БП

Меню

Страницы

Статья

Үш буынды модельдің барысы мен іске асырылуы туралы.

Мемлекет басшысы 2020 жылы қылмыстық саланы реформалауды және қылмыстық сот ісін жүргізудің үш буынды моделін енгізуді тапсырды.

Бұл механизмде прокурор дәлелдерге тәуелсіз баға беріп,  негізгі процестік шешімдерді келістіреді және сол тұрғыда айып тағады.

Прокурордың азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарының бұзылуына онлайн-режимде ден қою мүмкіндіктері кеңейді, өйткені қылмыстық қудалау органдарының барлық негізгі шешімдерінің прокурордың келісімінсіз заңды күші болмайды.

Жинақталған дәлелдемелер мен күдіктілердің әрекеттерін саралау мұқият тексеріледі.

Мысал келтірсек, ағымдағы жылдың наурыз айының соңында, тергеу органы мердігерлердің біріне қатысты топырақты заңсыз өндіргені үшін тергеу бастаған.

 Прокуратурамен қылмыстық іс зерделеніп, кәсіпкердің автожол құрылысы кезінде қолданыстағы шартқа сәйкес, жарамсыз топырақ пен қоқысты шығарғаны анықталған.

Бұл жағдайда жер қойнауын өз бетінше пайдалану қарастырылмағанын ескере отырып, прокуратура іс жүргізуді тоқтатты және кәсіпкердің құқықтарын қорғап, бұғатталған арнайы техникалар иесіне қайтарылды.

Негізгі шешімдерді қабылдаудың тағы бір артықшылығы - артық бюрократиялық кідірістерді болдырмау және де тергеушілердің уақытын үнемдеу.

Үш буынды модельдің екінші кезеңін енгізу аясында ағымдағы жылдың қаңтарынан бастап, прокурорлармен тергеу процесін аяқтайтын, аса ауыр қылмыстар бойынша айыптау актілері жасалынады.

Келесі жылдан бастап барлық сыбайлас жемқорлық істері бойынша, ал 2024 жылдан бастап қалған санаттар бойынша айыптау актілері жасалынады.

Екінші кезең айыпталушыны сотқа беру кезеңінде, оның  жауапкершілігін жекешелендіріп қана қоймай, прокурордың  дәләлдемелерге тәуелсіз, құқықтық баға беру механизмін күшейтеді.

Бүгінгі таңда елордалық прокурорлармен 20 айыптау актісі жасалған, оның ішінде 2 іс бойынша үкім шығарылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша енгізілген қылмыстық процестің үш буынды моделі - заңның үстемдігін, әділдікті және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететіні сөзсіз.

 

 

Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының

Қылмыстық қудалау басқармасының бастығы Н.А.Тойчубеков

Дата публикации
25 мая 2022
Дата обновления
25 мая 2022
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Баспасөз релиздері
20 января 2023
Бала - мемлекеттің қорғауында!
18 ноября 2022
«Прокуратура туралы» Конституциялық заң азаматтарға не береді?

Социальные медиа

telegram
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы