БП

Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
7212133@prokuror.gov.kz
Аккаунты соц. сетей:
Жұбанов Еділ Аязбайұлы
Қарағанды облысы прокурорының орынбасары
Общая информация, образование

Жұбанов Әділ Аязбайұлы 1977 жылы 24 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.

1999 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік-коммуникация академиясын «Жол қозғалысын ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірген. 2002 жылы М.С.Нарикбаев атындағы заңгерлік университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген .

Карьера

Еңбек жолын 2001 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Академиясының оқу-әдістемелік орталығының инспекторы лауазымынан бастаған.

Осы жылдар ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі академиясының адъюнктісі, Академияның ішкі істер бөлімінің мамандарын даярлау орталығында терроризмге қарсы мамандарды даярлауды ұйымдастыру бойынша оқытушы-әдістемешісі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі академиясының ішкі істер бөлімдерінің басшылық құрамын даярлау институтының терроризмге қарсы мамандарды даярлау орталығының озық тәжірибелерді зерттеу және оқыту әдістерін әзірлеу бөлімінің бастығы, Алматы қаласы Әуезов ауданы прокурорының көмекшісі, Алматы қаласы Әуезов ауданы прокурорының аға көмекшісі, Алматы қаласы Әуезов ауданы прокуратурасының Әкімшілік және азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау және атқарушылық іс жүргізу бөлімінің аға прокуроры, Алматы қаласы прокуратурасы Аппаратының Құқық қорғау қызметтері және азаматтардың шағымдарын қарау орталығы тобының аға прокуроры, Алматы қаласы прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының аға прокуроры, Шығыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, Шығыс Қазақстан облысының прокуроры лауазымдарын атқарған.

2008-2013 жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) жобасына - Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік орталығында (ЦАРИКЦ) жұмыс істеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен II дәрежелі "Айбын" орденімен наградталған.

Заң ғылымдарының кандидаты.

2023 жылдың 6 қазанында Қарағанды облысы прокурорының орынбасары болып тағайындалды.

Прокуратура органдарындағы  жұмыс өтілі - 25 жылдан астам.

Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.

Социальные медиа

telegram
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы