GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

БП
Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Прокуратура туралы
Қызметі
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
23 октября 2026
Елордада жүргізуші куәліктерін заңсыз беру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды

Қала прокуратурасының үйлестіруімен ҰҚК Департаменті жүргізуші куәліктерін заңсыз берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

ҰҚТ құрамына Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері мен делдалдар кірген.

Тергеу барысында сыбайластардың өзара рөлдерді бөліскені анықталды: делдалдар орталық ғимараттың жанында тұрып, теориялық емтихан тапсырушыларға сұрақтардың дұрыс жауаптарын айтып отырған, ал орталық қызметкерлері практикалық емтиханның тапсырылғаны туралы көрінеу жалған мәліметтерді ақпараттық базаға енгізген.

2025 жыл аталған алаяқтық схема арқылы 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған.

Күдіктілердің әрекеттері Қылмыстық кодекстің 262-бабы (Ұйымдасқан топты, қылмыстық ұйымды құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу) және 206-бабы (Ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру) бойынша сараланған.

6 адамға қатысты күзетпен ұстау, 3 адамға  ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат, 1 адамға қатысты  үйқамақ түріндегі бұлтаратпау шаралары қолданылған.

Заңсыз алынған 74 жүргізуші куәлігінің күші жойылды.

Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.

Астана қаласының прокуратурасы

23 октября 2026
Астанада 51 азаматты 413 млн теңгеден астам сомаға алдаған алаяқтар сот алдында жауап береді

Елордада ауқымды алаяқтық жасады деп айыпталған 7 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды.

Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері 4 жыл бойы азаматтарды жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламалары арқылы баспана алуға, сондай-ақ тиімді шарттармен несие және қаржыландыру рәсімдеуге көмектесеміз деген желеумен алдап келген.

Қылмыстық әрекеттеріне заңды сипат беру мақсатында күдіктілер кеңсе үй-жайларын жалға алып, коммерциялық ұйымдар құрған, қызмет көрсету туралы шарттар жасасып, кепілдік хаттар рәсімдеген.

Сонымен қатар, олар азаматтардың сеніміне кіру үшін мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдарда ықпалды байланыстары бар екеніне сендірген.

Қылмыстық әрекеттер салдарынан 51 азамат зардап шекті, келтірілген жалпы материалдық залал 413 млн теңгеден асты.

Айыпталушылардың әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша, атап айтқанда, 190-бабының 4-бөлігі (қылмыстық топ жасаған, ірі және аса ірі мөлшердегі алаяқтық) және 262-бабы (ұйымдасқан топты құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу) бойынша сараланды.

Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.



Астана қаласының прокуратурасы

 

22 октября 2026
Концертке жалған билеттер: Астана тұрғыны сатып алушыларды алдағаны үшін сотталды

30 жастағы ер адам ресми сайттан екі билет сатып алып, олардың деректемелерін өзгерту арқылы жалған жасап, Threads әлеуметтік желісінде концертке билеттерді сату туралы хабарландырулар орналастырды.

Хабарландыруға екі азамат, оның ішінде кәмелетке толмаған адам да жауап берді. Олар сатушыға 50 және 40 мың теңге аударды.

Ақшаны алған соң, ер адам сатып алушыларды бұғаттап, байланысқа шығуды тоқтатты.

Жалпы залал 90 мың теңгені құрады.

Сот үкімімен залалдың өтелуін және кінәні толық мойындауын ескере отырып, оған бүкіл кезеңге пробациялық бақылау белгілене отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Астана қаласының прокуратурасы билеттерді тек ресми көздер арқылы сатып алуға және әлеуметтік желілердегі таныс емес сатушыларға ақша аудармауға шақырады.

 

Астана қаласының прокуратурасы

21 октября 2026
Ақшаға балаларды балабақшаға орналастыруға уәде берді: Астана тұрғыны алаяқтық үшін сотталды

Қала тұрғыны 8 ай бойы 2ГИС қосымшасы арқылы балаларын балабақшаға орналастырғысы келген ата-аналарды іздеп тапты.

Олармен байланысып, ол өз қызметтерін ұсынып, таныстары арқылы мектепке дейінгі мекемеде орын алуға көмектесетініне сендірді.

Оның уәделеріне сенген 9 тұрғын оған 590 мың теңге сомасында ақшалай қаражат аударды.

Сот үкімімен оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды.

Қала прокуратурасы азаматтарды сақ болуға және мектепке дейінгі ұйымдарға орындарды бөлу мәселелері бойынша тек ресми порталдар мен уәкілетті мемлекеттік органдар арқылы жүгінуге шақырады.

 

Астана қаласының прокуратурасы 

16 октября 2026
Елордада телефонға көңілі ауып кеткен автобус жүргізушісі адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы үшін сотталды

Автобус жүргізушісі көлік құралын басқарып келе жатып, ұялы телефон арқылы сөйлескен кезде реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде 57 жастағы әйелді қағып кеткен.

Жәбірленуші алған ауыр дене жарақаттарының салдарынан ауруханада қайтыс болды.

Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді.

Сот үкімімен оған 2 жыл 1 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Елорда прокуратурасы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол жүрісі қағидаларын сақтауға шақырады, сондай-ақ көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдалануға қатаң тыйым салынғанын еске салады.

               

Астана қаласының прокуратурасы

 

16 октября 2026
Астана прокуратурасының нұсқамасы ірі инвестордың мүлкінен ауыртпалықты алуға мүмкіндік берді

Астана прокуратурасы JCB, Hino және Valtra арнайы техникасын құрастыратын зауыт салу бойынша ірі инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатқан «Orbis Heavy Machinery» ЖШС-нің құқықтарын қорғады.

Жобаға салынатын инвестиция көлемі – 1,3 млрд теңге.

Инвестор міндеттемелерін қамтамасыз ету мақсатында сатып алған өндірістік ғимаратын кепілге берген. Қаржылық міндеттемелерін мерзімінен бұрын толық орындағанына қарамастан, жылжымайтын мүліктегі ауыртпалық уақытылы алынбаған.

Сақталған кепіл жобаның екінші кезеңін жүзеге асыру үшін қажетті банктік қаржыландыруды тартуға кедергі келтірді және зауыттың одан әрі құрылысын тоқтату қаупін тудырды.

Инвестордың құқығын қорғау мақсатында елорда прокуратурасы заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізді. Нәтижесінде прокуратураның талаптары толық орындалып, инвестордың жылжымайтын мүлкіндегі ауыртпалық төрт жұмыс күні ішінде алынды.

Бұл инвесторға қарыз қаражатын тартуды жалғастырып, зауыт құрылысының екінші кезегін іске асыруға кірісуге мүмкіндік берді.

Еске саламыз, кәсіпкерлер мен инвесторлардың өтініштеріне жедел ден қою мақсатында прокуратураның мобильді тобы жұмыс істейді. Байланыс деректері: 8-747-216-15-58 және 115 Call-орталығы.

Астана қаласының прокуратурасы

14 октября 2026
Тауарларды беру пунктінің 19 жастағы қызметкері 14,9 млн теңгеден астам сомадағы тауарларды ұрлағаны үшін сотталды

Қызметкер маркетплейс қосымшасы арқылы түрлі тауарларға, атап айтқанда, алтын бұйымдарға, киім-кешекке, азық-түлікке және басқа да тауарларға тапсырыс рәсімдеген.

Тауарларды алған кезде оларды жасырын түрде иемденіп, орнына басқа заттарды қайтару немесе қоймаға өзге заттарды өткізу арқылы тауарларды ауыстырып отырған.

Мәселен, құны 182 мың теңге болатын алтын сырғаларға тапсырыс беріп, оларды әшекей бұйымдарға ауыстырып, сатушыға қайтарған.

Барлығы 14,9 млн теңгеден астам сомаға 195 бірлік тауарды ұрлаған.

Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді.

Сот үкімімен оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Жәбірленушінің келтірілген залалды өтеу туралы азаматтық талабы қанағаттандырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

 

Астана қаласының прокуратурасы

13 октября 2026
Аудан прокуратурасымен «Халық заңгері» әлеуметтік акциясы аясында азаматтарды мобильді қабылдау өткізілді

«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберінде Астана қаласы Сарыарқа ауданының прокуратурасы уәкілетті органдардың өкілдерімен бірлесіп «Халық заңгері» әлеуметтік акциясы аясында азаматтарды ашық диалог форматында қабылдау өткізді.

Іс-шараның мақсаты – халыққа қолжетімді құқықтық көмек көрсету, білікті заң кеңестерін беру, қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіруге және құқықтық мәселелерді шешуге жәрдемдесу.

Акцияға 15-тен астам мемлекеттік органдар мен салалық ұйымдардың өкілдері қатысты. Қабылдау барысында 100-ден аса тұрғын өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша түсініктемелер алды.

Бұдан бөлек акция қатысушыларына кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын-алу жөніндегі ұсынымдар мен алаяқтыққа қарсы сақтық шараларын қамтитын ақпараттық буклеттер мен жадынамалар табысталды.

Аталған іс-шара азаматтардың білікті құқықтық көмекке қол жеткізуін кеңейтуге және мемлекеттік институттар мен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған.

Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жалғастырылатын болады.

Астана қаласының прокуратурасы

12 октября 2026
Шулы мереке – тыныш қамау

Соңғы уақытта тұрғын үйлердің маңында түнгі уақытта қатты музыкамен отшашу атып, туған күн иелерін құттықтау дәстүрге айналып барады. Бұл автокөлік дабылдарының жаппай іске қосылуына әкеліп, тұрғындардың орынды наразылығын тудырады.

Елорда прокуратурасы осы мәселе бойынша қағидатты ұстаным қалыптастырып, құқық бұзушыларды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі «Ұсақ бұзақылық» бойынша жауаптылыққа тарту тәжірибесін енгізді.

Қазірдің өзінде 26 құқық бұзушы әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Олардың 19-ы 10 тәулікке дейін қамауға алынды, 14 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған 6 әйелге, сондай-ақ 1 кәмелетке толмағанға айыппұл салынды.

Түнгі уақытта, адамдар арасында, тұрғын үйлердің немесе автокөліктердің маңында пиротехниканы іске қосу адамдардың өміріне, өрт қауіпсіздігіне, денсаулығына және мүлкіне тікелей қауіп төндіреді.

Елорда прокуратурасы азаматтарды өзгенің тыныштығын құрметтеуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырады.

 

Астана қаласының прокуратурасы

10 октября 2026
Маркетплейс жүргізуге оқыту – алаяқтық жасау тәсілі

Елорда тұрғыны әлеуметтік желілер арқылы азаматтарға маркетплейсін жүргізу бойынша оқыту қызметін ұсынған. Оқыту барысында жәбірленушілердің сеніміне кіріп, салынған қаражатты пайдасымен қайтаруға уәде беріп, маркетплейсі арқылы тауарларды сатып алу және кейіннен сату үшін ақша салуды ұсынған.

Алынған ақшалай қаражатты өз қалауы бойынша пайдаланған. Қылмыстық әрекеттер салдарынан бес жәбірленушіге жалпы сомасы 15,6 млн теңге материалдық залал келтірілген.

Сот үкімімен әйел алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бұрынғы соттылығы ескеріле отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Жәбірленушілердің азаматтық талап арыздары қанағаттандырылды.

Қала прокуратурасы ескертеді: жоғары табысқа кепілдік беру, бизнесті «дамыту» немесе әлеуметтік желілер арқылы инвестициялау үшін ақша беруді ұсыну алаяқтық мақсатта пайдаланылуы мүмкін. Ақша алушының жеке басын, оның қызметінің заңдылығын тексермей және міндеттемелерді тиісті түрде құжатпен ресімдемей, ірі көлемдегі ақшалай қаражатты аудармаңыз және бермеңіз.

  Астана қаласының прокуратурасы

 

Социальные сети
telegram
youtube
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы