
Прокурорлардың араласуымен жер салығы дұрыс есептелмеу мәселесіне тап болған жер учаскелерінің көптеген иелерінің құқығы қалпына келтірілді.
Салық коэффициенттерін есептеу кезінде Атырау қаласының Алмалы ауылдық округіндегі бірнеше аумақ - Береке ауылы және оның учаскелерімен бірге бақшашылық серіктестіктердің ескерілмегені анықталды. Осының салдарынан адамдардың нақты қанша төлеуі тиіс екені белгісіз болды, сомалар дәл болмай шықты.
Ең көп зардап шеккендер - ірі массивтердегі бақшашылар: «Энергетик-5», «Геофизик», «Аграрник», «Автомобилист-сельхозработник», «УС-99», «Авиатор» және «Строитель Еңбек».
Прокуратураның араласуынан кейін коэффициенттер заңға сәйкес қайта есептелді, олармен бірге жер салығының өзі де қайта есептелді. Енді төлем сомалары толықтай заңды.
Осының арқасында шамамен 6,5 мың жер пайдаланушының құқығы қалпына келтірілді.
Прокуратурада жер мәселелеріндегі азаматтардың құқықтарының сақталуын бақылауды жалғастыратындарын хабарлады.
Атырау облысының прокуратурасы
Прокуратура қызметкерлері мұндай отбасылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын зерттеді: табыс мәселесі қалай шешіліп жатыр, балалар мектепке барады ма және оларға қосымша көмек қажет пе.
Қажеттілік расталған жағдайларда прокуратура «FSM Social» ақпараттық жүйесі арқылы жергілікті атқарушы органдарға нақты көмек көрсету туралы сигналдар жолдады.
Нәтиже де күттірмеді: 36 кәмелетке толмаған бала мектепке қажетті құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілді.
Прокуратура келесіні атап өтті: аталған бағыттағы жұмыстар отбасыларды материалдық тұрғыдан қолдап қана қоймай, қайта қылмыс жасау қаупін төмендетуге де көмектеседі - уақтылы көрсетілген көмек бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдардың әлеуметтік ортада бейімделуіне ықпал етеді.
Атырау облысының прокуратурасы
Атырау облысының прокуратурасы құрылысқа бюджет қаражатын жұмсау кезінде екі бұзушылық фактісін анықтады - кінәлі лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар үшін жауаптылыққа тартылды.
Бірінші жағдай - Құрманғазы ауданында. 2024 жылы жергілікті Құрылыс бөлімі Құрманғазы ауылында 30 пәтерді 600 млн теңгеге сатып алған. Мәселе кейін анықталды: үй газ желілеріне қосылмаған болып шықты.
Бөлім басшысы бұл туралы сатып алу өткізілгенге дейін-ақ білген, бірақ тендерді бәрібір жекелеген кәсіпкерлердің пайдасына ұйымдастырған.
Екінші жағдай - Қызылқоға ауданында. Мұнда құрылыс бөлімінің басшысы нақты орындалмаған жұмыстар үшін мердігерге 900 мың теңге аударған.
Аталған мәселе Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында қаралды. Құрманғазы құрылыс бөлімінің басшысы қызметінен босатылды. Оның Қызылқоға ауданындағы әріптесіне қызметке толық сай еместігі туралы ескерту жарияланды.
Прокуратура өңірде осындай бұзушылықтар үшін тағы үш лауазымды тұлға жазаланғаны туралы хабарлады.
Атырау облысының прокуратурасы
Атырау қаласының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің үйлестіруімен құны шамамен 5 млрд теңге болатын заманауи кірпіш зауытын салатын «Sapa Stone» ЖШС-ның инвестициялық жобасын іске асыруға кедергі болған жер мәселесін шешті. Жоба аясында 65 жұмыс орнын құру жоспарланған.
Прокурорлық қадағалау барысында жобаны іске асыруға ауданы 40 гектар жер учаскесіне қатысты дау кедергі келтіргені анықталды.
Сот талқылауы жыл басынан бері жалғасқан. Прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтар жойылып, қабылданған түпкілікті сот шешімі инвесторға жобаны іске асыру жұмыстарын жалғастыруға мүмкіндік берді.
Қазіргі уақытта «Sapa Stone» ЖШС жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге кірісті. Зауыт құрылысын 2027 жылы бастау жоспарланған.
Жаңа өндіріс өңірдегі құрылыс материалдарын өндіру көлемін арттыруға, 65 жұмыс орнын ашуға және Атыраудың өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.
Осылайша, прокурорлардың араласуы инвестициялық жобаның келесі кезеңге өтуіне мүмкіндік берді.
Прокуратура инвестициялық жобаларды іске асыруға кедергі келтіретін әкімшілік және өзге де тосқауылдарды анықтау және жою, сондай-ақ инвесторлардың заңды құқығын қорғау бойынша жұмысты жалғастырады.
Атырау облысының прокуратурасы
Атырау облысының прокуроры Мадияр Басшыбаев мұнай-газ саласының мәселелеріне арналған III жыл сайынғы «KAZDRILLING-2026» конференциясына қатысты.
Сонымен қатар аталған конференцияға Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров, облыс әкімі Болат Ақшулақов, «Атамекен» ҰКП Президиумының төрағасы Қанат Шарлапаев және өңірдің ірі инвесторлары қатысты.
Өз сөзінде ол инвесторлардың құқықтарын қорғаудың, мемлекеттік органдардың бизнес қызметіне заңсыз араласуына жол бермеудің және «прокурорлық сүзгі» тетігін қолданудың маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ еңбек құқықтарының сақталуы, өндірістік қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуі және кәсіпкерлермен ашық диалог мәселелері көтерілді.
Сөзінің соңында облыс прокуроры қадағалау органы мұнай-газ секторында заңдылықтың сақталуын жүйелі түрде бақылауды жалғастыратынын, инвесторлар үшін ашық жағдайлар және сала мамандары үшін қауіпсіз жұмыс ортасын қамтамасыз ететінін атап өтті.
Атырау облысының прокуратурасы
Атырау қаласында қоғамдық қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерді анықтауға және олардың алдын алуға бағытталған «Атырау қаласының цифрлық картасы» атты жасанды интеллект платформасы іске қосылуда.
Жүйе құқық бұзушылықтар туралы деректерді талдап, ерекше назар аударуды қажет ететін аумақтарды анықтайды.
Алынған талдау патрульдік полицияның маршруттарын бағыттауға және нақты мекенжайларда профилактикалық шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ тұрғындармен кері байланыс орнату көзделген. QR-кодтар арқылы тұрғындар проблемалық учаскелер мен қауіпсіздікке әсер ететін факторлар туралы ақпарат бере алады.
Цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін профилактиканың басқа бағыттарында да пайдалану жоспарлануда.
Атап айтқанда, ықтимал қауіптерді уақтылы анықтау мақсатында мектептердегі бейнебақылау жүйелеріне жасанды интеллект элементтерін енгізу мәселесі қарастырылуда.
Сонымен қатар нашақорлық, лудомания, суицид және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша шаралар пысықталуда. «5 минуттық құндылық» жобасы спорттық секцияларда да іске асырылды.
Аталған мәселелер «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңды іске асыру аясында мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қатысуымен өткен кеңейтілген мәжілісте талқыланды.
Қабылданып жатқан профилактикалық шаралардың нәтижесінде қаладағы қылмыстың жалпы деңгейі 12,5%-ға, ауыр қылмыстар 21,3%-ға, ұрлық 22%-ға, бұзақылық 31,8%-ға төмендеді. «Вокзал маңы» шағын ауданында қылмыстар саны 25%-ға азайды.
Атырау қаласының прокуроры Мерген Меңдіғалиев: «Цифрлық шешімдер нақты проблемалық учаскелерді анықтап, уақтылы шаралар қабылдауға көмектесуі тиіс. Бұл ретте анықталған әрбір мәселе бойынша жауапты орган нақты нәтижеге жетуі қажет», – деп атап өтті.
Атырау облысының прокуратурасы
Атырау облысының прокуроры Мадияр Басшыбаевтың төрағалығымен «Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің сапасы – әділ сот төрелігінің негізі» тақырыбында тергеушілер форумы өтті.
Форумға судьялар, прокурорлар, барлық құқық қорғау органдарының өкілдері және өңір тергеушілері қатысты.
Негізгі назар тергеп-тексерудің сапасына аударылды.
Қылмыстық істерді тергеп-тексеру барысында туындайтын барлық проблемалық мәселелер талқыланды.
Дәлелдемелерді жинау және процестік мерзімдерді сақтауға ерекше мән берілді.
Қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтарын қамтамасыз ету сұрағы бөлек қаралды.
Судьялар қылмыстық істерді қарау кезінде жиі кездесетін кемшіліктер туралы айтып өтті.
Қатысушылар практикалық тәжірибелерімен алмасты.
Форум қорытындысы бойынша нақты ұсынымдар әзірленді.
Олар тергеп-тексеру сапасын арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған.
Іс-шара соңында облыс прокуроры қызметтік міндеттерін адал атқарып, жұмысқа кәсіби көзқарас танытқан жас тергеушілерге алғыс хаттар табыстады.
Атырау облысының прокуроры Мадияр Басшыбаев «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (NCOC) компаниясының «Қашаған» кен орнына жұмыс сапарымен барды.
Жұмыс сапары барысында облыс прокуроры кен орнының негізгі өндірістік объектілерінің қызметімен танысып, өндірістік процестердің ұйымдастырылуын, жұмыскерлердің еңбек жағдайларын, қауіпсіздік талаптарының сақталуын, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласында жүргізіліп жатқан жұмыстарды бағалады.
«Қашаған» кен орны әлемдегі ең ірі және ең күрделі жобалардың бірі болып табылатынын атап өткен жөн.
Қазіргі уақытта Каспий теңізіндегі «Д» аралында 400-ге жуық жергілікті жұмыскер жұмыспен қамтылған.
Мадияр Басшыбаев мемлекет үшін стратегиялық маңызы бар мұнай-газ объектілерінде азаматтардың еңбек құқықтарының, өндірістік және экологиялық қауіпсіздік талаптарының сақталуына тұрақты түрде қадағалаудың жүзеге асырылатынын атап өтті.
Атырау облысының прокуратурасы
Атырау облысы Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің ықпалдасуымен құны 1 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жобаны жүзеге асыруға бөгет болған заңсыз кедергілерді жойды.
Инвестор «Адал Газ Ойл Атырау» ЖШС өңірде автоқұю станциясының, кемпинг орталығының және қоғамдық тамақтану объектісінің құрылысы бойынша жобаны іске асыруда. Инвестиция көлемі шамамен 1 млрд теңгені құрайды. Жоба іске қосылғаннан кейін 50 жаңа жұмыс орны ашылады.
Дегенмен, құрылыс жобасын келісу барысында инвестор Жайық-Каспий бассейндік су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі инспекциясы тарапынан негізсіз бас тартуларға тап болған. Нәтижесінде жобаның іске асырылуы бірнеше айға созылып кеткен.
Прокуратураның араласуынан кейін жобаны іске асырудан заңсыз бас тарту шешімі жойылып, әкімшілік кедергілер алынып тасталды.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша Инспекцияның бөлім басшысы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Инвесторлардың құқықтарын қорғау және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу прокуратура органдарының ерекше бақылауында.
Атырау облысының прокуратурасы
«Айқын нәтиже» және «Саналы ұрпақ» жобаларын жүзеге асыру аясында қала аумағында қоғамдық тәртіпті сақтауға және құқық бұзушылықтардың орын алу қаупін азайтуға бағытталған бақылау-профилактикалық шаралар жүйелі түрде жүргізіліп жатыр.
Тексеру нәтижелері бойынша азаматтар үшін ашық қауіп төндірген 12 қараусыз қалған нысанға кіру шектелді. Осыған ұқсас басқа да ғимараттарға қатысты уәкілетті органдарға оларды дереу консервациялау, бұзу немесе реконструкциялау туралы нұсқамалар берілді.
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға ерекше көңіл бөлінді, түнде балалардың көңіл көтеру орындарында болуына жол бергені үшін 69 кәсіпкерлік субъектісі әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 3 түнгі клубтың қызметі тоқтатылды.
Балаларды тәрбиелеу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін 3 612 заңды өкіл жауапқа тартылды.
Қалалық мәселелерге жедел әрекет ету және қадағалау қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында «Цифрлық карта» жобасы аясында жасанды интеллект технологиялары тартылды.
Қылмыстың алдын алуға бағытталған кешенді тәсіл қалалық округтегі құқық бұзушылықтардың жалпы деңгейін 12%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.
Заңдылық пен қоғамдық қауіпсіздікті нығайту бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда.
Атырау қаласының прокуратурасы