БП

Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
7212366@prokuror.gov.kz
Аккаунты соц. сетей:
Тлеубердиев Мұрат Әжінұрұлы
Қарағанды облысының прокуроры
Общая информация, образование

Мұрат Әжінұрұлы Тлеубердиев 1973 жылғы 20 қарашада Алматы облысы Қаскелең ауданының Каменка ауылында дүниеге келген.

1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология факультетін «Биолог» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1999 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Карьера

1995-1997 жылдары ҚР Қарулы күштері қатарында әскери борышын өтеген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 1999 жылы Алматы қаласы Бостандық ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған. Қызмет атқарған жылдарында қатардағы қызметкерден басшылық лауазымдарға дейінгі жолдан өтті.

Әр жылдары Алматы қаласы Алмалы ауданы прокуратурасы бөлімінің бастығы, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының аға прокуроры, Алматы қаласы прокурорының көмекшісі, Алматы қаласы прокуратурасының Соттарда мемлекет мүдделеріне өкілдік ету басқармасы бастығының орынбасары және бастығы, Алматы қаласы прокурорының аға көмекшісі қызметтерін атқарған.

2018–2020 жылдары Алматы қаласының Әуезов және Алмалы аудандарының прокуроры, 2020–2021 жылдары Алматы қаласы прокурорының орынбасары болды.

2021–2023 жылдары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрлық даму департаментінің бастығы қызметін атқарды. 2023 жылдан бастап Түркістан облысының прокуроры лауазымында болған.

 II дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған.

Социальные медиа

telegram
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы