;
4) кеден заңнамасы мәселелері бойынша талдау жүргізеді.
Нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы ақпаратты Бас көлік прокуроры Бас прокуратураға 25 маусымға және 25 желтоқсанға дейін ұсынады.
Баянатта:
1) күні, оны берген лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және лауазымы;
2) талдау нысаны (тақырыбы);
3) дәлелді негіздер;
4) талдау кезеңі;
5) талдау жүргізу мерзімі;
6) талдау жүргізуге тартылатын прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелері (талдау тақырыптық-толассыз топқа тапсырылған жағдайда) көрсетіледі.
Жоспарлы талдау өзекті мәселелерді, басым бағыттарды не өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып, Бас Прокурор, Бас Прокурордың орынбасары, облыс прокуроры, облыс прокурорының орынбасары не оларды алмастыратын адамдар бекіткен жылдық немесе тоқсандық жоспар негізінде жүргізіледі.
1) статистикалық деректер;
2) мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражаттар туралы ақпарат;
3) халықпен кездесу қорытындылары;
4) мемлекеттік органдардың тиімсіз жұмыс істеу фактілері, оның ішінде экстремизм мен терроризмнің профилактикасы, алдын алу, этнос аралық және/немесе конфессияаралық негіздегі қақтығыс, азаматтардың әлеуметтік наразылығын, наразылық акцияларын тудыруы мүмкін қоғамдық тәртіпті бұзушылықтарды анықтау, ескерту және оқшаулау сұрақтары бойынша;
5) уәкілетті мемлекеттік органдардың заңды және жеке тұлғалардың арыздарын қарау нәтижелері;
6) бұқаралық ақпарат құралдарындағы (оның ішінде интернет-ресурстарындағы) жарияланымдар;
7) мемлекеттік органдардың, олардың деректер қорының ақпараты;
8) құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланған ақпараттық жүйелер мен ресурстар;
9) қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сот актілері;
10) прокуратура мен мемлекеттік органдардың алдыңғы тексерістерінің нәтижелері;
11) жедел-іздестіру шараларының, арнайы шаралардың және жасырын тергеу әрекеттердің, оның ішінде құпиясыздандырылған және жедел-іздестіру субъектілері немесе қылмыстық қудалау органы ұсынған нәтижелері;
12) ақпараттың басқа да көздері пайдаланылады.
Сондай-ақ көптеген жағдайларда мемлекеттік органдардың мәліметтерін, статистикалық деректерді және басқа да ақпаратты уақтылы талдау және оның негізінде ден қою шараларын қабылдау бұзушылықтардың алдын алуға не тексеру іс-шараларынсыз олардың салдарын барынша азайтуға мүмкіндік беретінін ескере отырып, заңдылықтың бұзылуын, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау үшін жұмыстың Талдамалық әдістері белсенді пайдаланылады.
Мемлекеттік құпияларды, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді таратуға заңда белгіленген талаптар мен шектеулерді сақтай отырып сұрау салынған ақпарат он бес күнтізбелік күн ішінде прокуратура органдарына беріледі.
Кейінге қалдыруды күттірмейтін жағдайларда, оның ішінде адамдардың өміріне, денсаулығына не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне орны толмас зардаптардың туындауы не туындау қаупі болған кезде сұрау салынған ақпарат прокуратура органдарына дереу беріледі.
1) физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өзінің қорғану құқығын өз бетінше жүзеге асыра алмайтын адамдардың;
2) шектелмеген адамдар қатарының;
3) егер бұл адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптың алдын алуға қажет болса, адамдардың, қоғамның және мемлекеттің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау үшін талап етіп алдырады.
Жеке кәсіпкерлерлік субектілерінен (квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоспағанда) заңдылықтың жай-күйі туралы мәліметтер, құжаттар мен материалдар Заңмен және өзге де заңнамалық актілермен ғана көзделген негіздер бойынша, сондай-ақ мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау үшін қажет жағдайларда сұратылады.
Қосымша материалдарды сұрату қажет болған жағдайда, сондай-ақ талдаудың елеулі көлеміне байланысты, оны жүргізудің мерзімі жоғары тұрған прокурордың келісімімен отыз күнтізбелік күннен асырылмай ұзартылады.
1) заңдылықтың жай-күйінің проблемалары және олардың азаматтардың және ұйымдардың, қоғам мен мемлекеттің құқықтарына, бостандықтарына және заңды мүдделеріне әсер етуі анықталады;
2) уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметі бағаланады;
3) анықталған заң бұзушылықтарды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюдың тетіктері ұсынылады;
4) жұмыста жүйелі проблемаларды шешу бойынша кешенді іс-шараларды қабылдауды қажет ететін (оның ішінде заңнамалық және ұйымдастырушылық) басым бағыттар ұсынылады.
1) талдау күнін, мәнін, сондай-ақ талдауда қамтылған уақыт кезеңін;
2) статистиканы және талдау үшін маңызы бар өзге де мән-жайларды келтіре отырып, талдау барысында анықталған мәліметтерді;
3) талдау нәтижесінде алынған заңдылықтың жай-күйі туралы тұжырымдарды, оның ішінде құқық бұзушылықтар жасау себептері мен жағдайларды;
4) құқық бұзушылықтарды, орын алған проблемаларды, Қазақстан Республикасы заңнамасындағы кемшіліктер мен олқылықтарды шешу және жою тәсілдері туралы ұсыныстарды қамтиды.
Әкімшілік рәсімге қатысушылар болған кезде оларға анықтама талдау аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде және анықтамада көрсетілген шаралар іске асырылғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, анықтамаға өз ұстанымын оны алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде білдіру, сондай-ақ әкімшілік іс қаралғаннан кейін тексеру материалдарымен танысу мүмкіндігі көрсетіле отырып, бұл туралы өтінішхат мәлімделген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде беріледі.
Сонымен қатар әкімшілік рәсімге қатысушыға анықтамаға оның ұстанымын тыңдау өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарланады (хабардар етіледі).
Әкімшілік рәсімге қатысушы анықтаманы және (немесе) хабардар етуді (хабарламаны) қабылдаудан бас тартқан кезде оны жеткізетін немесе табыс ететін адам анықтамаға және (немесе) хабардар етуге (хабарламаға) тиісті белгі қояды.
Тыңдау жүргізу кезінде талдау нәтижелерін дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін шаралар қабылданады.
Әкімшілік рәсімге қатысушы немесе арыз беруші өз қарсылығын ауызша білдірген жағдайда, ӘРПК-нің 74-бабының талаптарына сәйкес тыңдау хаттамасы жүргізіледі.
Егер азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын, қоғамдық және (немесе) мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін қадағалау актісін дереу енгізу талап етілген жағдайда, онда тыңдау өткізілмейді, ал қадағалау актісінде тыңдау өткізілмеген мән-жайлар көрсетіледі.
Таныстыру, ұстанымды білдіру және тыңдау жөніндегі талаптар әкімшілік рәсімге қатысушылар болмаған не белгісіз жағдайларда қолданылмайды.
1) қадағалау және ден қою актілерін енгізу, уәкілетті органдарды ақпараттандыру, оның ішінде қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерге не арнайы прокурорлардың іс жүргізуіне тапсыру және өзге де шаралар қабылдау туралы.
СДТБТ-да қылмыстық құқық бұзушылық туралы құжаттар мен материалдарды тіркеуді прокуратура органдарында сотқа дейінгі тергеп-тексеруге қадағалауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше жүзеге асырады;
2) уәкілетті мемлекеттік органдарға мемлекеттік органның және кәсіпкерлік субъектілерінің қызметінде тексеріс жүргізу туралы талаптарды жіберу туралы;
3) мемлекеттік органның, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметінде дербес тексеріс жүргізу туралы;
4) Бас Прокурорға кәсіпкерлік субъектісінің қызметінде дербес тексеру тағайындау туралы өтінішхатты жіберу туралы;
5) Ақпаратты есепке алу кітабында (бұдан әрі – АЕК) материалдарды тіркеу туралы шешімдердің бірі қабылданады.
Қабылданған шешім туралы Әкімшілік рәсімге қатысушының назарына ӘРПК-нің 81-бабына сәйкес жеткізіледі.
Шағымды әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен қарауды жоғары тұрған прокурор жүргізеді.
Сот не жоғары тұрған прокурор прокурордың іс-әрекеттеріне немесе актілеріне арыз (шағым) бойынша шешім шығарылғанға дейін олардың орындалуын тоқтата тұра алады.
Шағымды қарайтын прокурор жиырма жұмыс күні ішінде:
әкімшілік рәсімге қатысушыға оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
әкімшілік актісі, әкімшілік іс-әрекеті (әрекетсіздігі) дауланатын прокурорды, әкімшілік рәсімдерге қатысушыны ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес тыңдайды;
ӘРПК-нің 75-бабына сәйкес әкімшілік іспен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
ӘРПК-нің 100-бабында көзделген шешімдердің бірін шығарады.
Қадағалау актісіне сот тәртібінде шағым жасалуы мүмкін. Бұл жағдайда әкімшілік орган ӘРПК-нің 129-бабының 3-тармағына сәйкес осы актіде айтылған негіздемелерге ғана сілтеме жасай алады.
Аудан прокуроры осы тармақта көрсетілген талаптарды облыс прокуратурасын, Бас әскери прокуратураны және Бас көлік прокуратурасын бір уақытта хабардар ете отырып және талапты жіберудің орындылығы негіздемесін келтіре отырып жібереді.
Осы тармақта көрсетілген талаптарды облыс прокуроры не оның орынбасары жіберген кезде Бас прокуратураны хабардар ету талап етілмейді.
Осы тармақта көрсетілген талаптарға Бас Прокурор, Бас Прокурордың орынбасары, Бас прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшесінің басшысы, облыс прокуроры, сондай-ақ оларды алмастыратын адамдар қол қояды.
Облыс прокуроры не оны алмастыратын адам осы тармақта көрсетілген талаптарды Бас прокуратураны бір уақытта хабардар ете отырып және талапты жіберудің орындылығы негіздемесін келтіре отырып жібереді.
Кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді тағайындау туралы өтінішхат Бас Прокурорға Бас Прокурордың орынбасарының, Бас прокуратураның дербес құрылымдық бөлімшесі басшысының, облыс прокурорының, сондай-ақ оларды алмастыратын адамдардың қолымен жіберіледі.
3-тарау. Үкіметтің, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ өзге де ұйымдардың шешімдері мен актілерін бағалау
1) Заңның 24-бабының 2-тармағында көрсетілген актілерді қоспағанда, Үкіметтің, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының актілері мен шешімдерінің;
2) егер берілген актілер мен шешімдер шектелмеген адамдар қатарына қатысты не жария сипатқа ие болса, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың актілері мен шешімдерінің сәйкестігіне қадағалауды жүзеге асырады.
Осы тармақта көзделген қадағалау нормативтік құқықтық актілерге, жекеше қолданыстағы құқықтық актілерге, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың шешімдеріне, сонымен қатар заңды күшіне енген қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы сот актілеріне баға беру жолымен жүзеге асырылады.
Талдау жүргізу, өтініштерді қарау барысында, сондай-ақ облыс прокурорларының және олардың орынбасарларының, аудан прокурорларының тапсырмалары бойынша осы актілер мен шешімдер күнтізбелік он бес күн ішінде прокуратура органдарына ұсынылады.
Күттірмейтін жағдайларда, оның ішінде адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптың туындауы не туындау қаупі болған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің және Бас Прокурордың, Бас Прокурордың орынбасарының тапсырмалары бойынша және тексеріс жүргізу кезінде көрсетілген актілер дереу ұсынылады.
Егер мұндай актіге, шешімге наразылық енгізу прокурордың өкілеттілігіне кірмесе, құжаттар құзыреттілігі бойынша тиісті прокурорға жібереді.
Актілер мен шешімдерді тоқтата тұру қаулы қабылдау арқылы жүзеге асырылады.
Нормативтік құқықтық актілердің қолданысын тоқтата тұратын қаулы дереу жариялануға жатады.